• Басты
  • АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру

АШМ: Егін егу науқаны мен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру

28 Мамыр, 2021 13:23

Еліміздің бірқатар аймақтарында фермерлер көктемгі егін егу жұмыстарын аяқтауға жақын. Алдын ала қаржыландыру көктемгі егіс жұмыстарына дайындық бойынша қажетті іс-шараларды уақытылы жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сейпілұлы, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Серікұлы, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы Айболат Жақсылықұлы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Еліміздегі егін егу науқаны

ҚР Ауыл шаруашылығының вице-министрі Айдарбек Сапаров биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 22,8 млн га құрайтынын жеткізді. Биыл әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар дақылдардың, оның ішінде картоп, қарақұмық, қант қызылшасы, майлы және жемшөп дақылдарының алқаптарын кеңейтуге ерекше назар аудару ұсынылған.

Оның айтуынша, бүгінгі күні жалпы егіс алаңынан 16,7 млн га немесе 88,5% егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 млн гектарға артық. Сондай-ақ, 1 млн га жуық басқа да дақылдар себілген.

«Негізгі астық егетін облыстар мамыр айының ортасынан бастап егуге кірісті, бұл ретте Ақтөбе, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында егіс жұмыстары аяқталды. Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарында аяқталу сатысында»,-деді Айдарбек Сапаров.

Сондай-ақ вице-министрдің мәліметінше, шаруалар тұқымдық материалдармен толық қамтылған. Тексерілген тұқымдардың 90%-ы бірінші және екінші егістік стандартына сай келеді. Өнімділікті арттырудың маңызды факторы тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде қолдану екенін айтып өтті.

«Бұл ретте біз 500мың тоннаға жуық минериалды тыңайтқышқа келісімшарт жасадық. Бүгінгі таңда шаруаларға 400 мың тоннаға жуығы жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40мың тоннаға артық»,-деді ол.

Оның айтуынша, шаруалар өсімдіктерді қорғау қызметімен де қамтамасыз етілуде. Нарықта мұнай бағасы кішкене көтерілгеніне қарамастан, үкімет егіс жұмыстарының дизель отынына қажеттілігін 100% қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаған.

«Шаруашылықтар үшін дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрады, бұл нарықтан 14% - ға арзан»,-деді вице-министр.

Елімізде 2021 жылғы бес ай ішінде 140 млрд теңгеге жуық 8700 бірлік техника сатып алынған. Бұл Мемлекет басшысының еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал еткен. Сондай-ақ Айдарбек Сейпілұлы көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландырудың аяқталғанын атап өтті.

«Қаржы институттарынан 128 млрд. теңге бөлінді. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша ағымдағы жылдың егіс науқанын 3-маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр»,-деді ол.

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру

Азық-түлік корпорациясы басқарма төрағасы Қанат Қарауыловтың айтуынша, институт ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерін қаржыландыратынын жеткізді. Бағдарлама ӘКК кепілдігімен жүзеге асырылады екен. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірушілері сұранысқа ие және өзін ауыл шаруашылығы субъектілеріне несие беру тапшылығы жағдайында қаржыландырудың қолжетімді құралы ретінде көрсетіледі.

«Ағымдағы жылы қаржыландыру көлемі 40 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Өнімді сатып алудың жоспарланған көлемі - шамамен 770 мың тонна. Салыстырмалы түрде 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінген, яғни қаржыландыру 63% - ға артты. Күзгі кезеңде астықты жеткізгеннен кейін қосымша ақыны ескере отырып, астық өндірісіне инвестициялау сомасы шамамен 60 млрд теңгені құрайды», - деді «Азық-түлік корпорациясы» басқарма төрағасы.

Сондай-ақ, биыл корпорация сатып алынатын дақылдар тізімін кеңейткен. Олар: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы, соя.

Басқарма төрағасының мәліметінше, форвардтық сатып алу меншікті және тартылған қаражат есебінен жүзеге асырылады. Осы үшін азық-түлік корпорациясы Ресей биржасында 2,4 млрд рубль (шамамен 14 млрд теңге) сомаға облигациялар орналастырған.

«2021 жылғы 28 мамырдағы мәлімет бойынша 39 млрд.теңге сомасында 300-ден астам өтініш қабылданды, 37,7 млрд.теңге ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің шотына аударылды. Алдын ала сатып алу 9 облыста жүзеге асырылады - Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы», - деді ол.

Оның пайымынша, сатып алынған көлемдер ішкі нарыққа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін (ұн, нан, мүйіз, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, сүт) өндіруге арналған шикізат түрінде жіберіледі. 2020 жылы форвардтық сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінді, астықпен қайтару 93,6%-ы құраған. Ол сөз соңында, биыл да ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Азық-түлік корпорациясы алдындағы міндеттемелерін орындайтынын атап өтті.

«Аграрлық несиелік корпорация» төрағасы Айболат Жақсылықұлының айтуынша, "Кең дала" бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 70 млрд.теңге бөлінген. Осы бағдарлама бойынша бұрын қабылданған өтінімдер ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қаржыландырыла бастаған. Сондай-ақ, Аграрлық несие корпорациясы тарапынан өтінімдерді қысқа мерзімде мақұлдау, қаржыландырудың жеделдігі фермерлерге айналым қаражатын толықтыруға, тұқым, гербицидтер, қосалқы бөлшектер және оңтайлы сатып алу құны бойынша егіс жұмыстарына қажетті өзге де тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мүмкіндік беретінін айтып өтті.

«Осы жылы 70 миллиард теңгенің 63 миллиарды қаржы институттарын қаржыландыру арқылы бөлінді. Соңғы қарыз алушылар үшін "Кең дала" бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1,5-тен 5% - ға дейін құрады. Несиелеу мерзімі-2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін.Осы бағдарлама бойынша 2 617 өтінім мақұлданды және қаржыландырылды. Бұл қаражатқа 3,3 млн га алқапта егіс жұмыстары жүргізілуде», - деді Айболат Жақсылықұлы.

Оның айтуынша, өңірлер бойынша өтінімдердің басым бөлігі Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, сондай-ақ Түркістан облыстарынан келіп түскен. 79,5% көлеміндегі қаржыландырудың негізгі үлесі дәстүрлі түрде еліміздің астық егетін өңірлеріне тиесілі: Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары. Биыл агрономдар арасында сұранысқа ие дақылдар: бидай, жем-шөп және майлы дақылдар. Сонымен қатар, "Кең дала" бағдарламасы бойынша берілген жеңілдетілген несиелерді есепке алғанда, жалпы егіс алқабы 3,32 млн гектарды құраған.

Осылайша, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру мерзімінде аяқталғанын айтып өтті.

Барлық жаңалықтар