Astana Hub Startup Village Livestream ірі технологиялық конференциясына қатысты

26 Мамыр, 2020 11:40
2020 жылдың мамырында  “Сколково” Қоры онлайн форматта Startup Village Livestream ‘20 ірі технологиялық конференцияны өткізді. Іс-шара сайтында ұйымдастырушылар 130 мың адамнан астам келушілерді жинай алды, ал барлығы басқа ресурстарда  жүздеген  адам  конференцияны қарады, деп хабарлады Strategy2050.kz Astana hub-қа сілтеме жасай отырып.

Astana Hub-та жаңа форматта дәстүрлі түрде қатысты. Көрменің жаңа форматы мен мәні туралы Astana Hub-тың халықаралық қатынас пен инвестициялар департаментінің бас менеджері Алина Катренова өз пікірімен бөлісті.

“Біз Startup Village-де екінші рет қатысып жатырмыз. Ағымдағы конференцияның тақырыбы “The art of innovation. Startup as masterpiece”. Осы жылы “Сколково” қорымен серіктестік аясында біз іс-шараға аймақтық серіктес ретінде шақырылдық. Көрме онлайн-конференция форматында өтті, бірақ бұл оның мәнін мүлдем кішірейтпеді. Платформаны цифрлық форматқа ауыстырудың қысқа мерзімдерін ескере отырып, ұйымдастырушылар жақсы дайындық жұмыстарын жүргізгенін атап өткім келеді. Startup Village-дің негізгі бөлігінің бірі - нетворкинг. 

Конференцияға қатысушылардың арасындағы байланыстырушы рөлін SUV Matchmaking технологиялық шешімі атқарды. Ол кез-келген инвестормен, спикермен, стартаппен немесе корпоративті өкілмен сөйлесуге мүмкіндік берді. Басты оқиға төрт бағыттағы - IT, Biotech, Industry Tech және Energy Tech -  стартаптар сайысының финалы болды. Финалистер 24 миллион рубльден тұратын жүлде қорын өзара бөлді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 135 адам қатысты, олардың 10-ы Astana Hub өкілдері. Бұлардың көбі Ресей нарығына шығуға мүдделі жобалардың негізін қалаушылары. Потенциалды серіктестік туралы жүргізіліп жатқан келіссөздер өз жемісін бергенде, стартаптарымыздың қатысуының маңызды жетістіктері мен нәтижелерімен болашақта бөлісетін боламыз. Бір қызығы, қатысу кезінде энергетика саласындағы ресейлік стартап жобасының негізін қалаушысы, отандасымыз, бізбен байланысқа шықты. Ол Қазақстан нарығына шығуға қызығушылығын білдірді, кейбір бағыттар бойынша кеңес беруді, Astana Hub-пен ынтымақтастықты қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, біз БАӘ-де орналасқан стартап хабтан біздің Технопарктердің арасында байланыс орнату туралы ұсыныс алдық. Бұл Астана Хабтың одан әрі дамыту, байланыстар базасын кеңейту және Таяу Шығыстағы технологиялық іс-шараларға Технопарктің қатысу мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Astana Hub баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрмені цифрландыру Startup Village Livestream ‘20 көрермендердің қызығушылығының едәуір артуының себептерінің бірі болды: конференцияға екі апта қалғанда оған 9 мыңға жуық адам тіркелді - бұл санды бұрын ұйымдастырушылар конференцияға бірнеше күн қалғанда ғана белгілеген. 

Конференцияны онлайн форматқа шығару шешімі толықтай түсінікті - коронавирус пандемиясы мен оған байланысты іс-шараларға тыйым салу.

Айта кетейік, Startup Village - “Сколково” Қоры ұйымдастыратын халықаралық конференция.  Оның басты мақсаты - технологиялық кәсіпкерлердің табысты кәсіпкерлермен, ірі өнеркәсіпшілермен, инвесторлармен, лауазымды тұлғалармен және бір-бірімен байланысы. 2020 жылы бұл Ресейдегі алғашқы виртуалды конференция және жаңа цифрлік форматтағы осы жылдың басты тегін hi-tech іс-шарасы.


Барлық жаңалықтар