• Басты
  • «Ашық үкімет» порталдарын дамыту: Азаматтардың дербес деректері қорғалған ба

«Ашық үкімет» порталдарын дамыту: Азаматтардың дербес деректері қорғалған ба

17 Қыркүйек, 2020 13:41

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткiзу мәселелерi жөніндегi комиссияның отырысы өттi. Аталмыш жиында ҚР салалық заңнамасын ақпаратқа қол жеткiзу саласындағы талaптарға, стандарттар мен қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру қорытындылары, ақпаратқа қол жеткiзуді ұсыну кезінде дeрбес деректерді қорғаудың кейбiр мәселелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерiндегі деректердi талдау, сонымен қоса «Ашық үкiмет» порталдарын дамыту және танымал ету мәселелері талқыланады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

«Ашық үкімет» порталдарында халықтың белсенділігін арттыру керек

«Өзіміз көріп отырғандай, "Ашық үкімет" порталдарының жұмысына халықтың қатысуы төмен. Оны мойындауымыз керек. Тек басшылардың блог-платформаларына келіп түскен өтініштердің саны 27 мыңнан 37 мыңға дейін өскен. Алайда ол барлық басшыларға қатысты айта алмаймыз. Оның себебі – порталдардағы техникалық кемшілік пен заңнамадағы олқылықтар деп ойлаймын», - деді Аида Балаева.
Министрдің айтуынша, қоғамдық институттар министрлікпен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын. Сондықтан оның сөзінше, бірінші кезекте министрлікке қатысты мәселелерді шешу қажет. Сонымен қоса халық цифрлы сауаттылығын жетілдіруге атсалысу керектігін тілге тиек етті. Оның пікірінше, сол себепті әлі де ақпараттық тұрғыда түсіндірме жұмыстары жүруі тиіс.

Ашық үкіметтің порталдарын дамыту

Бүгінгі күні ашық үкімет порталында мемлекеттік органдардың 8 сервисі модификацияланды және 27 интеграция жасалды. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Диас Крамшеев баяндамасында айтты. Ол осыған байланысты атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Оның сөзінше, 8 сервисті модификациялау аясында төмендегідей шаралар қабылданған:

- ашық нормативтік-құқықтық актілерде мерекелік және ауыстырылған жұмыс күндерін енгізу үшін күнтізбені әзірлеу

- ашық диалогта пайдаланушылардың қолданыстағы жеке деректерінің тарихилығын сақтау және өзектендіру

-   мемлекеттік орган басшыларының блогтарын Ашық диалогта архивтеу

- мемлекеттік орган қызметкерлерінің Ашық деректердегі пайдаланушылардың өтінімдерін қарауды автоматтандыру

-  квазимемлекеттік сектор ұйымдарының деректерді Ашық деректерге ораналастыру

«Қазіргі таңда бір мәселе бар. Ол ҚаржыМин ақпараттық жүйесімен ықпалдастыру бойынша жұмыс 90 пайызға аяқталды. Бірақ толықтай бітіру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі кодтарын көрсету жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек», - деді Диас Крамшеев.
Оның сөзінше, осы бойынша Қаржы министрлігімен жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Ал интеграциялау бойынша төмендегідей шаралар жүзеге асқан.

- ҚР ЦДИАӨМ 2 жиынтығы: ХҚКО ЫАЖ арқылы ұсынылған мемлекеттік қызметтердің саны бойынша ақпарат, өтініш берушілердің қызметтерді бағалауы

- ҚР ДСМ ә жиынтығы; ҚВИ бойынша төсек орындары қорының болуы және нақты уақыт режимінде медициналық техниканың болуы

- ҚР ҚМ 3 жыинтығы: салық төлеушіге есептеулер бойынша ақпарат: жер, мүлік, көлік; салық төлеушінің дербес шотындағы төленген сомалар туралы, салық берешегі туралы

- ҚР БП ҚС және АЕАК 20 жиынтығы: статистикалық есептердің мәліметтерін автоматты түрде орналастыру

Ашық үкіметтің порталдарын танымал ету

Ашық үкімет порталдарын танымал ету бойынша Диас Крамшеев әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда ақпараттық материалдарды жариялау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілгенін атап өтті.

Биыл 87 ақпараттық материал жарияланды:

-        Бірінші басшылардың блогтары бойынша статистика

-        МО интернет конференциялары

-        Порталдардың қолданыстағы мүмкіндіктері

-        Пайдаланушылар үшін енгізілген өзгертулер

Оның келтірген дерегі бойынша, 2020 жылдың бірінші жарты жылындағы статистикаға сүйенсек, «Ашық диалогқа» 230 мыңнан астам, «Ашық деректерге» 101 мыңнан астам адам кірген.

Дербес деректерді қорғау мәселелері

Ал жиынға қатысқан Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов ақпаратқа қол жеткізуді ұсыну кезінде дербес деректерді қорғаудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтті. Оның сөзінше, дербес деректерді қорғау саласын жетілдіру бойынша қабылданған шаралар қабылданған.

Соның бірі  - «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ шеңберінде төмендегідей өзгерістер енгізілген.

1.    Дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды айқындау

Оның айтуынша, бұл жұмыс «Data Protection agency» агенттігіне жүктелген.

Оның құзыретіне:

-        Мемлекеттік саясатты қалыптастыру

-        «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚРЗ талаптарының сақталуын бақылау

-        Азаматтардың шағымдарын қарау және олардың дербес деректер саласындағы құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау

-        ҚРЗ бұзылған жағдайда жауапкершілікке тарту

-        Дербес деректерді жинау және өңдеу шарттары мен тәртібін айқындау

2.    Дербес деректерді қорғау сервисін енгізу

2020 жылдың ІІІ жарты жылдығында мына мәселелер жүзеге асырылады:

-   Дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу

-   Үшінші тұлғалардың өз дербес деректеріне қол жеткізуіне рұқсат ету не қабылдамау

-   Азаматтардың жеке басына қатысты барлық сұраныстарын қарау

-   Азаматтарға олардың дербес деректеріне қатысты іс-әрекеттер туралы хабарлау қызметтері енгізіледі

3.    «Киберсақтандыру» ұғымын енгізу

-   Компьютерлік инциденттер нәтижесінде ұйымға мүліктік зиянды өтеу

-   Деректердің жария ету нәтижесінде жеке тұлғаға моральдық зиянды өтеу

Оның сөзінше, қаржылық қызығушылық бірқатар шараны қорғауға ықпал етеді:

-   Деректердің бүлінуі немесе жойылуы

-   Желінің тоқтап қалуы және істен шығуы

-   Ақпаратты ұрлау, соның ішінде дербес деректерді ұрлау

-   Электронды қол жеткізу тасымалдағыштарын ұрлау немесе жоғалту

4.  Дербес деректердің көлемі мен мазмұны бойынша шектеулер енгізу

- Дербес деректерді негізсіз жинауға және өңдеуге жол берілмейді, яғни дербес деректерді жинаудың мақсаты мен міндеті құжатпен расталуы қажет

- Оператордың қызметі үшін қажетті және жеткілікті дербес деректерді анықтау және бекіту тәртібі қатаң регламенттелген

-  Ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қатысты артық деректерді жинауға жол берілмейді

Бұдан бөлек шешудің жолдарын ұсынды. Оның айтуынша, дербес деректерді жалпыға қолжетімді және қолжетімділігін шектеулі деп бөлу керек. Ол үшін жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректердің тізбесін бекіту қажет (ТАӘ, ЖСН, телефон, ЖК болуы туралы ақпарат). Ал заңсыз деректерді жинау және өңдеу тоқтатылады және жазаланады.

Өтініш толтыру кезінде азаматтар жіберетін қателіктер

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары әрі комиссия мүшесі Сәкен Сәрсеновтың сөзінше, «Ашық диалог» порталы арқылы тұрғындар өтініш жіберген уақытта оны электронды цифрлы қолтаңба арқылы куәландыруы тиіс. Сонымен қоса өтінiште көрсетiлген дербес деректердің және ондағы барлық ақпараттың көпшілiкке жария болуына келісiм беретiнiн атап өтті. Оның айтуынша, азаматтардың өтініштерінде көрсетiлген дербес деректер мен оларға берiлген жауаптaр интернет желісiнде бaрлық пайдаланушыларға қолжетімдi.

«Биыл қaңтарға дейін өтінiштерге тiркелген бaрлық құжaтты кез келген қолданушы жүктей aлады», - деді Сәкен Сәрсенов.  
Iшкі істер министрлігінің мәліметiнше, биыл қаңтар айынан бастап бұл мүмкіндік шектелген. Өтiніштерге тіркелген қосымша құжаттарды тек өтiніш иесі және блок модераторының ғана жүктеуге мүмкіндігі бар. Бірақ азаматтар өтініш беру кезiнде өтініштерінің жариялануына келісім беруіне қарамастан, ол өтініштердiң кейiн интернет арқылы iздеу кезінде барлық пайдаланушыға, яғни жалпыға қолжетiмді бoлатынын ескермейдi. Сoл себепті бұрынғы жазған өтінішін өшiруді сұрап, қайта өтінiш жасайды. Мәселен, оның сөзінше, жыл басынан берi Ішкі істер министрінің блогына 30-ға жуық aзамат өз өтiніштерін өшіру туралы aрыз жолдaған. 

Азаматтар өтініштерінің жалпыға қолжетімділігі әртүрлі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, оның айтуынша, бір азамат ІІМ блогына өтініш қалдырған кезде өзінің жеке куәлігінің суретін қоса тіркеген. Ал алаяқтар оның құжатын өз мақсаттарына пайдаланған. Инстаграм әлеуметтік желісінде кредит беру бойынша оның құжаттарымен растай отырып, оның атынан парақша ашылған. Блокты пайдалану қағидалары бойынша қайта жолданған өтінінш негізінде кері қайтарылды. Бірақ өкінішке қарай өтінішке тіркелген фотосурет бірнеше уақыт бойы гуглдағы іздеу жүйесінде қолжетімді болды. Осы орайда ол азаматтарды блогқа өтініштер қалдыру кезінде жеке деректерге абай болуға шақырды.  

Барлық жаңалықтар