- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі
«Астана Операда» Абайдың 175 жылдық мерейтойы атап өтіледі

Осы кеште сахна төріне театрдың жетекші солистері шығады: басты Абай партиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбаев орындайды, Айдар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш, Жиренше – Талғат Ғалеев. Ажар бейнесінде театр солисі «Құрмет» орденінің кавалері Айзада Капонова дебют жасайды. Кейіпкерлердің өзіндік интерпретацияларын солистер ұсынады: Әзім – Бейімбет Таңарықов, Қарлығаш – Салтанат Мұратбекова, Көкбай – Ержан Саипов, Сырттан – Болат Есімханов, Нарымбет – Ерұлан Камел, Мес – Шыңғыс Расылхан. «Астана Опера» симфониялық оркестрі мен хоры халықаралық байқаулардың лауреаты Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен өнер көрсетеді.
Мерейтойлық жыл аясында елордалық театрдың шығармашылық ұжымы 2020 жылға жоспарланған гастрольдің бір бөлігі ретінде шетелдік көрерменге А.Жұбанов пен Л.Хамидидің атақты «Абай» операсының қойылымын ұсынады.
«Астана Операда» Мұхтар Әуезовтің либреттосына сахналанған спектакльдің премьерасы 2015 жылғы 25 қыркүйекте өтті. Қойылымның музыкалық жетекшісі – театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев, қоюшы режиссер – Джанкарло дель Монако (Италия). Кеңесші режиссер – Қазақстанның Халық әртісі Есмұқан Обаев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Қоюшы режиссердің ассистенті – Еренбақ Тойкенов, жауапты концертмейстерлер – Елена Сахно, Ирина Кургузкина.
Операның көркемдік безендірілуін жасаған шығармашылық тандем – танымал сценограф Эцио Фриджерио мен «Оскар» сыйлығының лауреаты, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапино (Италия).
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді
-
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі
-
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар
-
Ирандағы Абай орталығында Наурыз мерекесі атап өтілді
-
Пандемия жағдайында Наурыз қалай атап өтіледі
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар
-
Елордада Салық Зимановтың 100 жылдығы атап өтілді
-
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді
-
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек

