• Басты
  • Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды
16 Қыркүйек, 2020 18:56

Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия ұлттық университетінде «Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» атты онлайн халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды. Екі күнге созылатын шараның алғашқы күні бүгін өтіп жатыр. Конференция барысында талқыланған қашықтан білім беру мәселелері Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


Қашықтан оқытудағы сын-қатерлер талқыланды

Қазір бүкіл әлем қашықтан білім алуды қолға алды. Қазір тіпті үйреншікті үрдіске айналған. Дегенмен, ұстаздар да, оқушылар мен ата-аналар да дәстүрлі оқу процессі жақсырақ деген пікірді алға тартады. Білім беру саласындағы елеулі өзгеріс бүкіл әлемге тараған коронавирусты өршітпеу мақсатында енгізілді. Тек білім беру саласында ғана емес қоғамның барлық саласында өзгерістер орын алып жатыр. Қашықтан оқыту форматына әлемнің 167 елі көшті. ЮНЕСКО-ның есебінше, қазір 1,5 млрд бала қашықтан оқиды. Қазақстанда бастауыш сыныптарда кезекші сыныптар ұйымдастырылған. Балалардың басым бөлігі онлайн оқиды. «Қашықтықтан білім беру: жаһандық ауқымдағы жаңа сын-қатерлер» халықаралық конференциясының күн тәртібіндегі басты мәселе – қашықтан білім беруде қателіктер мен сын-ескертпелерді түзету.

Конференцияға саяси және қоғам қайраткерлері, академиялық қоғамдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан, Ресей, АҚШ, Үндістан, Бельгия, Ұлыбритания сарапшылары қатысты. Халықаралық онлайн-конференцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов ашып берді.

Ерлан Садықов Еуразия ұлттық универитеті ұжымы атынан қашықтан оқу мәселесіне бей-жай қарамаған барлық коныеренция қатысушысына алғыс айтты. Оның айтуынша, оқытудың неғұрлым қолайлы құралдары мен тәсілдерін, технологияларын іздеуде әлемдік педагогикалық практиканың барлық арсеналын қайта қарап, ревизия жүргізу керек.

Мыңжылдықтар бойы адамдар үшін ең құнды дүниелер ол рухани баю, этикалық моральдық құндылықтар болып келді. Бүкіләлімдік Денсаулық сақтау ұйымы мойындаған пандемия барлық салаға өзгеріс әкелді. Білім беру саласы бұрынғыдай емес, онлайн оқуға көшті. Қашықтықтан білім беру технологиялары білім беру жүйесі үшін ең сұранысқа ие және перспективалы болып табылатынын жеткізді. Бұл, өз кезегінде, жаһандық процестердің, атап айтқанда цифрландыру мен ақпараттандырудың ықпалына байланысты кең ауқымды жаңғыртуды талап етеді, - деді ректор.

Ректор әлем бойынша оқыту әдісін жаңарту мақсатында ревизия жасалған.

Пандемия жағдайында балалар білім алудан кенде болмас үшін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері қаралды. Дүниежүзілік педагогикалық тәжірибенің барлық арсеналы қаралды. Нәтижесінде оқу процессі үшін ең сұранысқа ие және перспективасы жоғары, бұл – қашықтан оқыту әдісі болып танылды. Интернет алаңдарға өздерінің цифрлық өнімдерін шығара алатын әдіс қашықтан оқыту процессіне тиесілі, - деді ол.

Конференцияда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев та сөз алды. Оның айтуынша, IT-технологияларды жедел енгізе отырып, заманауи білім беруді одан әрі дамыту, білім беру мекемелерінің қызметін толық цифрландыру мәселелері, білім беруді жаңғырту перспективалары аса маңызды құзыретке айналуы тиіс.

Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлерін жедел түрде шешу. Соңғы оқиғаларды ескере отырып, білім беру саясаты жүйесін жаңарту білім беру процесін сапалы жақсартуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, қашықтықтан білім беру технологиялары маңызды рөл атқарады. Қазақстан аз уақыттың ішінде ғаламдық проблемалардың ығына көніп, жедел түрде маңызды шешім қабылдай білді. Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтан оқытуды тиімді жүзеге асыратын цифрлық технологияларға аса мән береді. Осыған орай білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында жаңа реформалар дайындауды тапсырды, - деді Мемлекеттік хатшы.

Көшербаев конференциядан маңызды қорытынды шығып, қашықтан оқытудағы өзекті мәселелер өз шешімін табатынына сенді.

Жаңа заманда білім беру ісінде озық ақпараттық технологияларды жылдам енгізе отырып, одан әрі дамыту мәселелері, білім беру мекемелерінің қызметін толық цифрландыру, бiлiм беруді модернизациялау перспективаларына үлкен мән беру керек. Алдымызда жаһандық сын-қатерлерді тез арада шешуге және оларға қарсы күресу міндеті тұр. Сонымен қатар білім беру жүйесін жаңарту білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тәжірибе қашықтан оқыту технологиялары маңызды рөл атқаратынын көрсетті, - деді Қырымбек Елеуұлы.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың халықаралық жиынға қатысушыларға хат жолдапты. Ол да қашықтан білім беруде ең бастысы сапаны жоғалтпау керек деген тұжырымды келтірді.

Сапалы білім беру, оқытудың форматы мен мазмұнын жаңарту және қазіргі ұрпақ үшін бірқатар шаралардың қажеттілігі маңызды басымдылыққа ие. Iс-шараға қатысушылар қашықтықтан оқыту технологиялары саласындағы озық идеяларды, өзектi мiндеттердi iздеу және талқылау үшiн диалогтық алаңға құрылған бүгiнгi конференция өте маңызды әрi дер кезінде өткізіліп отырғанын атап өтті.

Конференция барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, Томск мемлекеттік университетінің ректоры Эдуард Галажинский, UNINETTUNO халықаралық телематикалық университетінің зерттеулер және инновациялар бөлімінің басшысы Алесандро Кафорио, Modern Education & Research Institute директоры Екатерина Царанок, "МИСиС" ғылыми-зерттеу техникалық университетінің онлайн оқыту орталығының директоры Нұрлан Қиясов және басқа да сарапшылардың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ конференция бағдарламасында сандық қашықтықтан оқыту қауымдастығындағы үздік тәжірибелерді көрсететін воркшоптар, виртуалды сессиялар жоспарланған.

Конференцияға ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры Еркін Оңғарбаев модераторлық етті. Халықаралық білім беру саласындағы ауқымды шара ертең – 17 қыркүйекте жалғасады.

Барлық жаңалықтар