• Басты
  • Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді
12 Наурыз, 2020 17:54

Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспары мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын (ЖҰЖ) орындау барысы қаралды. 
 Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, энергетика министрі Н. Ноғаев, сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова баяндады. 

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін оларды алу тетіктерін күшейте отырып, өндірістік қызметке тарту жұмыстарын жандандыру, ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, балалар үшін спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету жөніндегі шаралар, сондай-ақ Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы қаралды.

Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық және сапалы іске асыру бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

Бірінші кезекте экономиканың басымдықты секторларындағы жаңа ірі жобаларға инвестиция тарту көлемін арттыру, инвестициялық ахуалды жетілдіру, мемлекеттік басқару реформасын жүргізу, салық жүйесін жаңғырту және т. б. бойынша тармақтарға ерекше назар аударылды. 

«Жалпы, басымдықты салаларда жаңа жобаларды құру үшін зәкірлі инвесторларды тарту бойынша жұмысты жандандыру қажет», — деді А. Мамин.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды