• Басты
  • АMW: Бейнекоммуникацияның маңыздылығы және тақырыптық контентті дамыту
13 Қыркүйек, 2019 12:53

АMW: Бейнекоммуникацияның маңыздылығы және тақырыптық контентті дамыту

Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең ірі басқосу Astana media week шарасының соңғы күнінде талқыланған бейнекоммуникация саласындағы жаңашылдықтар туралы ресейлік және қазақстандық мамандар айтып берді.

АMW: Бейнекоммуникацияның маңыздылығы және  тақырыптық контентті дамыту  | Strategy2050.kz

Ресейлік журналист, медиа менеджер Алексей Пивоваров өзінің тәжірибесімен бөлісті.

«Мен 6 жыл бұрын телевизиядағы журналист ретіндегі жұмысымнан кеткен кезде, менің тәжірибем ешкімге керек емес және қолданылатын нарық жоқ, Ресейдегі тележурналистика өзгерді, өлді деп ойладым. Бірақ, биыл мен you-tube каналымды аштым. Бұл you-tubе-тың бұрыннан бары белгілі болса да, осы күні сияқты монеталанбаған еді. 3 жыл бұрын ол айналым жинап, белгілі бір ауиторияға қол жеткізді», - деді ол.

Өз кезегінде Дмитрий Родченко қазіргі заманғы трендтер туралы айтып өтті.

«Трендер туралы айтатын болсақ, негізінде танымалдылықтың келуі, белгілі бір сұранысқа жауап беруінде болып табыладды.Қазір адамарда 50 минуттан астам бейнелерге қажеттілік пен сұраныс туып отыр. Егер де, 5 жыл бұрынғы "ютубты" салыстыратын болсақ, ол кезде бұл әлеуметік желінің қолдану деңгейі төмен болды. Қазір жағдай басқаша, адамдар контентке үйренген, өздері іздеп тауып, көреді» - деді ол.

Ал қазақ тілді контентті дамту туралы 8 жыл бұрын  3 ағайынды ашқан pazl каналының негізін қалаушы Әли Даутқанов қазақ тілді аудиторияның сұранысы туралы айтып берді.

«Бізде үш адам жұмыс істейді. Мен және екі інім.Біз автор ретінде контентті бөлшектерден, яғни pazl-дардан құрастырамыз. Жылдың басында біз 3 айлық консультаиялық-шеберлік сыныбына қатыстық. Біз өзіміз үшін платформаның көптеген жаңалықтарын аштық.Себебі, платформаның өзінде көп ұстанымдар бар», - деп түсіндірді Әли Даутқанов.

Сонымен қатар, ол қазақстандық аудитория 2 жыл ішінде әбден іріктеліп, серпінге ие болғанын айтты. 

"Батыстық авторлар бізге қарағанда әлдеқайда ілгері келе жатқаны белгілі.Кейін, ресейлік нарықта блогерлер мен тақырыптық контент жасайтын мамандар пайда болды. Ол белгілі бір салаға қатысты түсіндіру, кеңес беру және насихаттау бойынша контент болуы мүмкін.Қазақстандық you-tube арнасына да тақырыптық контент жетіспейді. Өте аз. Мәселен, медицинаға қатысты контент жасау үшін, дәрігерге қалай бару, өзге де кеңестерді ұсыну арқылы материал дайындауға болады”, - деді ол. 
Сондай-ақ, Ә.Даутқанов қазақстандық авторлардың кемшілігі туралы айтып өтті.

“Көп авторлар атышулы арзан оқиғалар тез қаралым жинайтынын көріп,соны қайталай бастайды. Ал, тақырыптық каналда ешкімнің жұмыс істегісі келмейді. Тақырыптық каналдар жалпы you-tube-ты дамытатын болады.Себебі ,плаформаның өзі білім беру контентіне көп көңіл бөледі. Кей елдерде тақырыптық контентті дамыту үшін үлкен гранттар беріледі”, - деді ол. 
Оның айтуынша, қазақстандық аудиторияға қазақ тілді контент ауадай қажет.

“Ресейде өз блогерлері бар.Оларда көбіне ойын-сауыққа қатысты контент болады. Аудитория қазақ тілді контентті көргісі келеді. Бастапқыда контент “сұр” тақырыпта шықты. Ешқандай тақырыптық контент болған жоқ. 2 жыл бұрын белгілі бір тақырыпты қаузайтын тақырыптық контенттер пайда болды.Олардың тақырыптары өте жеңіл болса да, белгілі бір тақырыпты қамтыды. Бұл үрдістің әлеуеті өте жоғары әрі тез дамыды”, - деді ол. 

Айта кетейік, дәстүрге айналған Astana media week медиа саласындағы жаңалықтар мен бастамаларды, жаңашылдықтарды талқылайтын ашық алаң.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды