• Басты
  • Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады
25 Мамыр, 2020 13:33

Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Бүгін 25 мамыр - соңғы қоңырау мерекесі. Әдетте жыл сайын еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орындары, колледждер ерекше салтанатпен атап өтетін. Алайда биыл пандемияға байланысты соңғы қоңырау онлайн түрде ұйымдастырылуда. Осы орайда Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды білім күнімен құттықтап, ата-ана мен ұстаздардың кәсібилігі мен төзімдеріне алғыс айтып, жас түлектерге ақ жол тіледі, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Асхат Аймағамбетов қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтады

Ол биылғы соңғы қоңыраудың ерекше форматта өтіп жатқанын атап өтті.

"Барлығымыз үшін биылғы 25 мамыр ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу жылы 4 млн-нан астам оқушы мен студенттің есінде қашықтан оқу форматына көшумен сақталатын болады. Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл ата-аналардың, оқушылардың, ұстаздардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білем. Бүгін мен әрқайсыңызға жеке тоқталғым келеді", - деді ол.

Оның сөзінше мұның бәрі ұстаздың тынымсыз еңбегі мен ата-ананың сабырлыққа салынып, оқушыларға үйде білім алуға жағдай жасауының арқасы екенін айтты.

"Сіздер жаңа жағдайда жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, нағыз ерлік таныттыңыздар. Ұстаздарға деген алғысымды бір сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сіздер қиын жағдайға қарамастан, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу барысында тынымсыз еңбек еттіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда 4-тоқсан толықтай қашықтан өту форматына өтті. Бұл біздің білім саласында бұрын соңды болмаған оқиға. Қиын кезде балаларына тіреу бола білген, ата-аналардың да еңбегі өлшеусіз. Сіздердің қолдауларыңыз үйде отырып білім алуға жағдай жасауыңыз, қашықтан оқыту ұйымдастыруға бізге мүмкіндік берді", - деді министр.

Сонымен қатар, министр қашықтан оқу форматына байланысты бірқатар сын да айтылғанын атап өтті. Алайда, түсіністік танытқан ата-анаға, қазақстандықтарға алығыс білдірді. 

"Сын да көп айтылды. Дегенмен сіздер түсіністік танытып, біздің балаларымыздың болашағы үшін осы міселені жеңіл қабылдадыңыздар. Сол үшін сіздерге алғыс айтамын. Оқушыларға деген ризашылығым шексіз. Олар жауапкершілікті ата-аналармен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білді. Енді міне, білімге деген құштарлықты жоғалтпай, оқу жылын ойдағыдай аяқтап жатыр. Бұл шын мәнінде кересек адамдарға тән қасиет деп айтқым келеді", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр өз өқттықауында биылғы мектеп түлектеріне ерекше тоқталып өтіп, өзінің басынан өткен оқиғамен бөлісті. 

"Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, жақсы адам, биік тұлға болатындарыңызға сенемін. Тәуекелге бару арқылы ғана әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау - өте маңызды өз басым жақсы білемін. Нақты қадам жасап, ойңыздағын іске асыру керек. Мәселен, мен мектеп бітірген соң бірден грантқа түсе алмадым. одан ұялудың ешқандай қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі - ақылы түрде оқу, екіншісі - бір жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде бір жыл дайындалып, тестті қайта тапсырам деп шешім қабылдадым. Бір жылымды табанды дайындықпен жұмысқа арнап, келесі өзім армандаған мамандықтың грантына қол жеткізген болатынмын", - деді министр.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов мектеп түлектерін ҰБТ сынағынан қорықпауға шақырды. Себебі, оның сөзінше, бұл олардың өмірінде тапсыратын ең оңай сынақтың бірі екенін атап өтті.

"Жақында басым көпшілігіңіз ҰБТ тапсырасыздар. Одан қорқудың қажеті жоқ. Бұл тек жай сынақ. Бұл өмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі болады. Айналадағы адамдар "қолдарыңнан ештеңе келмейді" десе де, табандылық пен сабырлық, күнделікті қажырлы еңбекпен алға қойған мақсаттарыңыз белгілі нәтиже әкелетінін естен шығармаңыздар. Нәтиже әрине өз бетімен келмейді. Ол қателікпен қатар жүреді. Кішкентай кезімізден бізді қателік жасау дұрыс емес, кешірімсіз деп сендірген. Мектеп қабырғасынан бастап қателік жасамау біздің санамызға құйылып келді. Табысты адам ешқашан қателеспейді дегеннің қате ұйым екенін айтқым келеді. Алайда бәрі қателік жасайды. Бастысы одан сабақ алып, тәжірибе жинақтау, қателік жасап, бәрін қайта бастаудан қорықпау қажет", - деді ол. 

Сондай-ақ министр жас түлектерге ақ жол тілеп, арманына қол жеткізуде тынбай еңбек етуге керектігін атап өттi.

"Қымбатты жас түлектер, сіздер Қазақстанның тарихында ғана емес, әлем тарихындағы ерекше түлексіздер. Сіздер жақсы тәжірибе жинақтап, ой түйіп, әлемді жақсартуға үлес қосасыздар деп сенемін. Елге пайдасы тиетін, толағай табысқа жетесіздер деп үміттенемін. Сіздер тамаша кезеңде өмір сүріп жатырсыздар. Қазіргі кезең армандайтын, батыл шешімдер қабылдайтын уақыт. Белгісіздік пен өзгерістердің уақытында сіздердің басты құндылықтарыңыз адалдық, әділдік, махаббат, қарапайымдылық пен батылдық болуы керек. Сәттілік серік болсын, армандарыңызға қол жеткізіп, өмір құндылықтарын естен шығармаңыздар", - деді министр. 


Сонымен қоса айта кетейік, ҚР Білiм және ғылым министрлiгi 2020-2021 оқу жылына арналған мемлекеттiк білім бeру тaпсырысын бекiткен болaтын. Аталмыш құжатта мектеп бiтiруші түлектер үшiн қанша грaнт бөлiнгені көрсетiлген. БҒМ-ның мәліметiнше, биыл жoғары бiлiмi бaр кадрларды (бакалaвр) дaярлауға – 53 864 грaнт, aл ғылыми-педaгогикалық магистратура бaғытына – 12 915, бейінді мaгистрaтураға – 710 жәнe PhD дoктoрларын дaярлауға – жaлпы 2 355 грант бөлiнген.

Бұдaн бөлек 2020 жылы грaнт көп бөлiнген салaларға тоқталайық.  Инжeнер кaдрларын дaярлaуға – 14681 грaнт, құрылыс мaмaндығы үшiн – 2500 грaнт, электрoтехникa және энeргeтика мaмaндығына – 1800, тaу-кeн өндiрiсі – 1702 грaнт; педaгoгика – 8243 грaнт, жарaтылыстану, мaтематикa және стaтистика сaлалары – 4088 грaнт, aқпарaт-коммуникaция технoлогиялары – 3815 грaнт, дeнсaулық сaқтау сaласы – 2700 грaнт, ауыл шаруашылығы - 1565, iскерлiк, бaсқaру жәнe зaң мaмaндықтaрына – 979.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды