- Басты
- Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді
Елордадағы проблемалы обьектілер құрылысын аяқтау үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 40 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың және тұрғын үй құрылыс кооперативтері төрағаларының жұмыс нәтижелері бойынша елордада проблемалы обьектілер саны 51-ден 48-ге азайып отыр. Бұл 71 тұрғын үйді қамтып отыр, оның ішінде 13054 үлескер бар. Проблемалы 3 обьект пайдалануға енгізіліп, тағы 7 обьектіні биылғы жылдың аяғына дейін енгізу жоспарда тұр. Ал 19 обьекті бойынша іс-қимыл жоспарлары айқындалды. Мұнда құрылысты салып бітіру үлескерлер мен инвесторларды тарту жолымен дербес жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ 29 ерекше проблемалы обьекті "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылы ы бағдарламасы аясында аяқталатын болады", - деді елорда әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, елордадағы проблемалы объектілердің құрылысы алдағы 3-4 жылда аяқталмақ.
"Астанадағы проблемалы обьектілердің құрылысын аяқтау үшін Ұлттық қордан 40 млрд теңге қарастырылды. Қазіргі таңда әкімдіктің уәкілетті ұйымы "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС 6 млрд теңгені игерді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 14 млрд теңгені игеруді жоспарланды. Ал қалған 20 млрд теңге 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілетін болады. Сөйтіп, асатанадағы проблемалы объектілердің құрылысы алдағы 3-4 жылда аяқталады. Жоспар бойынша 2019 жылы 10 объектіні, 2020 жылы 20 объектіні, 2021 жылы 7 объектіні, 2022 жылы 9 объектіні, 2023 жылы 4 объектінің құрылысы бітеді", - деді ол.
Бұдан бөлек, баспасөз мәжілісіне қатысқан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов тұрғын үйді іске қосу көлемі бірнеше есеге артқанын атап өтті.
"Республикамызда қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары тұрғын үй құрылысын белсенді дамуын қамтамасыз етті. 2005 жылдан бастап бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемі 2005 жылғы деңгейден 2,5 есеге артып, инвестициялар 4,6 есеге өсті. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде барлығы 141 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды", - деді комитет төрағасы.
Сондай-ақ Мархабат Жайымбетов атап өткендей, соңғы он жылда тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 31 пайызға өскен.
"Соңғы жылдары қолға шаралардың арқасында сонғы он жылда бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету 31 пайызға өсті. 2030 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз етуді бір адамға шаққанда 30 квадрат метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр. 2018 жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы бойынша 12,5 млн квадрат метр тұрғын үй салынды. Сонда бір адамға шаққанда - 0,68 квадрат метрден келеді. Бұл ТМД-ға мүше елдер арасында ең жоғары көрсеткіш. Мәселен, Ресейде - 0,56 квалрат метр, Беларуссияда - 0,40 квадрат метр, Өзбекстанда - 0,36 квдрат метрді құрайды", - деп атап өтті комитет төрағасы.
Назерке Сүйіндік
-
Біздің мақсатымыз экологияның проблемалық мәселелерін шешу-Ә.Назарбаева
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:31
-
А.Мұхамбетов: Нан бағасын ұстап тұру үшін қосымша қаржы бөлінді
Қостанай облысында нан бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен қсымша қаржы бөлінді. Бұл туралы аталған облыстың биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мухамбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
05 Желтоқсан 2019, 13:29
-
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны ресімдеу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі шектелмеген
4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтыла отырып, ХҚКО-да ажиотаж жасау қажет емес. Бұл жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген.
04 Желтоқсан 2019, 14:23
-
Алматы облысында қаруды сақтау тәртібін бұзудың 400-ге жуық дерегі анықталды
«Учаске» республикалық жедел алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысының полицейлері қаруды тіркеу және оны сақтау ережесін бұзған 385 тұлғаны анықтады.
04 Желтоқсан 2019, 11:42
-
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:08
-
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәжілісінде облыс басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 11:11
-
Қазақстан-Швейцария: Сауда айналымы 1,9 млрд долларды құрады
Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-саттық айналымы ағымдағы жылдың тоғыз айында 1,9 млрд долларды құрады. Бұл туралы елордада Швейцария Президенті – Федералдық Кеңесші Уели Маурердің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қараша 2019, 20:26
-
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 400 жас маман жолдама алды
Президенттік жастар кадр резервін іріктеудің келесі кезеңіне 400 жас маман жолдама алды. Бұл туралы Президенттік жастар кадр резервін іріктеу мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 13:23
-
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.
19 Қараша 2019, 17:43
-
Биыл балалары бар отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 162 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді.
18 Қараша 2019, 16:02
-
25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров
Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қор жалпы сомасы 300 млрд теңге болатын 143 мыңнан астам несие берген екен. Осы орайда Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Қордағы бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтып берді.
14 Қараша 2019, 17:52
-
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады. Бұл туралы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.
14 Қараша 2019, 13:37
-
Қазпошта Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды
«Қазпошта» АҚ Махатма Гандидің дүниеге келуіне орай 500 теңгелік номинал шығарды.Шараның арнайы қонағы Үндістан Республикасының Мемлекеттік Сыртқы істер министрі, Парламент істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Велламвелли Муралидхаран болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 16:46
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем төленді
2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.
11 Қараша 2019, 16:46
-
Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды
Қазақстан астанасында «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы кезінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 13:32
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды