• Басты
  • Қашықтан оқыту: Ата-аналар не дейді
20 Сәуір, 2020 15:21

Қашықтан оқыту: Ата-аналар не дейді

Елімізде Төтенше жағдай мен карантин енгізілгені белгілі. Оқушылар үшін оқу жылының төртінші тоқсаны бұрынғыдан өзгерек. Себебі, республиканың барлық өңірі жаппай қашықтан оқуға көшті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқудың алғашқы күні 3,2 млн оқушы әр-түрлі бағыт бойынша оқуларын бастағанын жеткізген еді. Ал балаларын қашықтан оқытып жатқан ата-аналар не дейді? Бұл туралы Strategy2050.kz дайындаған материалдан оқыңыз.

Қашықтан оқыту: Ата-аналар не дейді

-Динара Абдрахманова, 4-сынып оқушысының анасы:

-Оқушы жасындағы бір балам бар.Әрине, қашықтан білім алу оңай деп айта алмаймыз. Сабаққа барған сияқты емес, кейде бала тапсырманы түсінбей жатады. Таңертең сағат 9:00-де мұғалімі кесте бойынша тапсырманы жібереді. Сағат 10:00-де «Balapan» арнасынан онлайн сабақты көреді. Сосын үй жұмысына 3-4 сағат уақыт кетеді. Оны кейін whatsАpp арқылы сынып жетекшісіне жібереміз. Мектепке барып оқығысы келеді, әрине. Мұғалімдерге де оңай емес, сыныпта қанша балаға тапсырма беріп, оны көз майын тауысып тексереді. Үйінде көп оқушы балалары бар ата-аналарға сабыр тілеймін. Ешкімге де оңай емес. Түсінушілік таныту керек. Талапқа да бағыну керек. Мұның барлығы уақытша сынақ қой.

- Гүлтай Ұлықбекқызы, 2-сынып оқушысының анасы:

-Қашықтан оқыту алғашында түсініксіз болды. Алайда, мұғалім тыңғылықты барлығын түсіндірді. Ата-аналармен де zoom арқылы онлайн байланысқа шығып ақпараттандырды. Алдымен, kundelik.kz арқылы жұмыс істеуге келіскен едік. Кейін ол қосымша көп адамның қосылуына қатысты салмақты көтере алмайтын  болды. Мұғалім ата-аналар мен оқушыларға сабақ басталмас бұрын барлығын айтып алған болатын. Дүйсенбі күні 9:00-де не болмаса 9:20-да сабақ басталады. Ол телефон арқылы elarna-дан сабақты көреді. 2-3 пәнді оқиды. Кейін мұғалім whatsАpp арқылы тапсырма береді. Себебі, kundelik.kz арқылы барлық ата-ананың жұмыс істеуге қауқары жетпейді. Бала өзі үй жұмысын орындайды. Алайда, оны бақылап отыру қажет. Себебі, кей жерлерін түсінбей қалады. Осыған көп уақыт кетеді. Тапсырманы үйіп-төгіп береді деп айта алмаймын. Бағалардың барлығын күнделікті түрде kundelik.kz-те жариялап отырады. Elarna-дан түсіндірілетін сабақтар қысқа-нұсқа әрі түсінікті. Қашықтан оқу оқушыларды дербес болуға үйретеді. Себебі, мен ендігі аптадан бастап жұмысқа шыққан кезде ол онлайн оқуды жалғастыра береді. Қазір мен оны соған дайындап жатырмын. Үйреніп келеді. 6-сәуірден бастап өткен осы 2 апта күрделі болды. Себебі, мұғалім сыныптағы 28 балаға жеке-жеке түсіндіре алмайды. Сондықтан да барлығы ықшамдалған. Бірақ, қазіргі балалар неге мұғалім айтқанды бірден қағып алып, дербес өздері тапсырманы орындай алмайтынына таң қалам. Мысалы, мен мектепте апайдың түсіндіргенін бірден қағып алатынмын, үй тапсырмасына да анамның көмектескені есімде жоқ. Бірақ, қазір өсіп келе жатқан буын басқаша. Бұл қиындықтар тезірек өтсе екен дейміз.

- Лаура Ақылбаева, 3 оқушының анасы:

-Көпбалалы анамын. Оның үшеуі мектеп жасындағы оқушылар. Қашықтан оқуды еңсеріп жатырмыз. Екі балам жасөспірім, екеуі бір сыныпта оқиды, өздерінің телефондары арқылы қарап, дербес үй жұмысын орындап жүр. Ал, үшіншісі 1-сынып оқушысы. Оған тапсырмаларды орындауға ағалары не өзім көмектесіп тұрамын. Аз уақыттан кейін барлығы өз қалпына келсе деп тілейміз. Карпантинде отырып та зеріктік. Баршамызға сабыр берсін тек.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды