• Басты
  • «Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы

«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы

13 Мамыр, 2021 15:11

Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ashyq» жобасын іске асыру туралы айтылды. Жобаға жауапты ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі таңда  «Ashyq» қосымшасын 1 103 505 адам пайдаланып жатыр. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


 «Ashyq» жобасы 2021 жылдың 17 қаңтарында қосылған болатын. Бұл жоба ел ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне тосқауыл болып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл жобаға жауапты ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі. Осы министрліктің мәліметіне сәйкес содан бері «қызыл» мәртебе - 1138, «сары» - 707 адамнан анықталды. 2682  кәсіпкерлік нысаны осы қосымша арқылы жұмыс істеп жатыр.

Вице-министр Әсет Тұрысов хабарлағандай, 26 сәуірден бастап «Ashyq» қосымшасы еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды.

«Бұл үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары қосымшаны әзірлеушілермен бірлесіп, бизнес өкілдерін оқыту жүргізілді, қосымшаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қосымшаның қуаты ұлғайтылды», - деді ол.

Республика бойынша «Ashyq» бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2682 (оның ішінде: Нұр-сұлтан қ. - 410, Алматы қ. – 837, Шымкент қ. – 183, Ақмола обл. – 58, Ақтөбе обл. – 86, Алматы обл. – 138, Атырау обл. – 83, ШҚО – 104, Жамбыл обл. – 99, БҚО – 93, Қарағанды – 247, Қостанай обл. – 51, Қызылорда обл. – 40, Маңғыстау обл. – 171, Павлодар обл. – 50, СҚО – 21, Түркістан обл. – 11).

Осы айдан бастап, нақтырақ 11 мамырдан бастап көліктегі бас санитарлық дәрігердің № 01-21-40/756-вн қаулысымен «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, жоғары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан шығарып салушылар мен қарсы алушыларға әуежайларының ғимараттарына кіруді шектеу бойынша талаптар қойылды.

«Кешеден бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қосымша арқылы жолаушыларды қабылдау мен ұшу жұмыстарын басқаруды қолға алды. Шығарып салатын және қарсы алатын жолаушылар әуежай ғимаратына ашық қосымшасының көмегімен ғана кіре алады. Жоба енгізілгенге дейін әуежай ғимараты қарсы алушыларға ғимаратқа кіру шектелген болатын», - деп айтты вице-министр.

Оның айтуынша «Ashyq» әуежайда өзінің тиімділігін дәлелдеп қойған. Мысалы, мәртебесі қызыл – 8, мәртебесі сары 9 жолаушы анықталды.

«Бұл індет жұқтырғанын, ауырып жүргенін біле тұра, адамдардың көбі әуежайға келіп, Қазақстан бойынша жүруге тырысатынын көрсетеді», - деп түсіндірді ол.

Айтпақшы, Алматы қаласының әуежайы 21 мамырдан бастап осындай жұмысқа көшпек.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта қосымшаны Мобильді азаматтар базасыменн және Вакцинация паспорты сервисімен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, пайдаланушылардың жеке деректерінің қауіпсіздігі мақсатында қазіргі уақытта «Ashyq» қосымшасы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылатын «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ серверлерінде қорғалған контурда орналасқан.

Сондай-ақ, «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабына сәйкес ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдаланудан өткеннен кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізілуі тиіс, ол 1 жылға созылады. Өз кезегінде, осы қосымша ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес тәжірибелік пайдаланудан өтеді және пилоттық режимде пайдаланылады.

«Ashyq» мобильді қосымшасы үнемі жаңартылып отырады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28 сәуірінде андроидта "Ashyq" жаңа нұсқасы іске қосылды, онда күзетші режимінде резидент еместерді тіркеуге кіру мүмкіндігі бар», - деп сендірді Әсет Тұрысов

Сонымен қатар, үйден пайдаланушының ағымдағы мәртебесін тексеру үшін веб-бет жасалды ashyq.kz. осы бетті толтыру бойынша жұмыс жүргізіледі, онда "Ashyq" мобильді қосымшасының сипаттамасы бар бөлімдер, жиі қойылатын сұрақтар, техникалық қолдау байланыстары болады, сондай-ақ осы бетке сілтеме мобильді қосымшада қолжетімді болады.

«Ashyq» туралы қолжетімді ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 1414 Бірыңғай байланыс орталығының базасында пайдаланушыларды техникалық қолдаудың "бірінші" желісі құрылды, "Атамекен" ҰКП бизнес өкілдері үшін 1432 call-орталығы да қолжетімді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Telegram мессенджерінде @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі іске қосылды. Сонымен қатар, қосымша бойынша қол жеткізуге болатын объектілер тізбесі әкімдіктердің және "Атамекен"ӨКП сайттарында орналастырылады.

Атамекен ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваның айтуынша, қосымша арқылы жүргізілген жұмыстар статистикасы күн сайын жасалып отыр.

«Минутына қосымшада 200 фиксация жасалады, сағатына 500-600 фиксацияға дейін барады. Сенбі-жексенбі күндері минутына 700 фиксация жасалады. 20 мыңнан аса қолданушы үйлерінен өз статустарын тексеріп көрді. Олардың ішінде 465 адам «қызыл» топқа жатады. », - деді Юлия Якупбаева.

«Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкерлік субьектілерінің саны артты. Олардың ішінде:

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес клубтар, йога орталықтар;

Бильярд клубтары;

Кинотеатрлар;

Театрлар мен концерт залдары, филармониялар;

Караоке, банкет залы;

Көрме,

Марафондар, спорт шаралары.

«26 мамырдан бастап барлық аймақ осы қосымшаны пайдаланады. Кәсіпкерлер палатасына бизнес қауымдастық жиі хабарласады. Олар осы қосымша арқылы тіркеліп, қызметкерлері мен тұтынушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз еткісі келеді. «Ashyq» мобильді қосымшасын ЦДИАӨМ теңгеріміне беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, біз қосымшаны кедергісіз пайдалану үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз», - деді ол.

Сонымен бірге, 300-ден астам қатысушы жеңілдіктерсіз ерікті режимде жұмыс істейді. Бұған білім беру орталықтары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, медициналық орталықтар мен стоматология өкілдері, СОО-дағы жеке бутиктер жатады.

«Қазір біз қатысушылардың кеңейтілген базасынан басқа, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің кіруін талқылап жатырмыз. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен «Ashyq» қосымшасына қатысушылардың тізімі айтарлықтай кеңейтілгенін білесіздер. Ал жақсы процедуралар дайындаған қатысушылар жеңілдіктерге ие болды», - деді "Атамекен" ҰКП өкілі.

Оның айтуынша, ораза кезінде мейрамханалар түнгі сағат 02.00-ге дейін, тамақтану орындары кешке дейін жұмыс істеді. Облысаралық туристік тасымалдар, бір жыл бойы жұмыс істемеген көрмелер ашылды, көрермендермен спорттық іс-шараларға баруына рұқсат етілді.


Барлық жаңалықтар