• Басты
  • АШМ: Биыл 19,1 млн. тонна астық бастырылды
14 Қазан, 2019 10:42

АШМ: Биыл 19,1 млн. тонна астық бастырылды

2019 жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталды және облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес дәнді дақылдардың 15,2 млн. гектар жалпы алқабының 15,1 млн. гектары жиналды, бұл 99,2%-ды құрайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

 

АШМ: Биыл 19,1 млн. тонна астық бастырылды

Министр атап өткендей, гектарына 12,6 центнер орташа өнімділікте  19,1 млн. тонна астық бастырылды.

 «Ағымдағы жылы жаз маусымы ыстық және құрғақ болуы дәнді дақылдар өнімділігінің төмендеуіне себеп болды.Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуі күтілуде.Жаздың аптап ыстығынан басқа, егін жинау жұмыстары барысында ұзақ мерзімді (жалпы есеппен 15-20 күн) жауын-шашын болды, бұл өз кезегінде астықтың сапасына да, өнімділігіне де әсер етті.

Алдын-ала есептер бойынша ағымдағы жылы дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта 19 млн. тоннаны құрауы мүмкін, бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн. тоннаға кем», - деді ол.

 Сонымен қатар, министр айтып өткендей, облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша 1,9 млн. тонна тұқым құйылды, бұл жоспардың 99%-ын құрайды, соның ішінде Қостанай облысы бойынша тұқым құю 98% аяқталды.

 «Тұқым құю бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыстар әкімдіктерінің деректеріне сәйкес тұқым жетіспеушілігі болмайды.Жалпы жиналған жаңа өнімнен 2,9 млн. тонна элеваторларға келіп түсті, оның 1,8 млн. тоннасын бидай, 700 мың тоннасын арпа құрайды», - деді ол.

 Сапархан Омаров айтып өткендей, элеваторларға келіп түскен бидайдың 80%-ға жуығы азық-түліктік, 20% - мал азықтық және техникалық мақсатқа арналған бидай. Өткен жылы азық-түліктік бидайдың көлемі 93% болған.

 «Биылғы 2019/20 маркетингтік жылы дәнді дақылдар өндірісінің азаюына байланысты, экспорттық әлеует өткен жылмен салыстырғанда шамамен

3 млн. тоннаға төмендеуі мүмкін.Бұл ретте, экспорттық бағыттарды кеңейтуге бағытталған өткен жылғы стратегиядан ағымдағы жылдың экспорттық стратегиясы өзгеше болады.Бұл маусымда негізгі мақсат Орталық Азия елдері (Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан), Ауғанстан және Иран тәрізді дәстүрлі өткізу нарықтарындағы қазақстандық астықтың орнын сақтап қалу болып табылады.

Аталған елдердегі жоғары өнімге байланысты дәстүрлі импорттаушы елдердің сұранысы да төмендегенін айта кеткен жөн», - деді министр.

 Осыған байланысты осы бағыттарда бидай мен ұнның 5 млн. тоннадан кем болмайтын орташа жылдық көлемін экспортқа шығаруды қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, қол жеткізілген келісімдер аясында перспективті Қытай бағытында жоғары сапалы Hi-Pro бидайын, арпаны экспорттау қарқынын ұстап тұру қажет.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл 2 млн тоннаға кем астық жиналғанын айтты.

«Биыл ауа райының жайсыз болуына байланысты біз өткен жылмен салыстырғанда бункерлік салмағында 2 млн тоннаға кем астық жинадық. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нанға бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен астықты уақытылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстандағы ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық шараны қолға алу, нан қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауды, сондай-ақ ылғал астықты өңдеу мен кептіруді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. 

Премьер-Министр ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылға жиын-терім тұқымдарына қажеттілігін және олардың сапасын тексеруді қамтамасыз етуді, жаңа жиын-терім астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары аясында логистика мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғарғы ылғалдылығын ескерумен биылғы қазан-қараша айларында астық пен тұқымды кептіруді жүргізу үшін облыстарға дизельді отынның қосымша көлемін бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. 

   Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды