- Басты
- Жаңалықтар
- Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі үш жыл ішіндегі өз қызметінің қорытындыларымен таныстырды. Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев технопарк қатысушылары салық жеңілдіктерін алатынын айтып өтті. Сондай-ақ, жиында Alem бағдарламалау мектебінің қызметі, стоматологияларды автоматтандыруға арналған “MacDent” онлайн-сервисінің ерекшелігі және ApartX компаниясының жетістіктері туралы айтылды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.
Astana Hub технопаркінің міндеті
Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев Astana Hub технопаркінің міндетімен таныстырып өтті. Оның айтуынша, Astana Hub технопаркі инновациялық жобаларды дамыту, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарын тарту бойынша қызмет етеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Astana Hub-қа 574 компания қатысатынын атап өтті.
«Олардың жалпы кірісі 166 млрд теңгені, ал тартылған қаржыландыру көлемі 56,5 млрд теңгені құрады. Технопаркте шетелдік қатысуы бар 54 компания тіркелген», - деді бас директор Мағжан Мәдиев.
Оның мәліметінше, технопаркке қатысушылардың ішінде шетелдік жұмысшылар саны 184 адамды құрайды. Сондай-ақ, ол ІТ-қауымдастығын дамыту үшін 1000-нан астам іс-шара өткізілгенін атап өтіп, оған 55 000 тыңдаушы қатысқанын мәлімдеді.
Қатысушылар салық жеңілдіктерін алады
Технопарк директорының айтуынша, технопарк қатысушылары салық жеңілдіктерін алады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік беретінін жеткізді.
«Осылайша, үш жыл ішінде технопарк қатысушылары үшін салық бойынша үнем 14,9 млрд теңгені құрады», - деді Мағжан Мәдиев.
Қазақстандықтарға IT - мамандықтарды оқыту
Сондай-ақ, Astana Hub ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің қолдауымен қазіргі уақытта Tech Orda бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама қазақстандықтарға IT - мамандықтарды оқытуға 600 000 теңге көлемінде қаржыландыру алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2021 жылы бағдарлама алғаш рет іске қосылған. Осы орайда, 100 қазақстандыққа жетекші бағдарламалау мектептерінде оқуға квота береді. Бағдарламаға Қазақстан бойынша 13 IT-мектеп (Нұрсұлтан, Шымкент, Алматы, Қарағанды, Орал, Семей, Ақтау) қатысуда. Жалпы бағдарлама аясында алдағы бес жылда, бүкіл Қазақстан бойынша үздік бағдарламалау мектептерінде IT-мамандарды оқытуға 20 000-нан астам грант беру жоспарланып отыр.
«Жыл соңына дейін еліміз бойынша 100 студент мемлекет есебінен IT-мамандықтары бойынша оқыту курстарынан өтеді. Келесі жылы квоталар саны 2000-ға дейін артады, ал 2025 жылға қарай Tech Orda бағдарламасының арқасында біз 20 000 IT-кадр дайындауды жоспарлап отырмыз», - деді Мағжан Мәдиев.
Сондай-ақ, ол Технопарк білім беру бағдарламаларымен қатар стартаптардың дамуын жеделдететін және олардың табысқа жету мүмкіндігін арттыратын бизнес-бағдарламаларды да жүзеге асыратынын айтып өтті.
«Мәселен, стартаптарды бастапқы кезеңде біз 849 жобадан өткен инкубаторға орналастырамыз. Олардың ең жақсысы акселераторға өтеді. 2018 жылдан бері акселерацияның 9 легі өтті, түлектердің жалпы саны 232 стартапты құрады. Келесі кезеңде қоғамдастық қатысушылары салықтық преференциялар түрінде қолдауға қол жеткізе алады», - деп түсіндірді Мағжан Мәдиев.
Alem бағдарламалау мектебі
“Әлем” бағдарламалау мектебінің басқарма төрағасы Дагар Давлетов технопарк аумағында Alem бағдарламалау мектебі де жұмыс істейтінін айтып өтті. Аталған мектепте қазіргі таңда 200-ден астам адам білім алады. Оның айтуынша, студенттер өте дарынды, мақсатқа ұмтылған, тіпті кейбіреулері дағдыларының арқасында халықаралық IT-компанияларға жұмысқа орналасқан.
«Мысалы, Әділбек Тұрсынбек – Alem мектебінің ең жас студенті, ол 17 жаста. Биыл ол мектепті бітіріп, Microsoft-та қашықтан әзірлеуші болып жұмыс істейді. Alem - де осындай талантты, серпінді студенттер өте көп», - деді Alem бағдарламалау мектебінің басқарма төрағасы Дагар Давлетов.
ApartX компаниясының жетістіктері
Брифингте халықаралық технопарктің қатысушысы болып табылатын ApartX жас IT-компаниясы да өз жетістіктерімен бөлісті. ApartX қызметі - бұл күнделікті жалға берілетін жылжымайтын мүлік иелеріне арналған мобильді қосымша. Қосымша ақылды құлыптар көмегімен объектілерді қашықтықтан және қауіпсіз басқаруға мүмкіндік береді. Бүгінде жоба тобында 12 адам жұмыс істейді. Стартап 7 қалада ұсынылған, олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау және Мәскеу. Компания өз өнімін түрлі елдерге экспортқа шығару үшін белсенді түрде жұмыс істеуде.
ApartX компаниясының негізін қалаушы Қанат Келдібековтің мәлімдеуінше, жарты жыл ішінде жүйеге 100 пәтер қосылған және платформа арқылы 9000-нан астам брондау өткен. Ол Қазақстанда және Ресейде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Мәскеуде іске қосылған.
«Жергілікті жалдау алаңымен интеграцияны іске қостық және 100 000 $ алдын-ала тапсырысқа ие болып отырмыз. Әрбір жұмсалған доллар бізге 6 доллар кіріс әкеледі. Біз ақылды құлып өндірушісімен ең арзан бағаға эксклюзивті келісім жасастық», - деді Қанат Келдібеков.
Стоматологияларды автоматтандыруға арналған онлайн-сервис
Astana Hub акселерация бағдарламасының түлегі болып табылатын тағы бір компания, Makdent - стоматологияларды автоматтандыруға арналған онлайн-сервис. Mac Dent сервисі стоматологиялардың өз клиенттерімен әрекеттестікті жақсарту үшін әзірленген. Ол клиенттерді жазу, қабылдау және қайтару үдерістерін автоматтандырады. Сервистің көмегімен клиенттердің адалдығы артып, қызметкерлердің қағаз жүктемесі азаяды. Сондай-ақ, клиниканы басқару процестері айқын болады.
«Мұның бәрі уақыт шығындарының төмендеуіне әсер етеді, клиниканың кірісі мен оның пайдасы артады. Акселерация аясында алынған білімнің арқасында компания енді өз өнімін басқа елдерге белсенді түрде кеңейтуде. Біздің сервисті Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде 200 - ден астам стоматология пайдаланады», - деді Мақпал Оразқызы.
Баспасөз брифингі аясында енді қазақстандық стартаптар Plug and Play бағдараламасы арқылы акселерациядан өте алатыны белгілі болды. Plug and Play Tech Center — штаб-пәтері Кремний алқабында орналасқан әлемдегі ең ірі акселератор және инвестор болып табылады. Олардың платформасы 40 000-нан астам стартаптарды, 500-ден астам жетекші әлемдік корпорацияларды, соның ішінде университеттер мен мемлекеттік мекемелерді, сондай-ақ 300-ден астам венчурлық қорларды, университеттер мен мемлекеттік мекемелерді біріктіреді. Жыл сайын Plug and Play бүкіл әлем бойынша стартаптарға $25,000-нан $500,000-ға дейінгі көлемде қаржы салады. Plug and Play Kazakhstan корпоративтік акселераторы Astana Hub пен «Транстелеком» АҚ ынтымақтастығы аясында іске қосылады. 20 ІТ-стартап Кремний алқабындағы сарапшылардың тәлімгерлігімен дағдыларды игеріп, инвестициялар тарта алады, сондай-ақ ірі пилоттық корпорацияларды бастап, Playbook Plug and Play платформасында орналасады. Акселераторға әлемнің түкпір-түкпірінен IT-командалар қатысады. Сондықтан қазақстандық компаниялар басқа елдердің командаларымен қарым-қатынас жасайтын болады.
Венера Жоламанқызы
фото:
Ашық дереккөз
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар