- Басты
- Жаңалықтар
- АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады
АХҚО олимпиадасы - «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ұйымдастырып отырған білім беру жобасы. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 13 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

АХҚО олимпиадасының мақсаты - оқушылардың бір-бірімен білім алмасуы, өскелең ұрпақтың дамуы үшін мүмкіндіктер беру арқылы салауатты зияткерлік бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ оқушылардың экономикалық-қаржылық бағыттағы пәндерді оқуға қызығушылығын арттыру, олардың теориялық және практикалық білімдерін тереңдету, сондай-ақ тиісті дағдыларды дамыту.
Олимпиадаға Қазақстан Республикасы мектептерінің 9-10/11 сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар Қазақстанның барлық өңіріндегі орта мектептердің үздік оқушыларымен бәсекеге түсіп, өздерін көрсетуге, бағалы жүлделерді жеңіп алуға және Қазақстанды экономика бойынша халықаралық олимпиадада (International Economics Olympiad) таныстыру үшін ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік алады.
АХҚО Олимпиадасының өткен жылдардағы жетістіктері:
- 150 оқушы Қазақстанның ұлттық құрамаға кіріп, 2018 және 2019 жылдары экономика бойынша халықаралық олимпиадада ел намысын қорғады;
- Экономика бойынша халықаралық олимпиадада 10 медаль (2018-2019 жылдары Қазақстан құрамасы жеке есепте 8 медаль және командалық есепте 2 медаль жеңіп алды);
- Әлемнің 30-дан астам елінің ішінде Қазақстанға жоғары сынып оқушылары арасында экономика бойынша 2020 үшінші Халықаралық олимпиадасын өткізуге өтінім мақұлданды;
- 2020 жылы АХҚО олимпиадасының жеңімпаздары мен үздік қатысушылары Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан (Қазақстан-Британ техникалық университеті, Сүлейман Демирель университеті, Алматы басқару университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Атырау университеті) 13 білім беру гранттарымен марапатталды.
АХҚО Олимпиадасына қатысуға өтінімді келесі сілтеме бойынша 13 маусымға дейін жіберуге болады. Естеріңізге сала кетейік, олимпиада тілі - ағылшын тілі. Байланыс үшін: olympiad@aifc.edu.kz.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады

