• Басты
  • Astana Hub: Жас қазақстандықтар Startup Explore бағдарламасы бойынша тегін оқи алады
22 Қазан, 2020 11:53

Astana Hub: Жас қазақстандықтар Startup Explore бағдарламасы бойынша тегін оқи алады

Орталық Азиядағы ірі IT-стартаптар технопаркі Astana Hub HexGn халықаралық зерттеу және консалтингтік ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Astana Hub: Жас қазақстандықтар Startup Explore бағдарламасы бойынша тегін оқи алады

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ынтымақтастық аясында Hexgn жоғары сынып оқушылары мен қазақстандық студенттер үшін Startup Explore бағдарламасын іске қоспақ. Бағдарлама тегін оқуға арналған грант орындарын ұсынады.

«Startup Explore бағдарламасы - бұл инновациялық экономика саласындағы мамандарды оқытуға және даярлауға бағытталған 24 апталық преакселерациялық бағдарлама. Бағдарлама аясында жасанды интеллект, финтех, киберқауіпсіздік, электрондық коммерция және т. б. салалардағы сарапшылармен теориялық және практикалық сабақтар өтетін болады», делінген хабарламада.

 

Startup Explore бағдарламасы өзінің стартап-жобасын құрып, IT-индустрияны дамытудың перспективалық бағыттарын зерделеуді және инновациялық экономикада жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытуды жоспарлап жүрген жастар үшін пайдалы болмақ.

Сонымен қоса айта кету керек, оқу бағдарламасы онлайн өтеді, бағдарламаға қатысу үшін өтінім барлық қазақстандық студенттер мен жоғары сынып оқушыларынан 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады. Бағдарламаның оқу тілі - ағылшын.

Оқу бағдарламасы 2020 жылдың 2 қарашасында басталады. Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға Startup Explore өткендігі туралы сертификат берілетін болады.

Өздігімен тіркелу үшін - https://hexgn.com/explore-startup/ , оқу орнын тіркеу үшін - https://hexgn.com/for-colleges/ сілтемелеріне өту қажет.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100