• Басты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшумен кездесті
23 Қыркүйек, 2019 08:54

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшумен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшумен кездесті | Strategy2050.kz

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 11-12  қыркүйекте Қытайға барған алғашқы мемлекеттік сапарының қорытындылары мен жасалған келісімдері талқыланды. Сонымен қатар, қазақ-қытай  жан-жақты стратегиялық  ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен  даму перспективалары жайлы әңгімелесті.

Ли Чжаньшу Қазақстан Президентіне үлкен құрмет көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шынайы сәлемін жеткізді.

«Төраға Си Цзиньпин Сізді мемлекетті басқару ісінде өз көзқарасы бар, өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық маңызын терең түсінетін, тәжірибесі мол саясаткер ретінде жоғары бағалайды. Сондықтан екі елдің көшбасшылары арасында өте маңызды келіссөздер өтті. Сіздің еліңіз бізге жақсы дос, Сіз де байланыстарымыздың дамуына зор үлес қосып отырсыз», - деді Ли Чжаньшу.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы егемендік құқықтарды өзара құрметтеуге, айнымас халықаралық қағидаттарға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамуға негізделген достық байланыстарды атап өтті.    

«Шын мәнінде, біздің елдер арасындағы қарым-қатынас жөнінде маңызды, іргелі келісімдер жасалды. Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы мәңгілік стратегиялық сипатта. Бұл келісімдерге Сіздің де қосқан үлесіңіз орасан. Елімізде маңызды іс-шараға қатысасыз. Сізге сәттілік тілеймін!» - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.    

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды