• Басты
  • Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды

Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды

12 Наурыз, 2021 15:38

Astana Hub Invest Day-ге өтінімдер қабылдауды бастады. Үздік 10 стартап өз жобаларын жетекші инвесторларға ұсынуға мүмкіндік алмақ, деп хабарлады Astana Hub баспасөз қызметі.

2021 жылдың 15 сәуірінде Орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ең үлкен технопаркі Astana Hub инвестициялық тартымды стартаптарды, сондай-ақ Қазақстандағы венчурлық капитал нарығының маңызы аса зор оқиғаларының бірінде перспективалық жобаларға ақша салуға дайын отандық және шетелдік венчурлық инвесторларды біріктіреді.

Invest Day Astana Hub - бұл инновациялық стартаптардың санын көбейтуге, серпінді шешімдерді енгізуге, технологияларды енгізуге, өз жобаларын жариялайтын, венчурлық капитал нарығындағы сарапшылардан кері байланыс алатын және соңында өз жобасына инвестиция тартатын инноваторлар мен стартаптарды қолдауға бағытталған іскерлік алаңы.

Қазақстаннан және шетелдерден шыққан үздік он стартап өз өнімдерін әлеуетті инвесторлар мен бизнес-періштелеріне ұсыну мүмкіндігіне ие болады, ал инвесторлар ең жақсы стартаптарға ақша салып, тең инвестор табуға мүмкіндік алады. Мысалы, 2020 жылы осы іскерлік алаң CTOgram және ToiDriver стартап-жобаларына $ 200 мың инвестиция тартуға көмектесті.

Стартаптар не алады:

• питч декке (презентация) дайындық бойынша кәсіби трекермен жеке кеңес;

• трекермен презентация жасауды пысықтау (питчке дайындалу);

• инвесторлармен және венчурлық қорлармен сөйлесу мүмкіндігі;

• инвестормен 50 минуттық жеке кездесу (егер инвесторды қызытырса).

Astana Hub технопаркі баспасөз қызметінің хабарлауынша, стартаперлерге қойылатын басты талап - технологиялық шешімнің, жұмыс істейтін өнім мен клиенттердің болуы. Стартаптың қызмет аясында ешқандай шектеулер жоқ.

Іс-шараның серіктестері - UVCA, InVenture, TA Ventures, ICLUB, Разведка боем, MOST Ventures Found, Yellow Rockets, Central Asian Angel Investors Club, QazAngels Бизнес-періштелер клубы, KASE. Өз кезегінде, Invest Day-ге арналған төрт іс-шараның қорытындысы бойынша 35-тен астам венчурлық инвесторлар мен бизнес періштелер қатысты, оның ішінде 500 стартап, Plug and Play, Sturgeon Capital, MCI Capital, Acrobator Ventures, Tuz Ventures, Fort Ross Ventures, Quest Ventures, Еуропалық бизнес періштелер қауымдастығы, сондай-ақ Мұрат Абдрахманов, Марат Толебаев және басқалары.

Инвесторлар не алады:

• ең үздік жергілікті және шетелдік стартаптарды қарастыру;

• инвестициялық портфельді қалыптастыру;

• тең инвестор табу;

• «Deep Dive» сессиясына кіру мүмкіндігін алу (таңдаулы жобалармен жеке кездесулер).

Стартаптарға өтінім берудің соңғы мерзімі - 28 наурыз сағат 18: 00-ге дейін, инвесторлар үшін - 12 сәуір сағат 18: 00-ге дейін.

Барлық жаңалықтар