• Басты
  • Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды
11 Қараша, 2019 13:32

Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды

Қазақстан астанасында «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы кезінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды

Ауқымды зерттеу жұмысының қорытындысы туралы сарапшыларға жоба жетекшісі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры (ӘЭСИ) Ержан Салтыбаев ғылыми-зерттеудің маңыздылығы туралы айтып өтті.

1.jpeg

«Жыл сайынғы рейтинг әзірлеу кезінде біз оның ғылыми-зерттеу мәні мен қолданбалы әлеуетін тереңдетуге үлкен назар аударамыз. Биыл бізбен бірге жобаны дайындауға халықаралық сараптама орталықтарының жетекшілері мен беделді саясаткерлер және дипломаттарды қосқанда әлемнің 40 сарапшысы қатысты. Біз сондай-ақ мәселелерге жеке көзқарастарын білдірген сұхбаткерлердің де ауқымын кеңейттік. Былтыр 60 елден 1000-ға тарта азаматтарды қатыстырсақ, биыл 70 елден 1 100 адамды тарттық. Яғни, іріктеме аясы өте кең»,- деді баспасөз конференциясы кезінде Ержан Салтыбаев.

   Жылсайынғы рейтингті әзірлеудегі басты мақсат – Еуразия аймағындағы мейлінше өзекті сын-қатерлерді сценарлық болжау мен бағалау.

ПИР-орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский (Ресей) киберқарулар  туралы тарқатып айтып берді.

2 1.jpeg

«Киберқарулар қауқары жағынан ядролық қарудан да асып түсуі мүмкін. Бұл саланы қалай реттеуді әзірге ешкім білмейді. Бөліп жару қиын, мемлекет пе, әлде мемлекеттік емес құрылым ба. Сол себепті киберқарулар террористік мақсатта қолданылатын болса, әрине бұл қорқынышты. Қазір онсыз да сенім аз. Ресей Федерациясының батыс серіктестерімен, бірінші кезекте АҚШ пен арадағы сенімді айтуға болады. Мұнымен қоса кибершабуылдар жүріп жатыр. АҚШ-тағы сайлауға Ресейдің араласуы туралы түсініксіз әңгіме бар. Мемлекет араласты деп айтып жатыр. Егер қандайда бір араласу болса бұл сөзсіз мемлекет емес. Киберден басқа жасанды интеллект секілді цифрлық қарулар барын атап өтті, - деді ол.

Словения президенті (2007-2012) Данило Тюрк сенім деңгейі төмендеп кеткенін айтты.

3.jpeg

«Сенім деңгейі төмендейді. Бұл шешуді қажет ететін іргелі саяси проблема. Біз бүгін геосаяси жағдайларды талқылап отырмыз. Сенімнің нашарлауын байқап отырмыз. Ракеталар ешқайда орналаспауы керек. Бұл дегеніміз – орналастырудан бас тарту. Екіншіден, осы жағдайды реттеу үшін бейресми процестерді бастау керек. Сенім деңгейі айтарлықтай төмендеп жатқанда қандай да бір келіссөздер жүргізу қажет. Мұны ұйымдастыруға болады. Бүгін біз Қазақстанда кездесіп жатырмыз. Процестерге бастама білдіруде Қазақстанның тәжірибесі мол, - деді Тюрк. 

ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаев, жұмыс қорытындысына сәйкес, негізгі сын-қатерлер қатарына сауда соғысы, зымыран-ядролық жарысы, сонымен бірге жаңа технологиялар саласында басып озуға бағытталған күрестің енгенін айтты.

Көрсетілген мәліметтерге сәйкес Еуразия 2020 үшін маңызды сын-қатерлер рейтингісіне келесі мәселелер енді:

1.     2020 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлаудан кейінгі ахуал

     АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп жаңа мерзімге қайта сайлану кампаниясын бастап кетті. Алайда қарсыластары оны импичментпен қорқытуда. Әлемнің жетекші державасының саяси дамуындағы белгісіздік бүкіл Еуразия үшін елеулі сын-қатерге ұласуы мүмікн.

2. Жаһандық экономикалық құлдырау

Дүниежүзіне ықпал ететін кезекті экономикалық дағдарыс дамушы елдердегі экономикалық мәселелердің салдарынан орын алуы мүмкін. Дамып келе жатқан нарықтарда капиталдың кетуі әсерінен валюта бағамы құлдырап, соның кесірінен компаниялардың қарызға бату мәселесі күшейетіндіктен, жаһандық дағдарыс орын алуы болжануда.

3. АҚШ пен Қытай текетіресінің ушығуы

      АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің күшею қаупі былтырғы рейтингтің алдыңғы қатарынан орын алған. Мәселе 2020 жылы да өзектілігін жойған жоқ. Вашингтон мен Бейжің шиеленісін толыққанды стратегиялық қарсылық деп атауға болады.

4.   Жаһандық қарулану жарысының жаңа кезеңі

2019 жылы қырғи-қабақты бәсеңдетуде бәсі жоғары болған Жақын және орта қашықтықтағы зымырандарды жою жөніндегі келісімінің күшін жойғанына куә болдық. 2020 жылы әлем стратегиялық қару саласындағы «ойын ережелерінің» жаппай жойылу ықтималдылығына тап болады.

5. Технологиялық үстемдік жарысының үдеуі

Технологиялық кеңістіктің геосаяси сегментациясы айқын бола түседі. Қытайлық Huawei және ZTE компанияларының мысалдары IT-өнімдерді өткізу нарығын аймақтандыру тетігінің үлгісі деп санауға болады.

6. Иранға қарсы әскери соғыс

      Ядролық келісімді жою Иран төңірегіндегі қарама-қайшылықтардың одан әрі ушығуына ұласуы мүмкін. Иранның геосаяси қарсыластарымен текетіресі киберкеңістікке кең таралуы мүмкін. Жағдай Таяу Шығыстағы бүкіл қауіпсіздік жүйесін қысымда ұстайды.

7. Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс

    Солтүстік Кореяның бейбіт келісімге келу және АҚШ-пен қарым-қатынасын қалыпқа келтірудегі қадамдары баяу қарқынмен жүруде. Екі тарап арасындағы келіспеушіліктер арта үскен сайын келісімдердің құрдымға кету қаупі күшейеді. Жағдайдың ушығуына 2020 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі ахуал ықпал етуі мүмкін.

    8. Терроризмнің жаңа толқыны

   ДАИШ-тың талқандалғанына қарамастан, террористік топтар дамудың жаңа сатысына көтеріліп, әрекет ету ауқымын кеңейте түсуде. Жалғыз өзі күрес ұйымдастырғандардың қатары көбеюде. Бұдан бөлек, әлем мұсылмандар мен мигранттардың өзге конфессиялар терроризмі мен «ақ» терроризм аталған топтардың құрбаны болғанына куә болуда.   

9. Басқыншы ұлтшылдық пен популизм толқыны

Популизмді сайлау үдерісіне таңу және саясаткерлердің күрделі мәселелерді оңай шешуге деген ниеті қиратушы әлеуметтік қақтығыстарды күшейтеді, сондай-ақ этникалық және діни араздық қаупін тудырады.

10. Климаттың өзгеруі тудыратын ауқымды мәселелер

Ірі державалар арасындағы кикілжіңдер мен келіспеушіліктер 2020 жылы климаттың өзгеруіне қарсы күресті түбегейлі тоқтату қаупін тудырады, бұл басқа мемлекеттердің ұлттық мүддені желеу еткен өзімшілдік саясатын жүргізуін жеңілдетеді.

Ертең Клубтың мерейтойлық отырысы өтеді. Оның тақырыбы «Үлкен Еуразия: жаһандық ынтымақтастықтың жаңа құрылымы жолында».

Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болмақ.

Шараның ең басты оқиғасы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен өтетін Клубтың пленарлық отырысында «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбы талқыға түседі. Спикерлер қатарында 9 бұрынғы мемлекет және үкімет басшысы, 9 министр мен 1 Нобель сыйлығының лауреаты бар.

«Астана Клубының» жылсайынғы отырыстарына дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық етеді.

2015 жылы құрылған «Астана Клубы» қазақстандық пікіріталас алаңы қысқа мерзімде Еуразияның барлық маңызды ойыншыларын біріктірген нағыз жаһандық алаңға айналып, халықаралық қызығушылыққа ие болды. Клуб тараптарды бір үстелдің басына жинау арқылы түрлі геосаяси аймақтарда қақтығыс құрсауына ілінген мәселелер бойынша ортақ шешім шығаруға мүмкіндік береді. Клуб ұйымдастырған жылсайынғы жиналыстарға әлемнің 40 елінен 200-ден астам спикер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Ресей, Иран, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Франия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің меймандары бар.

    Аягөз Құрмаш

Фото: Артем Чурсинов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды