• Басты
  • Асқар Мамин Б.Атамқұловқа қандай сұрақтар қойды
21 Сәуір, 2020 10:11

Асқар Мамин Б.Атамқұловқа қандай сұрақтар қойды

Индустрия және инновациялық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында негізгі баяндамасын жасап болған соң, оған Премьер-Министр Асқар Мамин бірнеше сқрақ қойды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.
 Асқар Мамин Б.Атамқұловқа қандай сұрақтар қойды

Премьер-Министр Асқар Мамин министрге осы жылы республикалық жолдарда ақылы режим енгізу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақ қойды.

Министр оған мүдірмей жауап берді.

«Ақылы жолдарды іске асыру бойынша өткен жылы 138 млрд теңгеге ұзындығы 11 мың шақырым жөндеу жасалған жерге ақы алу бойынша келісім шартқа қол қойылған. Бүгінгі таңда инвестор учаскелерін тексеріп, бақылау орнату нүктелерін анықтады. Биыл 5700 шақырымға ақы алу жоспарлануда», - деді ол.

Сонымен қатар, министр биыл 200 мың адам жұмыспен қамтылатынын айтты.

«Оның 100 мыңы автомобиль жолдарын салу, қайта жөндеу нысандарында. Тағы 100 мың адам жол құрылысы материалдарын өндіру, жеткізу және қызмет саласына жұмылдырылады», - деді ол.

Оған қоса, министр Түркістанда әуежайдың салынуы 50 пайызға аяқталғанын айтты.

«Жолаушылар терминалы мен ғимараттың метал конструкциясын монтаждау жұмыстары аяқталуда. Ұшу-қону қону жолағы мен перронның үшінші қабаты төселді. Бүгінде қажетті материалдар сатып алынды, нысанға жеткізілді. Құрылыс алаңдарында 340 адам жұмыс істеп жатыр. 105 бірлікке жуық техника бар», - деді ол.

Сонымен қатар, министр А.Маминнің Үлкен Алматы жолына қатысты құрылысы туралы сұрағына жауап берді.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 26 шақырымға өрістелді. 300-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы жылы барлық 66 шақырым жол қамтылады деп күтеміз. Барлық жұмыстар басталды», - деді ол.


Аягөз Құрмаш 

Фото: ашық дереккөз 
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды