- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары
ҚР үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 21 қыркүйектегі жағдай бойынша азық-түлік корпорациясының ресурстарына 119 мың тонна астық жеткізілгенін атап өтті. Министрдің дерегінше, азық-түлік корпорациясының 426,3 мың тонна көлеміндегі резервтік астық қоры бар. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Астық өндіруші елдер
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Америка құрама штаттарының ауыл шаруашылығы министрлігі мен астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес барлық негізгі астық өндіруші елдерде бидай өндірісінің төмендеуі күтіліп жатырғанын атап өтті. Оның дерегінше, Канадада бидай жинау өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға, Ресей Федерациясында 15%-ға, Америка Құрама Штаттарында 7%-ға төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ, астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауы бойынша әлемде бидай өндіру көлемі 781,7 миллион тоннаны құрайды. Оның дерегінше, ағымдағы жылы дәнді және майлы дақылдардың жинау алаңы 18,9 миллион гектарды құраған.
«Облыстар әкімдіктерінің деректері бойынша өнімділік гектарынан 9,5 центнер болғанда дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн. тоннаны құрайды»,- деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ, ол қазіргі таңда шамамен 14,3 млн. тонна дәнді дақылдар, 200 мың тонна майлы дақылдар жиналғанын атап өтті. Бұл ретте, облыстарда мақсары жинау жүріп жатқанын, ал барлық майлы дақылдарды жаппай жинауға осы айдың соңында кірісетінін жеткізді.
Дәнді-дақылдар қоры
Ол өз сөзінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға жеке тоқталып өтті. Оның мәліметінше, ағымдағы жылы дәнді дақылдар 15,9 миллион га алқаптан жиналады. Осы орайда, облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес өнімділік гектарынан 10,1 центнер болғанда дәнді дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 16 млн. тоннаны құрайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, ол өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескеріп, дәнді дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Жаңа маусымда дәстүрлі түрде қазақстандық бидай мен ұн Орта Азия, Иран мен Ауғанстан нарықтарына жіберілетін болады. Астық сапасының жоғары болуынан Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі артуы мүмкін»,- деді министр.
Егін жинау науқаны
Министрдің сөзінше, ағымдағы жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталған. Осы орайда, егін жинау науқанының қарқыны былтырғыдан жоғары болған. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 15,1 миллион гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 95%-ы жиналған. Ал өткен жылы осындай уақытта 14,5 миллион гектар немесе 91,5% жиналған екен. Оның дерегінше, бүгінгі күні орташа түсімділік гектарына 9,4 центнерді құраған. Сондай-ақ, ол майлы дақылдар, көкөністер, картоп, бақша дақылдары мен мақта жинау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
«Келесі қадам егіннің сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Тұтастай алғанда, республикада қолда бар қоймалар, өткен жылдардың ауыспалы қалдықтарын ескере отырып, болжамды түсімді сақтау үшін жеткілікті»,- деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ, ол Республикада жалпы астық сақтау сыйымдылығы 29,3 млн. тоннаны, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,4 млн. тоннаны, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,9 млн. тоннаны құрайтынын жеткізді. Сонымен қатар, әкімдіктер жаңа түсімді элеваторлардың уақтылы қабылдауына үнемі мониторинг жүргізіп, астықтың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы қажеттігін атап өтті.
Астық қабылдау кәсіпорындары
Оның мәліметінше, жаңа түсімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 1,9 миллион тонна астық, оның ішінде: 1,67 миллион тонна бидай, 163,9 мың тонна арпа, 56,4 мың тонна өзге де дақылдар (сұлы, тары, қарақұмық, күріш) келіп түскен. Сондай-ақ, ол жаңа түсім астығының сапалық көрсеткіштері жоғары екендігін атап өтті.
«Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілген жұмсақ бидайдың жалпы көлемінің 91%-ы 1-3 сыныптарға жатқызылды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 83,8%-ды құраған болатын»,- деді министр.
Сонымен қатар, 4-5 сыныпты және сыныпсыз бидай үлесі 2020 жылғы 16,2%-дан биыл 9%-ға дейін төмендеген. Оның айтуынша, астық қабылдау кәсіпорындарына келіп түсетін астықтың сапасы туралы деректерге сәйкес, құрамында дән маңызы (клейковина) жоғары бидай үлесінің айтарлықтай өскені байқалады. Мәселен, 3-сыныпты жұмсақ бидай көлемінде
әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие дән маңызы 28% және одан жоғары болатын жоғары сапалы HI-Pro бидайы өткен жылғы 59,7%-ға қарағанда 71,3%-ға дейін өскен.
Азық-түлік корпорациясы
Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ағымдағы жылы азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырған. Соның әсерінен министр азық-түлік корпорациясының ресурстарына 769,4 мың тонна көлемінде астық жеткізуге келісімшарт жасалғанын атап өтті.
Оның мәліметінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен толықтай есеп айырысу үшін азық-түлік корпорациясы бидай сатып алу бағасын 3-сыныпты бидай үшін сапасына қарай 103-107 мың теңге аралығында,
4-сыныпты бидай үшін 98 мың теңге, 2-сыныпты арпа үшін 87 мың теңге мөлшерінде белгілеген. Сондай-ақ, ол азық-түлік корпорациясының сатып алу бағалары ішкі нарықтағы ағымдағы бағаларға сәйкес келетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл фермерлердің шығындарын саланың одан әрі дамуын қамтамасыз ететін рентабельділік деңгейімен өтеуге мүмкіндік береді.
«Әдеттегідей, Азық-түлік корпорациясының сатып алу бағасы келісімшарттар жасасу кезінде бағдар болып табылады, осылайша әділ баға белгілеу астық бағасының күрт ауытқуын болдырмауға мүмкіндік бермек»,- деді Ербол Қарашөкеев.
Министр 21 қыркүйектегі жағдай бойынша азық-түлік корпорациясының ресурстарына 119 мың тонна астық жеткізілгенін атап өтті. Бұдан бөлек, министрдің дерегінше, азық-түлік корпорациясының 426,3 мың тонна көлеміндегі резервтік астық қоры бар.
«Аталған астық көлемі ішкі нарықты тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі нарыққа жіберілетін болады. Егін жинау және астық қабылдау жұмыстарын жүргізу мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында»,- деп түйіндеді министр.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы

