• Басты
  • Қашықтан оқу: Білім беру платформаларының мүмкіндіктері
16 Қыркүйек, 2020 18:11

Қашықтан оқу: Білім беру платформаларының мүмкіндіктері

Бүгін елорадағы Орталық коммуникациялар орталығында отандық білім беру платформаларының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері талқыға салынды. Жиынға қатысқан белім беру платформаларының басшылары, өкілдері мен мұғалімдер өздері пайдаланып жүрген білім платформасының жұмыс істеу процесімен таныстырды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыздар. 

Қашықтан оқу: Білім беру платформаларының мүмкіндіктері

Пандемияға байланысты Қазақстандағы білім беру жүйесі қашықтан оқытуға көшкені белгілі. Осыған байланысты ата-ана, қоғам тарапынан бірқатар сын-пікірлер айтылып жатыр. Осы орайда елдегі білім беру плаформаларының мүмкіндіктерін қарастырып көрейік.

 

«Білім» тарифтік жоспары дайындалды

Жиынға қатысқан Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкеев 990 теңге тұратын «Білім» тарифтік жоспары әзірленгенін айтып берді.

«Біздің министрлік қашықтан оқытуды қолдау мақсатында байланыс операторларымен бірлесе отырып, «Білім» деген тарифтік жоспарды әзірледі. Бұл тарифтің абоненттік төлемі – 990 теңге. Қазақстандық ғылым саласында білім беру интернет ресурстарының бәріне де толықтай шексіз пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қосымша 1 гигабайт интернет трафигі беріледі», - деді департамент директоры.

Айта кету керек оның сөзінше, егер шетелдік оқу ресурстарына кірген жағдайда , интернет трафигі жұмсалады.

  

OnlineMektep плаформасын қалай қолданады

Bilimmedia group атқарушы директоры, Onlinemektep жобасының жетекшісі Санжар Кенжеханұлы OnlineMektep білім беру платформасы жайлы айтып берді. Оның айтуынша, биыл елімiздегі 3,5 мың мектеп OnlineMektep негiзінде оқытуда. 1 қыркүйектен бастап күнделiкті 1,5 миллион оқушы осы платформа арқылы білiм алып жатыр.

«Интернет статистикасын ұсынатын тәуелсiз ZERO.kz қызметiнің мәліметінше, OnlineMektep жаңа оқу жылында қoлданушысы өте көп онлайн-ресурс қатарында. Сайтқа күнделіктi миллионнан аса жeке қолданушы кiреді, сайт беттерiнің көрiлімі шамaмен 30 миллионға жуық», - деді жоба жетекшісі.

Санжар Кенжеханұлының дерегінше, оқу жылы бaсталғалы берi мұғалiмдер порталда 3 миллионнaн aса онлайн-сабақ өткiзген, сайт беттерiнің қаралымы 160 миллионға жетiп, 500 миллиoнға жуық жaттығу oрындалған. Әр сeкунд сайын 70 мыңнaн 80 мыңғa дейiн жeке қолданушы плaтформа қызметiн бiр мезетте пайдаланады.

«Қазiр платформаға оқу жылының I тоқсанындағы 42 пән бoйынша 2 тiлде 5 700 сабақ пен 140 мың жaттығу жүктелді», - деді жоба жетекшісі.

Сонымен қoса Санжар Кенжеханұлы портал контентiн әзiрлеуде оқытуды жеке тұлғаға бейiмдеу және елiмізде озық технoлогияларды қолдану ерекшеліктерi ескерілгенiн атап өтті. Платформa қолданушылары виртуал сыныптaр мен жеке топтарды, арнайы сабақ кестелерін, сыныппен немесе әрбір оқушымен жеке сөйлесу чатын құрып, видео-конференция режимiнде сабақ өткізуге мүмкiндігі бар. Оқытушы оқушыға үй тaпсырмасын береді, оны тексеріп әрі бағалай алaды. Сoндай-ақ, мұғaлім қалауы бoйынша aрнайы конструктoр aрқылы жeке сабағын дaйындай алады.

«Қазір OnlineMektep.org командасы оқу жылының II тoқсанына арналған контенттi дайындаумен айналысып жатыр. Ол күнтiзбелік-тaқырыптық жоспaрға сәйкес, шaмамен 6 мыңдай сабақтан және 150 мыңнан аса жаттығудан тұрaды», - деп тoлықтырды ол.

Осы орайда баспасөз жиынына қатысқан елордадағы Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Балымкүл Асқарбекқызы OnlineMektep.org платформасында әр сыныпқа жеке сабақ кестесін құру, арнайы дайындалған контент көмегімен оқытудың тиімді жолдарын ұйымдастыру, бейне-сабақтар өткізу, оған қоса, үй тапсырмасын беру және оны тексеру, мұғалім мен оқушы байланысын қамтамасыз етуге қатысты ақпарат беріп, портал жұмысымен таныстырды.

«Мен OnlineMektep платформасымен қашықтан оқыту басталғаннан бері жұмыс істеп келемін. Өте ыңғайлы платформа, үштік одақпен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Үштік одақ дегеніміз – ата-ана, оқушы және мұғалім. Ұстаз өзінің сабақ кестесіне сай сабақтарын құра алады. Оқушы мұғалім құрған сабаққа өтіп, ондағы берілген тақырыптың мақсаты мен міндетін қарап, сабақтың мазмұнына сәйкес видеолармен таныса алады. Сонымен қоса қысқаша берілген конспектілер бар. Қажет болған жағдайда, дәптерге түсіре алады. Осы тақырыпқа сай тексеру тапсырмалары бар. Тапсырмалардың ерекшелігі үш деңгейде жасалған. Сонымен қатар бала қате орындаса, тапсырманың астында түсіндірме бар. Оқушы тапсырманы орындағаннан кейін «аяқтау» деген батырманы басу арқылы нәтижесін көре алады», - деді ұстаз.

Сонымен қоса Балымкүл Асқарбекқызының айтуынша, ата-ана баласының оқу үлгерімін көргісі келсе, «Мониторинг» деген батырманы басады. Оқушының қай жерден қателескенін көру үшін көздің суреті көрсетілген батырманы басады. Яғни қатемен де жұмыс істеуге ыңғайлы. Сонымен қатар үй жұмысын да платформаға салады, тапсырманың тексеріліп-тексерілмегені де көрініп тұрады және мұғаліммен де кері байланыс бар. Сонымен қоса оның сөзінше, ортақ «чат» бар, ата-ана да, бала да мұғалімге хат жазуға мүмкіндігі бар. Қадлай қолдану керегін түсінбей қалса, платформадағы видео-нұсқаулықтарды пайдалануға болады деді ол.

   

«Daryn.online» білім беру платформасының мүмкіндіктері

«Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев жоба туралы айтып берді.

««Daryn.online» білім беру платформасы бүгінгі таңда тынымсыз жұмыс істеп келе жатыр. Соның нәтижесінде 1-11 сынып аралығындағы қазақ сыныптарының видео сабақтары дайындалып бітті. Ал орыс сыныптары сабағының 95 пайызы дайын, сайтқа салынды. Қазіргі уақытта «Daryn.online» білім беру платформасы бойынша республикада күніне 500 мың қолданушы білім алуда. Ал бір күнде 5 млн видео қаралып, 50 млн тест сұрақтарына жауап беріледі», - деді ол.

Ал астанадағы №57 орта мектебінің мұғалімі Меруерт Мырзабаева «Daryn.online» білім беру платформасының жұміс істеу процесімен таныстырды. Оның сөзінше, білім беру жүйесінің форматы бойынша, сабақ А синхорнды және синхорнды түрде өтеді. А синхорнды түрінде бала жеке сабақтарға өте алады. Ол үшін «Daryn.online» сайтына логин және құпия сөзін жазып, «Менің сабақтарым» деген бөлімге кірген кезде қай сыныпта оқитынына байланысты барлық сабақтар тізімі шығады.

«Мәселен, 9 сыныптың «Физика» пәніне кіретін болсақ, тақырыпшалар шығады, сонымен қатар видео сабақтар да шығады. Видеолардың ұзақтығы – 10-15 минут. Оқушылар видеоларды жарық және қараңғы режимде көре алады. Видеоны көріп болғаннан кейін, деңгейлік тапсырмалар бар. Олар 10 сұрақтан тұрады, балалар кем дегенде 7 сұрағына жауап беруі керек», - еді Меруерт Мырзабаева.

Ал А синхронды дегеніміз, оның айтуынша, мұғалім алдын ала видеоконференция ұйымдастырады. Пәннің, ұстаздың аты-жөні жазылады. «Қосу» батырмасын басу арқылы бала сабаққа қатысуға мүмкіндік алады.

 

«Күнделік» білім беру платформасы

«Күнделік» білім беру платформасы жөнінде сайттың бас директоры Мұхтар Іліясов баяндады. Оның сөзінше, «Күнделік» платформасы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. "Күнделік" сайтының мамандары жаңа оқу жылына дайындық барысында қашықтан оқыту болатынын ескерді. Өткен оқу жылындағы тәжірибеге сүйеніп, пайдаланушылардың ықтимал жүктемесі есептелген. IT қызметінің жұмысы жақсартылды. Біздің платформамен 6 200 мектеп жұмыс істеп жатыр. Платформа 1-11 сыныпқа дейін академиялық процесті толықтай қамтиды.

Барлық жаңалықтар