• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары

«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары

27 Қыркүйек, 2021 13:33

Бүгін елордада «Astana Media Week» апталығының бірінші күні өтіп жатыр. Жиынның екінші сессиясы «БАҚ-тың даму стратегиясы» деген бөлімде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының даму стратегиясы өзгергенін атап өтіп, осы орайда қолға алынған шаралармен бөлісті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Бұқаралық ақпарат құралдарының функциясы өзгерді

Вице-министр Қазақстандағы БАҚ-тың даму стратегиясын анықтаған кезде саладағы әлемдік процестерді талдаудан өтіп, әлемдегі өзгерістерді сараптап, соған байланысты өзгеретінін атап өтті. Оның сөзінше, технологияның дамуы мен соңғы жылдағы әлемді жайлаған пандемияның әсерінен БАҚ стратегиясы да өзгеріске ұшырады.

«Біріншіден, біз ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы аудитория талғамының сипатын ғана емес, сонымен қатар индустрияның негізін де өзгертетінін көріп отырмыз. Егер бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары монополия болса және ақпарат біржақты таратылатын болса, енді интернет пен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты БАҚ та өзгерді. Ал, енді бұқаралық ақпарат құралдары функциясын өзгертіп, бұқаралық ақпарат коммуникациясына айналды. Енді бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, біріншіден, бұрынғыдай ақпарат беру емес», - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Осылайша, ол қазір барлығы әлеуметтік желілер арқылы ақпарат тарататынын тілге тиек етті. Оның пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдары үшін маңызды компонент - сол немесе басқа ақпараттың егжей-тегжейін нақтылау, мамандардың қатысуымен болып жатқан оқиғаның мәнін нақтылау және қажет болған жағдайда теріске шығару.

Фейк ақпаратпен күрес шаралары

Бұдан бөлек, вице-министр пандемия стратегия мен халықпен қарым-қатынастың жаңа әдістерін қайта қарау қажеттілігін тездеткенін еске салды. Пандемия көптеген түсіндірудің қате екенін, сонымен бірге фейк ақпараттардың тарауына ықпал еткенін де тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл көптеген мемлекет үшін, әсіресе, Қазастан үшін күрделі мәселеге айналды.

«Біздің міндетіміз - қоғамның қорқынышымен күресу болды. Көзқарасымызды өзгертуге тура келді. Бұрын көп болған фейктер көптер таралып, олардың алдын алу болды», - деп толықтырды ол.

Осы орайда, оның сөзінше, Stopfake.kz арнайы ресурсын құруға тура келген. Жоба «БАҚ үшін БАҚ» қағидаты бойынша жұмыс істейтінін, сайттың күнделікті материалдары ірі басылымдарда да жарық көріп отырғанын атап өтті.

«Пандемия басталғалы бері коронавирус, пандемия, вакцинация және жалпы Қазақстан туралы 1800-ден астам жалған ақпарат жоққа шығарылды. Нәтижесінде, карантин шектеулері, вакцинаның қауіптілігі туралы қате түсіндірмелер және т.б. туралы вирустық хабарламаларды тарату тоқтатылды», - деді ол.

Отандық БАҚ қалай дамып жатыр

Бұдан басқа, Кемелбек Ойшыбаев Қазақстандық БАҚ -тың даму стратегиясын өзгерте отырып, мемлекеттік БАҚ -ты өзгерту бойынша практикалық шаралармен де, заңнамалық сипаттағы ынталандыру шараларын жетілдіру бойынша да жұмыс істеліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, интернетте, әлеуметтік желілерде, видеохостингтер мен мессенджерлерде мемлекеттік БАҚ жұмысының белсенді түрде артуда.

«Қазақстан» мен «Хабар» мемлекеттік теледидар корпорациялары жобаларды интернет аудиториясына бейімдеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мазмұны тек интернетке арналған түрлі жобалар, подкастар мен сұхбаттар жарияланып жатыр. Бұл жерде айта кету керек, алға ілгерілеушілік бар. Мысалы, «Хабардың» YouTube арнасында 6,5 миллион қолданушы бар. Интернетте телешоуларды көру көрсеткіші артып келеді. Мысалы, «Келінжан» телехикаясы шоудың бірінші күнінде миллион рет қаралды. YouTube трансляциясында Қазақстан телерадиокорпорациясының жобаларын 6 ай ішінде қарау 300 миллионға жуықтады», - деді вице-министр.

Оның дерегінше, жетекші «ҚазАқпарат» мемлекеттік порталы қазіргі уақытта Қазақстанның ТОП-5 ақпараттық ресурстарына енгізілген. Жыл басынан бері оған 25 миллионнан астам қолданушы кірген. Қазақстан телерадиокорпорациясының сайтында 400 мың қолданушы бар.

Сонымен қоса, вице-министр 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда 4919 БАҚ тіркелгенін, бір жыл бұрын 4550 болғанын атап өтті. Демек, соңғы эылда 369 жаңа БАҚ тіркелген. Оның пікірінше, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары санының өсуіне қарағанда, елдегі БАҚ-тың даму стратегиясы мен тәсілі дұрыс қолданылуда.

Барлық жаңалықтар