• Басты
  • Қашықтан жұмыс істеу: Қазақстандықтар нені білуі керек
16 Наурыз, 2020 18:08

Қашықтан жұмыс істеу: Қазақстандықтар нені білуі керек

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Қазақстан халқының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында төтенше жағдай жариялағаны белгілі.  Осы жағдаймен байланысты елдегі біраз мекеме, кәсіпорын жұмысына шектеу қойып, кейбіреуінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Осылайша жұмысшылардың жұмыс істеуі режимі де өзгермек. Осы орайда жұмысшлылар мен жұмыс беруші нені білуі кере? Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Қашықтан жұмыс істеу: Қазақстандықтар нені білуі керек

Министр өз сөзінде барлық жұмыс берушініеңбек заңын сақтай отырып, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын түсінуге шақырды. Сонымен бірге қызметкерлер де өз құқығын білуі тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар барлық кәсіпорына, мекеме қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге міндетті екенін баса айтты.

"Бұл еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі. Қашықтан жұмыс істеуге көшкен кезде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді. Жұмыста емес, үйде жұмыс істейді. Жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті. Жалақысы ай сайынғы алып жүрген жалақының көлемінде төленеді", - деді ол. 

Ал оның сөзіне сүйенсек, егер жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйырығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы.

"Я болмаса, жұмыс күндерінің саны азаюы мүмкін. Немесе сол бір күндегі жұмыс сағаты азаюы мүмкін. Немесе жұмыс күнімен сағат та азаюы мүмкін. Мұндай жағдайда жұмыс істеп жүрген азаматтар жалақысын атқарылған жұмыс уақытысына алатын болады. Мысалы, егер аптасына қысқартылған жұмыс күні аптасына 5 күннен 3 күнге қысқаратын болса, аптасына 3 күндік жалақы алады. Яғни, бір күнде 4 сағат жұмыс істесе, сол 4 сағаттың жалақысын алады. Толық емес жұмыс күні еңбек кодексінің 70-бабымен реттеледі реттеледі", - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, елдегі жағдайға байланысты өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болған мекемелерге еңбек кодексінің 112-бабы бойынша тарайтын болады. 

"Бұл мәжбүрлі жұмысты тоқтату режиміне көшу боп саналады. Мұнда жұмыс берушінің тарапынан жұмысшыларға кемінде біздің еліміздегі ең төменгі жалақыдан төмен емес жалақы төлеуге міндетті. Қазақстанда төменгі жалақының мөлшері 42 500. Алайда еңбек шартында бұл төменгі жалақыдан жоғары жалақы қарастырылған болса, сол жалақы төленеді. Бірақ төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс", - деді Біржан Нұрымбетов.  
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды