• Басты
  • «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын қаржыландыру мөлшері мәлім болды
4 Қыркүйек, 2020 13:23

«Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын қаржыландыру мөлшері мәлім болды

Мемлекет басшысының 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялау жөніндегі бастамасына орай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова журналистерге «Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


«Ашық жүрек» әлеуметтік жобасын қаржыландыру мөлшері мәлім болды

Осы жылы еліміздегі волонтерлік қозғалыс мемлекет тарапынан қолдауға көріп отырғаны баршағы мәлім. Айсұлу Ерниязованың айтуынша, мемлекет пен үкіметтік емес сектор тарапынан көрсетілген қолдау жинақталған тәжірибені таратуға және барлық Волонтерлік қозғалыстың алдында тұрған маңызды міндеттерді шешу үшін қолда бар өңірлік ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.

«Ашық жүрек» жобасы Азаматтық бастамалар орталығының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. 

Жоба Қазақстанның әр аймағына таралуына мүмкіндік алды. Біз әр өңірде өз саласында жұмыс істейтін, өз өңірімізді көркейтетін, мұқтаж отандастарымызға, нақты учаскелерімізде көмек көрсететін пікірлес топтардың құрылғанын қалаймыз, - деді А.Ерниязова.

Қазақстан волонтерлері лигасының үйлестіру кеңесінің мүшесі Азиз Кажденбектің айтуынша, «Ашық жүрек» жобасының миссиясы  - әлеуметтік белсенділік, Волонтерлік қызметті таныту, қоғамдық-мәдени дамудың идеялары мен қағидаттарын танымал ету, оларды адами қасиеттермен таныстыру арқылы дамыту болып табылады. 

Біз қатарымызға 20 000 волонтерді, қайырымды азаматтарды қосуды мақсат етіп қойдық, - деп бөлісті Азиз Кажденбек.

Ауқымды жұмыс аясында 17 өңірде жаңа үйлестіру орталықтары ашылады. Әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалада «Birgemiz» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында 7 бағыт бойынша жобалар ұйымдастырыладыі. Ай сайын еліміздегі ең үздік 17 волонтер таңдалады.

«Ашық жүрек» жобасының бюджеті бүгін ашық айтылды. Жобаның құны - 150 млн теңге. Ажденбектің нақтылауынша, 150 млн теңгенің басым бөлігі гранттарға кетеді.

Ауыл мен аудандардағы жобаларды қолдауға 107 грант бөлінеді. 56 грант облыстарға бөлінеді. Оған кез келген жобасы бар жеке тұлға немесе топ қатыса алады. 9 грант республикалық маңызы бар қалаға беріледі. Лигаға волонтер болу үшін бір қайырымды іс жасауы керек. Бізге келген жасөсіпірімдер бірінші санатқа өту үшін бір қайырымды іс жасауы керек. Волонтерлар біздің бейджді алу үшін тырысады. Ол арқылы ол өзге де жобаларға да қатыса алады, - деді ол.

150 млн теңге Қазақстандағы салық төлейтін халықтың ақшасы екені белгілі. Еріктілер ұйымының төрайымының айтуынша, салық төлеушілердің қаржысы жастарға қатысты жобаларға кетіп жатыр.

Қазақстан волонтерлері лигасына өз еркімен келіп қатысатындар көп. Салық төлеушілердің қаржысына ақан жауапкершілікпен қарап, жастар жобаларына жұмсап отырмыз. Волонтерлар лигасының мүшелері бұл туралы біледі. Ал мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың сомасы көп емес. Біздің қозғалыс 2013 жылы ашылды. Біз тек 2016 жылы мемлекеттік тапсырысқа қатыстық. 6 млн теңге волонтерлік корпусқа бөлінді, - деді ол.

Брифингке келген еріктілер ел азаматтарына үндеу жасады. Олар азаматтарды әлеуметтік белсенділігін арттыруға және мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға қатысуға үндейді Қазақстан Волонтерлер лигасы филиалының Нұр-Сұлтан қаласындағы директоры Сұлтан Аллабергеновтың хабарлауынша, «Жаса Қазақстан» акциясына қатыса отырып, әрбір волонтер қоғамға өз үлесін қосады.

Біз әрқайсыңызды волонтерлер қатарына қосылуға үндейміз. Волонтерлік еткен жақсы! Маңызды! Әрі пайдалы!,- деді С. Аллабергенов.

Волонтерлік ұйымның елордалық филиалы директорының айтуынша, пандемия жағдайында волонтерлік аса маңызды болды. Елордалық бас волонтер отандық вайнерлер мен блогерлер «Жаса Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, көшеде адамдарға медициналық бетперде таратқандарын мысал ретінде келтіріп өтті.

Халықты волонтерлікке белсенді қатысуға үндеген Қазақстан волонтерлер лигасының елордалық филиалының директоры еріктілікке жеке де, ұйым құрамында да қатысуға болатындығын айтты. Игі істер тек жоба аясында емес, одан тыс жерде жасалуы керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде отандастардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қазақстандықтардың бірігуі маңызды екенін айтқан болатын. Президент осы қиын уақытта бір-біріне көмек қолын созудың қаншалықты маңызды екенін еске салды.

Елбасының бастамасымен Birgemiz қорының қолдауымен 550 мыңнан астам отбасы қаржылай көмек алды. Қозғалыс белсенділерінің арасында қазақстандық еріктілер лигасының мүшелері де болды. Олар жеткен жетістіктерімен тоқталмайды.

Бүгін біз шағын гранттар байқауын бастаймыз. Олардың жалпы саны - 107. Гранттар сомасы 300 мың теңгеден басталады. Конкурсқа жеке тұлғалар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Тек liga.org.kz платформасында тіркелу қажет. Толығырақ әлеуметтік желілердегі Еріктілер лигасының беттерінде де қолжетімді болады, - деді спикер.

Жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Волонтерлер жылы да осымен бітеді. Бірақ спикерлердің айтуынша, волонтерлік ешқайда кетпейді, үзілмейді де, тоқтамайды.

   Фото: Орталық Коммуникациялар қызметі сайтынан

Барлық жаңалықтар