• Басты
  • АШМ квота бойынша қандай тауарлар экспортталатынын түсіндірді
13 Сәуір, 2020 10:02

АШМ квота бойынша қандай тауарлар экспортталатынын түсіндірді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде қандай ауыл шаруашылығы өнімдерін квота бойынша экспорттауға болатынын және қандай азық-түлік тауарларын елден шығаруға толық тыйым салынғанын туралы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


АШМ квота бойынша қандай тауарлар экспортталатынын түсіндірді

«Министрлікке ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды шектеу және тыйым салу бойынша көптеген сауалдар келіп түсуде. Ақпарат алу үшін фермерлер де, журналистер де жүгінуде. Сондықтан көпті толғандырған сауалдарға нақты және толық ақпарат дайындалды», - делінген ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде республика көлемінде азық-түлік қоры қайта нақтыланып, талдаудан кейін, сондай-ақ трейдерлер мен АШТӨ өтініштеріне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды шығарудың кейбір мәселелері туралы» №111 жаңа бұйрығы дайындалды. Құжат ҚР сауда және интеграция министрлігімен келісілді және 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданысқа енгізіледі.

Аталмыш нормативтік актте тауарлардың тізбесі қайта қаралған және «Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге жекелеген тауарларды шығаруға тыйым салуды енгізу туралы» 2020 жылғы 22 наурыздағы бұрынғы бұйрықтың күшін жояды. 

Атап айтқанда, № 111 бұйрығының № 1 қосымшасында Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі көрсетілген. Онда:

- қарақұмық;

- ақ қант;

- картоп;

- балғын немесе салқындатылған пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және өзге де баданалық көкөністер;

- күнбағыс, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған тұқымдары;

- күнбағыс майы;

- қарақұмық жармасы бар.

№ 2 қосымшада елден шығаруға (экспорттауға) шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілді. Бұл:

- сәбіз, шалқан (репа), қызылша;

- орамжапырақ, түрлі-түсті орамжапырақ, кольраби, жапырақты орамжапырақ және және Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер;

-бидай немесе қара бидай ұны;

- жұмсақ бидай және меслин.

№ 3 қосымшада шектеулерді есептеу және бөлу тәртібі белгіленген. Экспортқа енгізілген квоталар және ішкі нарыққа өнімді кепілді жеткізу көлемі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін ай сайын анықталатын болады.

Белгіленген ережелер бойынша ҚР АШМ есепті (келесі) айдың басталуына дейін кемінде 12 жұмыс күн бұрын ресми интернет-ресурста тауарлардың әрбір түрі бойынша квоталар көлемін, тіркелген бағасы бар ҚР ішкі нарығына кепілдендірілген жеткізілімдер көлемін, сондай-ақ өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты туралы ақпаратты жариялайтын болады.

Квоталар мен кепілді жеткізілімдер көлемін ҚР АШМ өндіріс, тұтыну, әкімдіктердің қорлардағы азық-түлік көлемі туралы берген ақпаратына сүйене отырып және «Қазақстанның Астық одағының», «Қазақстанның астық өңдеушілер одағының», «Қазақстанның Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағының» ұсыныстары негізінде есептейді.

Квоталарды алу үшін фермерлер мен трейдерлерге есепті ай басталғанға дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірмей өз өтінімдерін салалық одақтарға беруі қажет, олар өз кезегінде өтінімдерді қалыптастырады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды