• Басты
  • Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады
11 Тамыз, 2020 18:48

Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады

Биыл жаңа оқу жылында мектепке баратын мұқтаж отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсетіледі. Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы пандемияға байланысты оқушыларға планшет, компюьтерлерді сыйға тартады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы айтты. Бұл акцияға биыл еліміздің кәсіпкерлері мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі атсалысқан.

 Иманғалиев бұл акцияға барлық кәсіпкерлер жұмылса деген ниетін білдірді. Акцияның міндеті - қайтарымды негізде мұқтаж студенттерді, оқушыларды компьютерлік техникамен, ноутбуктер, планшеттермен қамтамасыз ету. Компьютерлік жабдықтарды демеушілер, меценаттар, еріктілер сатып алып жатыр.

Министрлік мониторинг жүргізу арқылы техника аса қажетті деген балалар тізімін шығарды. Тізімде ата-анасынан ерте айырылған, әлеуметтік жағдайы төмен немесе көпбалалы отбасынан шыққан, мүгедек ата-аналары бар балалар бар. Ол үшін арнайы QOLDAU.EDU.KZ сайты ашылды. Сайтта компьютерлерді алуға өтініш беруге болады»,-деді Е.Иманғалиев

«Оқушыны қолда» сайты қазір жұмыс істеп тұр. Сайт арқылы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар оқушыларға көмек көрсете алады. Олардан жиналған қаражатқа оқушылардың мақсатты пайдалануы үшін нақты мектептің балансына берілетін қажетті техника сатып алынады.

QOLDAU.EDU.KZсайтына баланың ЖСН номерінің соңғы сандарын енгізіп, тексеріп көруге болады. Ол үшін сайттың "Бұл көмек кімге арналған?" бөліміне өтіп, оқушының жеке сәйкестік номерінің соңғы 6 санын енгізу қажет.

Сайтты ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі жасап шығарды. Әзірге порталда 20 мың оқушының тізімі тұр. Оны министрлік берген. Жаңа оқу жылына тегін компьютерлер мен планшеттер арнайы әлеуметтік топтарға жататын отбасының балалары мен ауыл балаларына да беріледі.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Ләззат Шыңғысбаеваның айтуынша, сайттағы ақпаратты білу үшін арнайы форманы толтыру керек.

Баланың ЖСН номерінің соңғы алты санын енгізесіз. Осылайша баланың тізімде көруге болады. Кесте түрінде ашылатын формада өңір, аудан атауы, мектеп номері жазылып тұрады. Ол жерде болмаса алаңдамаңыздар. Мұнда көбіне бірінші кезектегі балалардың тізімі бар, Бірінші кезең аяқталған соң, екінші кезеңге балалар іріктелмек. Сонымен қатар сайттың бір бөлігі акцияны қолдаушыларға арналады. Яғни егер сіз көмек бергіңіз келсе сайтта банк реквезиттері жазылған. Техника өндірісі мен сатушыларын, ірі компания өкілдерін қайырымды акцияға қатысуға шақырған спикер, тіпті, үйде қолданбайтын компьютерлер болса, ол да әр балаға көмек болатынын айтты, - деді «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры.

Еске сала кетейік, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқу жылының бірінші тоқсаны қашықтан өтеді. Әдеттегідей мектепте оқу барлық санитарлық норманы қатаң сақтай отырып, тек шағын форматтағы мектептерде, сондай-ақ бастауыш мектептің «кезекші» сыныптарында сақталады.

Үкімет басшысы 20 тамызға дейін ата-аналармен онлайн жиналыс өткізіп, оларға оқу үрдісі туралы ақпарат беру керектігін айтты. Сондай-ақ мұқтаж отбасыларға 500 мың компьютер беруді тапсырды. Компьютер қолжетімділігі мәселесі тек министрліктің емес, жергілікті әкімдіктердің де қарауындағы мәселе екенін екертті. Білім министрі Аймағамбетовтың алдын ала болжамы бойынша, интернет платформалар мен теледидарды пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында 2,6 миллион оқушы (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың бала (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады.

Жергілікті әкімдіктермен бірлесіп мектептерге техниканы сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. 4-тоқсанда өз интернет-платформаларын ұсынған IT компаниялар жазғы уақытта айтылған ұсыныстар бойынша, оқу процесіне қажетті жаңа функционалдар жасап, қашықтықтан оқытуды сапаландыру бойынша бірқатар жұмыстар жасады. Бүгінгі күні әр мектеп IT компаниялардың интернет платформаларында педагогтардың сұраныстарына жауап беретін кез келген платформаны таңдауға құқылы. Біз оларды толық таныстырып аяқтадық. Осы қысқа мерзімде бірнеше жаңа платформалар да нарыққа шықты, бәсекелестік пен таңдау бар, - деген еді министр.

Барлық жаңалықтар