• Басты
  • АШМ отандық нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті
7 Ақпан, 2020 09:26

АШМ отандық нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жыл ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды. 
АШМ отандық  нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80 пайызға қамтамасыз етеді, ал кейбірінен тіпті артықшылық бар. Тек алты тауар, олар: алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. Десекте, бұл олқылықты ҚР АШМ жақын уақытта жоюды жоспарлап отыр.

Ағымдағы жылы жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуатылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы салынатын болады, 2 мың гектарға бақ отырғызу жоспарланған, Сондай-ақ, Жамбыл және Павлодар облыстарында жылына жалпы өндіріс қуаты 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауытының құрылысы басталды. Сонымен қатар, қолданыстағы үш қант зауыты жаңғыртылады. 

Бұдан басқа, суармалы жерлердің көлемі азықтық дақылдары үшін – 45 мың га, көкөністерге – 15 мың га кеңейтіледі. Сондай-ақ, әртараптандыру бойынша тиімділігі жоғары «майлы және бұршақты» дақылдарға арналған егістік алқабы ұлғайтылатын болады.

Аталмыш шаралар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды