• Басты
  • АШМ: Қазақстанның оңтүстігінде шегірткенің таралу ошағын анықтап, жоюға кірісті
21 Мамыр, 2020 15:10

АШМ: Қазақстанның оңтүстігінде шегірткенің таралу ошағын анықтап, жоюға кірісті

Қазақстанда Мароккалық шегірткенің алғашқы таралу ошақтары анықталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
АШМ: Қазақстанның оңтүстігінде шегірткенің таралу ошағын анықтап, жоюға кірісті

Бұған дейін айтылғандай, 2020 жылы республикада үйірлі және сая шегіртке зиянкестері 824 мың гектарға таралуы күтілуде.

Осы болжамдарға сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен күрес жөніндегі іс-шараларға ауқымды дайындық жүргізді. Атап айтқанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,5 миллиард теңге бөлінді, оларға пестицидтердің әр түрлі топтарының препараттары, сондай-ақ болжанатын барлық алаңға химиялық өңдеу жұмыстары бойынша қызметтер сатып алынды.

АШМ мамандары шегіртке зиянкестерінің ошақтарын GPS навигаторлар мен трекерлердің көмегімен іздеу барысында республика бойынша шамамен 40 млн га жер көлемін зерттеу жоспарланғанын атап өтті.

Алғашқы қорғау іс-шаралары республиканың оңтүстік аймақтарында 10 сәуірден басталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында Марокко шегірткесі 143 мың га алаңда анықталды. Қазіргі уақытта зиянкестер қоныстанған алаңның 67% - дан астамы өңделді.

Басқа аймақтарда шегіртке зиянкестерінің таралу ошақтарының анықталуына байланысты химиялық өңдеу жұмыстары басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізіледі. Бұл туралы ҚР АШМ мамандары РФ, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісімге келді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды