• Басты
  • АШМ сәуір айында көкөніс экспортына 500 сертификат бөлді
17 Сәуір, 2020 17:57

АШМ сәуір айында көкөніс экспортына 500 сертификат бөлді

Сәбіз, пияз, орамжапырақ экспортына арналған фитосанитарлық сертификаттар штатты режимде берілуде, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
АШМ сәуір айында көкөніс экспортына 500 сертификат бөлді

Бүгінгі күні фермерлер мен экспорттаушыларға 5 мың тонна пияз экспортына 220 сертификат, 240 тонна сәбіз экспортына 14 сертификат, 7,2 тонна орамжапырақ экспортына 310 фитосанитарлық сертификат берілді.

⠀Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты өсімдіктердің мемлекеттік карантиндік инспекторлары күшейтілген жұмыс режиміне өтті. Тексеру процедуралары заңнамада белгіленген тәртіппен жүруде, фитосанитариялық жағдайды қарағаннан кейін барлық өтініш иелеріне сертификаттар беріледі. Фитосанитариялық сертификаттарды беру 5 жұмыс күнін, карантиндік сертификаттарды беру - 3 жұмыс күнін алады.

Пиязды, орамжапырақты, сәбізді және көкөністер мен жемістердің басқа түрлерін (азық-түлік картоптарын қоспағанда) экспорттағысы келетіндер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және аудандық аумақтық бөлімшелерінен фитосанитариялық сертификаттар ала алады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды