Инновациялар

Бас қала: Қол жеткізілген межелер мен алдағы жоспарлар

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов орта мерзімді кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі.Астана әкімінің төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылдың жоспарына арналған қала активінің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Астана қаласы бойынша атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы09 Қаңтар , 16:42

Қала әкімі айтып өткендей, қалалық ортаның сапасын арттыру мақсатында өткен жылы Астана қаласында тұтас құрылыс салу  бойынша 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды.

«Көліктік инфрақұрылым саласындағы жыл сайынғы көлік санының 8-9% - ға, өсу деңгейіне байланысты 2023 жылға дейін 121 км жол, 2 көліктік жол айрығы, 3 көпір, 1 жол өтпесі, 1 тоннель, сондай-ақ, ең алдымен жеңіл рельсті көлік (LRT) салу жоспарланып отыр. Көліктік қаңқасын қалыптастыру елорда жолдарында негізгі магистральді жеңілдетуге және көлік коллапсын туындау ықтималдығының алдын алуға мүмкіндік береді», -деді Б. Сұлтанов.

 Білім саласындағы 2023 жылға дейін елордаға көшіп келетін өсім есебінен мектеп жасындағы балалар контингенті 124 мың адамды құрайды.

«Мектепте орын тапшылығын жою үшін 37 мектеп, 10 қосымша жапсырлас ғимарат (барлығы 63 мың орындық) салынады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін (63 358 балаларды) 25 балабақша салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында 15 нысан салу жоспарланған. ТКШ-і тұрғындарын сапалы қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 150 км сумен жабдықтау желілері және 81 км су бұру желілері салынады. 2-ЖЭО жаңғырту қосымша 2-2,5 млн. шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық ауданын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеді. 3-ЖЭО 1-кезегін салу қаланың батыс және сол жақ бөлігінде жылумен қамтамасыз етеді,  ал 3-ЖЭО 418 Гкал/сағат қуатты 2-ші кезегін салу МЖӘ тетігі арқылы жоспарланған», - деді Б.Сұлтанов.

 Сондай-ақ, 110 кВ 3 қосалқы станцияның құрылысы және 110 кВ әуе желілерін қайта жаңарту жоспарланған.

Сондай-ақ, Б.Сұлтанов Мемлекет басшысы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын іске қосқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Астанада екінші деңгейлі банктермен мақұлданған несиелердің жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгені құрады, бұл 1400 отбасыны пәтермен қамтамасыз етті (874 отбасыға бюджеттен 13,1 млрд. теңге бөлінген). Бағдарлама қолжетімді бола түсуі үшін, біз жергілікті бюджеттен тұрғын үй сатып алуға әлеуметтік көмек ретінде білім беру, денсаулық сақтау және полиция қызметкерлеріне 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлеміз», - деді әкім. 

Әкім айтып өткендей, 2018 жылы Астана әкімдігі үшжылдық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бағдарламалық-нысаналы бюджеттеу қағидаттары негізінде үлкен жұмыс атқарды. 

«Дәлірек айтқанда, бюджеттік шығыстардың негізгі бағыттары қаланың жалпы даму стратегиясына байланысты болады. Мемлекет басшысы қала дамуының жаңа үлгісін әзірлеуді тапсырды. Жаңа бюджеттік циклда алдын ала жоспарлау механизмі қарастырылған, мемлекеттік сатып алудың негізгі конкурстары қазірдің өзінде жариялануы тиіс. Сондықтан, әрбір әкімші мердігер барлық жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсетіп болғанша осы мәселені бақылауда ұстауы тиіс. Біз халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, қала бюджетін басқарудың тиімділігін арттыруды және бюджет шығыстарының нәтижелілігін негізге ала отырып объективті бағалау жүйесін қалыптастыруды көздеп отырмыз», - деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Астана әкімшілігі жергілікті бюджетке қосымша кірістер тартады, бұл өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«2018 жылы біз бюджеттің өзін-өзі қамтуының рекордтық деңгейіне қол жеткіздік. Меншікті кірістер үлесі шығындардың жалпы көлеміндегі 63% жетті  (268 млрд. теңге 435,7 млрд. теңге) 2017 жылы 51%, (244,2 млрд. теңге 500,7 млрд. теңге)», - деді Б.Сұлтанов.
 

Сондай-ақ, Б. Сұлтанов 2018 жылы қала экономикасына шамамен 1 трлн теңге инвестиция тартылғанын айтты.

«Инвестиция құрылымында біз оң өзгерістерді байқадық. Егер бұрын тартылған инвестициялардың жартысынан астамы мемлекет бюджеті есебінен болса, қазір оның үлесі едәуір азайды. Қала инвестицияларының 90%-ын жеке бастамалар қалыптастырады», - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, Астана шетелдік инвесторлар үшін тартымды.

«Өткен жылы 200 млрд теңге шетелдік капитал тартылды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда олардың көлемі артқан»,- деді әкім.

 Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында  2019  жылы іске жалпы сомасы 27,6 млрд. теңгені құрайтын 500-ден астам жаңа жұмыс орнын  ашатын төрт инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.  Мұнымен қоса, құны 6,9 млрд теңгені құрайтын екі жобаның құрылысы басталады.

«Мемлекет басшысының табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша тапсырмасына жеке тоқталғым келеді. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қала тұрғындары үшін тарифтер электр қуатына - 13% (11,4 теңге /квтс 9,89 теңге дейін), жылумен қамтамасыз ету – 9% (2304,82 теңге/Гкал 2100,42 теңге/Гкал дейін), сумен жабдықтау мен су – 10% - ға (41,26 теңге/куб. м. 37,13 теңге/куб. м. дейін) қатты тұрмыстық қалдықтарды, лифт қызмет көрсету және қызмет ПИК – 5%-ға төмендеді», - деді Б. Сұлтанов. 

Сонымен қатар, әкім Астанада 2050 жылға дейінгі елорданың даму стратегиясын әзірлеуге кіріскенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға Астананы жаһандық қалаға айналдыру міндетін қойды, ол креативті адамдарды, таланттарды, жастарды, сондай-ақ туристер мен шетелдік инвесторларды тартудың негізгі орталығына айналады. Әрине, бұл үшін бізге заманауи урбанистік шешімдерді, қала құрылысына бағытталған жаңа тәсілдерді қолдану қажет», – деді әкім.

Оның айтуынша, қала стратегиясы тек «құрғақ» бюрократиялық құжат болмайды. Жаңа стратегия мүдделі тұлғалардың – қала тұрғындарының, кәсіпкерлердің, сарапшылардың, оның ішінде халықаралық сарапшылардың кең ауқымды пікірін ескере отырып әзірленетін болады.

 «Біз өз қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарамайтын әрбір адамның Астананы одан әрі дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айта алатын көптеген тыңдаулар өткіземіз. Барлық талқылаулардан кейін біз қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа стратегияны таныстыруды жоспарлап отырмыз. Стратегия біз үшін, бір жағынан, «болашақтың жобасы», екінші жағынан, алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің «осы жерде және қазір» іс-қимылына нақты нұсқау болады», – деп түйіндеді сөзін Бақыт Сұлтанов.  
 

Сондай-ақ, елордада 2050 жылға дейінгі Астананың даму стратегиясы әзірленуде.

«Астананы дамыту мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Ел Президенті айтқан жаңа мақсаттар мен міндеттер қаланың ұзақ мерзімді дамуын түзетуді талап етеді. Сондықтан біз Астананың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуге кірістік», – деді Бақыт Сұлтанов.

Қала әкімінің айтуынша, 2030 жылға қарай халық саны 2 млн адамға дейін өссе, 2050 жылға қарай 3 млн адамнан асады деп күтілуде. Осыған байланысты, Астананы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

 «Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы – тұрғындар. Таланттарды тарту және олардың қаладан кетуін болдырмау үшін қалалық ортаны барынша тартымды және жайлы ету керек. Ең алдымен, бұл – қолжетімді, сапалы тұрғын үй, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім берудің жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік. Екіншісі – қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананың тартымды туристік дестинациясын өзгерте отырып, ақылды және мейірімді қалаға айналуына ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастырып, тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту да. Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көлік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше, бұл – қала қазынасына қосымша салықтар. Үшінші – қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді. Ол үшін біз 2035 жылға дейін Астананы дамытудың жоспарын әзірлейміз», – деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов қала активімен кездесу барысында қаланың өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге бағытталған жобалардың жұмысы туралы баяндады.

 Осындай сәтті жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде әкім Big Data, Smart білім, Smart Медицина, Open Data, ITS, Е-ПИК-ті атап өтті.

«Әкімдіктің бірыңғай байланыс орталығы базасында біз келіп түскен барлық шағымдар мен өтініштерге жүйелі талдау жүргіземіз. Олардың саны өткен жылдың өзінде 1 млн-нан асқан болатын», – деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, қала басшысының айтуынша, «Сергек» фото және бейнебақылау жүйесін енгізу жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға, жол-көлік апатының салдарынан жараланғандардың санын 16%-ға, ал өлім-жітімді екі есеге (48%) төмендетуге мүмкіндік берді.

Әкім атап өткендей, «Сергек» елдегі ІТ және қауіпсіздік саласында жүзеге асырылып жатқан МЖС-ның алғашқы жобасы болып табылады. Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Биыл әкімдік Астанада «ақылды қала» жобасын қалыптастыру жұмыстарын толық аяқтауды жоспарлап отыр.
 

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

 




Яндекс.Метрика