• Басты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді
29 Мамыр, 2020 15:36

Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді

Мемлекет басшысы Ақмола облысы, Целиноград ауданына жұмыс сапарымен барды. Президент сапары «Hevel Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды. Аталған нысан биыл пайдалануға берілді, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қасым-Жомарт Тоқаев күн электр станциясын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы «жасыл энергетиканы» дамыту перспективасы жайында баяндалды. Қуаттылығы 100 МВт болатын электр станцияның құрылысына 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция салынған. Станция жылына 148 миллион киловат сағат электр қуатын өндіреді. Құрылыс жобасын салу барысында компанияның өз әзірлемесі, атап айтқанда, гетероқұрылымды екі жақты күн модулі секілді инновациялық технология пайдаланылған.

Мемлекет басшысы Қазақстандағы жаңартылған қуат көзін пайдаланудың маңыздылығын атап өтіп, электр станциясының қызметкерлеріне табыс тіледі.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды