• Басты
  • «Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары

«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары

28 Қыркүйек, 2021 14:19

Бүгін елордада «Astana Media Week» апталығының екінші күні өтіп жатыр. Оның «Жаңа, ковидтан кейінгі әлемдегі қоғам және БАҚ» панельдік сессиясына жиналған ақпарат, денсаулық саласының мамандары коронавирустан кейін әлемде болған өзгерістер, оның БАҚ беттерінде көрініс табуы және ковидтің салдарын туралы талқылады. Жиынға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пандемия кезіндегі ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтса, ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемия кезінде фейк ақпараттармен күрес жұмыстары және  халықпен байланыс орнату туралы айтты. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің мериалынан оқи аласыз.

Аида Балаева сөз басында медиа апталықтың алғашқы күнінде эфирге 4 мыңға жуық адам қосылғанын атап өтті. Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан және Украинадан келген 23 спикер өз баяндамаларын ұсынған. Сондай-ақ, ол ұжымдық иммунитетке ие болғаннан кейін жаңа кезең басталатынын жеткізді. Оның басты міндеті – адамдарға пандемиядан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қалай бағдарлану керектігін түсіндіру болып табылады.

«Бұл кезеңде негізгі соққы шағын және орта бизнеске тигенін білеміз. Менің ойымша, экономиканың бұл секторы айтарлықтай ауытқып кетті және көбінесе өз ісін басынан бастауға мәжбүр. Бұл ретте оның барлық өкілдерінің мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық хабардар болуы өте маңызды. Себебі олар жаңа жағдайда сұранысқа ие болатын жаңа экономикалық таңдау алдында тұр», – деді А.Балаева.

Министр мемлекет басшысының экономиканы тез қалпына келтіру міндетін қойып отырғанын тілге тиек етіп, коронавирус пандемиясына байланысты белсенділігі күрт төмендеген ШОБ өкілдерінің жалпы халықтың мемлекеттік органдар тарапынан ақпаратқа толық және уақтылы қол жеткізуін қамтамасыз ету аса маңызды екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол бизнес пен халықты ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету формалды емес, барынша тиімді әрі сұраныстарға толық жауап беруі тиіс екенін атап өтті.

«Бұл бизнестің болашағын экономикалық бағалау үшін жақсы негіз бола алады. Үкімет коронакризистің сын-қатерлеріне жауап берудің нақты алгоритмін әзірледі, бұл алдағы кезеңде экономиканың түрлі секторларын дамыту үшін негіз болады. Аксиома инфекциямен күресті жалғастыру, осы жұмыстың қарқынын сақтау болып қала береді», – деді министр.

Оның айтуынша, министрлік журналистер жұмысындағы кез келген кедергілерді жоюды және олардың кәсіби жұмысына көмектесуді басты міндет деп санайтынын атап өтті.Осыған байланысты министр ақпаратқа қол жеткізу саласындағы өзгерістерге тоқталып өтті. Оның сөзінше, 2015 жылы ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылданған сәттен бастап тұжырымдамалық өзгерістер енгізілменін айтты.

«Осыған байланысты қажетті түзетулер пакеті әзірленді, оған Президент 2020 жылғы 30 желтоқсанда қол қойды. Осылайша, барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар мен бөлімшелер анықталды», - деді министр.

Сондай-ақ, ол биылғы жылы Үкімет Мемлекет басшысына алғаш рет ақпаратқа қол жеткізу жағдайы туралы есеп енгізетінін, ақпарат иелерінің тізбесі кеңейтілетінін еске салды. Олардың қатарына Орталық жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін орындаушылар және мемлекеттік органдарға заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілер мен бюджеттік бағдарламалар жобаларының қоғамдық талқылауының басталғаны туралы интернет -ресурста ақпараттық хабарламаларды қамту туралы талап енгізілген.

Министр сын министрліктің атына түсетінін атап өтті. Осыған байланысты журналистерді әдеттегі жұмыс форматына қайтару бойынша шаралар қабылданып жатырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту шаралары туралы да айтылады.

«Біз журналистердің өтінішіне бей -жай қарамаймыз. Біз журналистерді әдеттегі офлайн жұмыс форматына қайтаруға бар күшімізді саламыз. Барлық мемлекеттік органдар қол жетімді болды», - деді министр.

Сөз сонында министр адамдар арасындағы алаңдаушылық деңгейін төмендету үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары халықтың назарына ұсынылуы қазіргі уақытта барлық тараптар үшін маңызды екенін атап өтті.

Жиынға қатысқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пандемия жағдайында фейк ақпараттармен күрес жұмыстары және халықпен байланыс орнату туралы айтып берді. Оның сөзінше, коронавирустық пандемиясы бүкіл адамзат үшін ең үлкен жаһандық сын-қатерге, экономика мен қоғамға, жеке қауымдастықтарға және әр отбасына соққы болғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, вирустың кең таралуы мен аурудың өршуі салдарынан халық қолда бар ресурстарға бұрын-соңды болмаған жүктемеге төтеп бере алмай, Денсаулық сақтау жүйесінің дағдарыстарға ең төзімді осалдығын көрсеткенін атап өтті. Оның атуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен жылы инфекциямен күресу стратегиясында пандемияның үш белгілерін анықтаған.

«Вирустың таралып, ауру өршіп, денсаулық саласындағы дағдарыс кезінде бар ресурстарға жүктемелерді байқадық. Былтыр ДДСҰ инфекциямен күрестегі стратегиясында пандемия белгілерін айқындайтын үш негізгі бағытты айтқан болатын. Біріншісі, жылдамдығы мен ауқымы. Ауру жұқтыру әлемнің түкпір-түкпіріне тарады», - деді Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол вирустың тез таралғаны соншалық денсаулық жүйесінің ең тұрақты деңгейіне де әсерін тигізгенін атап өтті.Оның айтуынша, екіншісі бағыты ауырлық дәрежесі екен.

«Жалпы жағдайдың 20%-ы ауыр немесе өте ауыр деп бағаланып, қосымша ауруларына және жасына байланысты көбейе береді. Ал үшіншіден денсаулық сақтау мен әлеуметтік сала әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыруды өткерді», - деді министр.

Министрдің айтуынша, пандемия кезінде халық жоғары қысымға тап болды. Сондай-ақ толық ақпараттың жетіспеушілігі сезілген.

«Себебі бұл – жаңа індеттің бір түрі. Онымен әлемде қалай күресу керегін ешкім білмеді. Сондықтан әр қадам халықаралық қауымдастықпен бірлесе шешіліп, жеке түсіндіру арқылы жүргізілді. Байқағанымыздай, қажетті дәрі-дәрмекке, ПТР тестке және COVID-19-бен күрес кезіндегі жұмыстарды қолдау бойынша сұраныстарға, жеке қорғаныш құралдарына жетіспеушілік болды», - деді Алексей Цой.

Министрдің мәлімдеуінше, осы ретте мемлекет тез арада әрекет етіп, үкімет ведомствоаралық комиссия жұмысын құрып, әр қадамды қатаң бақылаған. Сондай-ақ, ол қазір елімізде жеке лаборатиялардың әлеуеті көтерілгенін тілге тиек етті.Бұдан-бөлек, елімізде 17 жаңа жұқпалы аурулар емханасы салынған және жедел жәрдем көліктерімен 100% қамтамасыз етілген.

«Ең маңызды мәселенің бірі – қоғаммен байланыс болды. Ол үшін арналар тұрғындарға объективті ақпаратты жеткізу бойынша жұмыс істеді. Осы ретте дұрыс ақпарат көзін таңдау маңызды болды. Ақпарат және қоғаммен байланыс министрлігінің coronavirus2020.kz сайты мен Денсаулық сақтау министрлігінің арналары халыққа объективті ақпаратты жеткізумен айналысты», - деді ол.

Айта кетейік, сессияға ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро, БҰҰ-ның ҚР-дағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және Еуропалық хабар тарату одағы Бас директорының орынбасары, БАҚ жөніндегі директоры Жан Филип Де Тендер, "Nur Media" холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" АҚ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова қатысты.

 

Барлық жаңалықтар