- Басты
- Жаңалықтар
- Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады
Astana Hub: Инвесторларға арналған курсқа қалай қатысуға болады
Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі инвесторларды оқытуға арналған жеке онлайн-мектебін іске қосады. Investors School - бұл бизнес иелері және бизнес-періштелер үшін венчурлық инвестициялау бойынша қарқынды оқыту курсы. Бұл 12-14 қазан аралығында ZOOM онлайн-платформасында өтеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Курс бағдарламасы технологиялық компанияларды бағалау және инвестициялау әдістемесі туралы тұтас идеяны қалыптастыруға бағытталған.
Қатысушылар үшін басты шарт — меншікті капиталдың болуы және венчурлық қаржыландыру саласында жаңа білімге ұмтылу, инвестиция салуды бастау ниеті. Курсқа капиталы бар ірі бизнес иелері, инвестициялық мәмілелерде тәжірибесі жоқ; бизнес-періштелер, корпоративтік сектордың топ-менеджерлері, табысты кәсіпкерлер қатыса алады.
Бағдарламаның екі ағынының қорытындысы бойынша инвестор мектебінде 81 инвестор мен бизнес-періштелер оқытылды. Investors School-ға қатысу үшін барлығы 580-ден астам өтінім қабылданды.
Investors School-ға қатысу үшін өтінім берудің соңғы мерзімі:
3-лекке қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі - 9 қазан.
4-леккен қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі - 5 қараша.
Онлайн-инвесторлар мектебінің түлектері оқу қорытындысы бойынша осы жылдың 13 қарашасында ZOOM онлайн платформасында өтетін Astana Hub-тан эксклюзивті Invest Day-ға шақыру алады. Invest Day - бұл инвестициялық тартымды стартаптар мен технологиялық жобаларға қаражат салуға дайын венчурлық инвесторлар үшін бизнес-платформа.
Стартаптарға қойылатын негізгі талаптар - технологиялық шешімнің, жұмыс өнімі мен клиенттердің болуы. Стартап саласында шектеулер жоқ. Қазақстанның экожүйесінің үздік он стартабы әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелер алдында жобаның презендациясын жасайды. Іс-шараға қатысу сіздің жобаңыз үшін инвестор табуға мүмкіндік береді.
Invest Day шарасына қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі - 1 қараша.
Invest Day шарасына тіркелу: https://investschool.astanahub.com/investday
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр
-
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады

