• Басты
  • Қашықтан рухани баю: Райымқұлованың ұсынысы қандай
24 Сәуір, 2020 12:29

Қашықтан рухани баю: Райымқұлованың ұсынысы қандай

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында министрліктің мәдениет, спорт, туризм саласында әзірлеген онлайн іс-шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
Қашықтан рухани баю: Райымқұлованың ұсынысы қандай
«Театр өнері, кино, классикалық халық және эстрадалық жанрлардың орындаушылары үшін онлайн-әңгіме, сұхбат, онлайн дәріс форматтары тартымды келеді. Әсіресе, Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрдың «Live show» кешкі ойын-сауық бағдарламасы, «On-line батл» атты жаңа танымдық жобасы М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Карантинник» арнайы бағдарламасы, М. Әуезов атындағы Қазақ драмма театры корей, неміс , ұйғыр театрларының жобалары, #oneronline акциясы аясындағы, және кеше ғана басталған ерекше атап өткім келеді», - деді А.Райымқұлова.

Сонымен қатар, министр өндіріс үшін мемлекеттік қаржыландыруға ие болған фильмдерді жасаушылар ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының әлеуметтік желілерінде тікелей эфир циклын іске қосқанын айтты.

«Күн сайын спикерлер киноөндіріс процестері сияқты жобаларды атап өткім келеді. Күні бүгінге дейін жалпыға қолжетімді форматта тек республикалық ұйымдардың 160-қа жуық концерттері қойылымдар әлеуметтік желілілерге жүктелді. Алдағы уақытта да бұл жобалар өз жалғасын табады», - деді министр.

Оған қоса, А.Райымқұлова «Қазақфильм» киностудиясы ресми Youtube арнасына «Алтын кино қор» жобаымен - 1938-2002 жылдарға дейін түсірілген 60-тан астам фильмдерін жүктегенін жеткізді.

«Бүгінгі күні осы Youtube арнасындағы көрермен саны 10 млн-нан асқанын айта кету керек. Әр демалыс күндері КТК телеарнасының «Домашний сеанс» киномарафоны  аясында өткен 15 жыл ішінде түсірілген үздік қазақстандық картиналар 24 мамырға дейін әзірленген.Елордамыздағы Астана Балет» театры әлемнің үздік балет артистерімен тікелей эфирлер ұйымдастырып, репертуарындағы үздік шығармаларын on-line форматта көрсетуде», - деді ол.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, «Астана Опера» театры Tengri TV-ден желісіне  Кеннет Макмилланның хореографиясында үздік туындыларын онлайн көру мүмкіндігін бар. 

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрыбүгінде онлайн балет сабақтарын, «Home on-line concerts» және «GATOB Life» жобаларын жүзеге асыруда. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері еліміздің ғана емес, шет елдердің белгілі азаматтары белсенді қатысатын музыкалық челлендждерді жалғастыруда. «Бірыңғай әлем» жобасы Қазақстан-Ресей әртістерінің қатысуымен түсірілген:«Тұран» фольклорлық-этнографиялық тобы 15 мемлекеттің музыканттары қатысқан, жобаны жалғастыруда», - деді ол.

 Сонымен қатар, А.Райымқұлова бүкіл әлемде індетпен күрескен дәрігерлерге қолдау көрсету мақсатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа композициясын орындағанын жеткізді.

««Астана Опера» театрының жетекші солисті Майра Мұхамедқызы әлем дәрігерлеріне ән арнады. Симфониялыө және халық аспаптар оркестрі, театр ұжымдары өнер оқу орындарының оқушылары, спорт майталмандары, Бізбіргеміз, Бірге еңсерейік челленджерін жалғастыруда. Танымал әртістер орындаған «Карантин» атты ырғақты әннің клипі де танымалдыққа ие болып келеді», - деді ол.

Сонымен қатар, министр бүгінгі таңда Бозоқ, Сарайшық, Сауран және Отырар қалашықтары, сондай-ақ Берел және Есік қорғандары сияқты тарихи-мәдени мұра объектілері, музейлер мен музей-қорықтар қазақстандықтарға өздерінің сайттарында 3D форматтағы экскурсия, онлайн-серуен режимі, сондай-ақ бейнероликтер, бейне экскурсиялар, онлайн дәрістер, бейне сабақтар арқылы өз жерлерін көрсету мүмкіндігін ұсынды.

«Мәселен, музей-қорықтар қысқа уақыт аралығында 100 мыңнан астам адамды қамтитын 150-ден астам онлайн-шара өткізді.Ерекше тоқталатын жобалардың бірі: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер галереясы әзірлеген есту қабілеті бұзылған азаматтарға арналған арнайы бейне-экскурсиялар. Бұл шара еліміздегі 18 мыңнан астам есту қабілеті бұзылған адам үшін керемет мүмкіндік тудырды десек те болады», - деді ол.

Сондай-ақ, министр зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана да тек карантин кезінің өзінде 25-тен астам шығарманы әлеуметтік желілерге орналастырды, Брайль шрифті бойынша 130-дан астам кітап, аудиокітап, соның ішінде Ұлы Абайдың шығармаларын таратылғанын атап өтті.

«Музей педагогикасы «Біз үйдеміз, Біз біргеміз» жобасы да дамып келеді. Балалар үшін қолға алынған «Ертегілер әлемінде» айдарының екі апта ішінде тұрақты көрермендерінің саны 2 мың. адамнан асты. Балалар үшін «Өнерлі өрен» республикалық онлайн конкурсы ұйымдастырылып, қатысуға 500-ге жуық өтініш түсті. Бұл ретте классиктердің, соның ішінде Ұлы Абайдың ең үздік шығармалары өте танымал екенін айта кету керек. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде жалғасып жатқан конкурсты бір уақытта 28 мың көрермен тамашалайды. Балалардың шеберлігін кәсіби әртістер, ақындар бағалайды», - деді ол.

Сонымен қатар, министр «Қазақ тілін оқытуға арналған үздік подкаст»,  #ONLAIN-da bol атты онлайн байқаулары басталғанын айтты. 

«Министрлік онлайн оқыту, мәдениет, спорт және туризм саласындағы мамандардың біліктілігін арттырудың қашықтан оқыту курстарын да белсенді жүргізуде. Аталған курстарды ұйымдастыруда «Google Classroom», «Zoom» және т. б. заманауи білім беру платформалары іске қосылған.Тілдерді дамыту саласында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының базасындаоқытушылардың сандық сауаттылығын арттыру және тәжірибе алмасу үшін «Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің» онлайн курстары ұйымдастырылды», - деді ол.

Министрлікке қарасты мәдениет және спорт саласындағы барлық оқу орындары қашықтан оқыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

«Бұл процесті ұйымдастыруда заманауи білім беру платформалары, мессенджерлер және «Күнделік», «Google Classroom», «MOODLE», whatsapp, telegram сияқты онлайн-құрылғылар пайдаланылады. Сондай-ақ сахна, орындаушылық өнердің, спорт майталмандары онлайн форматтарда дәріс беруде», - деді ол.

Сонымен қатар, министр Қазақстан, әлемнің көптеген елдері сияқты, өз шекараларын жапқанымен, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты жаңа форматта жалғастырып жатқанын айтты. 

«Алғаш рет қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына арналған «Абай және рухани мұра» атты халықаралық онлайн конференция жұмысына Қытай, Түркия, Венгрия, Ресей елдерінің спикерлері және қазақстандық ғалымдар, өлкетанушылар, жазушылар мен ақындар қатысты. Онлайн конференция Zoom.us платформасы арқылы өтіп. Конференцияны тікелей эфирде 7 мыңнан астам адам қараған», - деді ол.

Министр сәуір айының соңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Киелі Қазақстан» атты халықаралық онлайн-конференцияны өткізуді жоспарланғанын атап өтті.

«Жақында ғана ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен әлемнің 130 елінің мәдениет министрлері қатысқан халықаралық конференцияға қатысып, конференция барысында пандемияның мәдениетті дамытуға әсерін азайту жөніндегі шаралар және саланы одан әрі дамытудың жолдары талқыланды. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы қазақстандық туристік қауымдастықпен, туризм басқармаларымен бірлесіп www.tourismonline.kz арнайы сайтында «Туризм үшін онлайн вебинарлар» жобасын іске қосты. Бүгінгі күні шамамен 20 өзекті тақырып талқыланды оның 25 мың көрермені бар», - деді ол.

Министр Орталық-Азиялық әріптестермен бірлесіп, туризм саласында дағдарыстан шығу шаралары бойынша онлайн кеңес ұйымдастырылғанын айтты. 

«Спорт саласында да мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында допингке қарсы онлайн-курс енгізілді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін, 17 наурызда Қазақстан киберспорт Федерациясы мен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанда алғаш рет Alaman#StayHome аймақтық турнирін өткізу туралы хабарлады. Қашықтан өткен алғашқы киберспорттық турнирге гаджеттер арқылы сайысқа түскісі келетін қазақстандықтардан 5000-ға жуық өтініш түсті. Бұл сайыс 31 мамырға дейін жалғасады», - деді ол.

Сондай-ақ, министрлік үстел ойындары бойынша онлайн-турнирлер ұйымдастырады: қазақстандық шахмат федерациясы Қазақстан киберспорт федерациясымен бірлесе отырып, chess.com сайтында «Uide Bol Cup 2020» найзағайлы шахмат бойынша алғашқы онлайн-турнир ұйымдастырды. Жарысқа 1 230 әуесқой шахматшы қатысты. 

«Осындай жұмыстар өңірлерде де жүргізілуде. Мысалы, Ақтөбе облысында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн турнир, Маңғыстау облысында алғаш рет онлайн-шахмат бойынша облыс чемпионаты өтті.Осы жағдайды пайдалана отырып, барлық мәдениет, спорт, туризм қызметкерлеріне біздің азаматтарымызды рухани және мәдени байыту жолындағы қызметтерін сапалы орындап келе жатқандары және қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді.Барлық дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне және пандемияға қарсы күрестегі әскери қызметшілерге алғысымызды айтамыз. Сіздер еліміздің азаматтарының денсаулығын сақтаудың алғы шебіндесіздер», - деп түйіндеді министр.

Аягөз Құрмаш

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды