- Басты
- Жаңалықтар
- Аскар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
Аскар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Қарағанды облысы Саран қаласындағы бұрынғы резина техника бұйымдарының зауыты базасында ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы техниканы құрастыруды ұйымдастыру жоспарланған. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 22 млрд теңгені құрайды, кәсіпорынның жобалық қуаттылғы — жылына 1 200 автобус және 500 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік.
Сонымен қоса, «Doublestar» маркалы автомобиль дөңгелегін өндіру жолға қойылады. Жобаға 56 млрд теңге инвестиция салып, жыл сайын жеңіл көлік үшін 3 млн дөңгелек және коммерциялық техника үшін 500 мың дөңгелек шығару көзделген.
Сонымен қатар, резина техникасы зауыты алаңында дайын өндірістік ғимараттар кешені (Ready Built Factory) құрылады, онда шағын кәсіпкерлер индустриялық жобаларды, оның ішінде құраушы бөлшектер мен компоненттерді өткізетін болады.
Отырысқа қатысушылар сонымен қатар Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының агрохолдингтерінің инвесторларына мемлекеттік қолдау көрсету, 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыру, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі және т.б. мәселелерді қарастырды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты
-
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары
-
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары
-
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады
-
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары
-
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай

