• Басты
  • Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді
4 Мамыр, 2020 17:01

Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді

Биылғы 29 сәуірден 4 мамыр аралығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс саласын, азаматтық авиацияны, өңдеу секторын, агроөнеркәсіптік және көлік кешенін, шағын және орта бизнесті, сауда мен туризмді дамыту және қолдау мәселелері жөнінде кеңестер өткізді. 
 Асқар Мамин экономиканың түрлі салаларын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Атамекен» ҰКП және салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты.  

Кеңестерде кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, несиелендіру мәселелері, отандық тауар өндірушілерді қорғау, реттелетін сатып алулар құралдары, экспортқа бағытталған, ең алдымен, орта және жоғары бөліністегі өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды қолдау, рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және т. б. шаралар егжей-тегжейлі қаралды.

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстанның экономикалық өсімін қалпын келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлеу кезінде экономика салаларын қолдау бойынша әзірленген тәсілдерді ескеруді тапсырды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды