• Басты
  • Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы

Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы

27 Шілде, 2021 17:02

Бүгін Қаржылық мониторинг агенттігі департаменттерінің басшылары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеп, қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг бөлімшелерінің қызметі және ҚМА Жас мамандар пулы туралы баян етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Нұрлан Адалиев осы жылдың қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы мониторингі агенттігі құрылғанын еске салды. Агенттік төрағасының да сапаны таңдауды жақсарту және персоналдың біліктілігін арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын да атап өтті. Елдегі қалыптасқан жағдай құқық қорғау органдарына азаматтардың талаптарын қанағаттандыруы бойынша жаңа талаптарды жүктейтінін де тілге тиек етті.

«Осыған байланысты персонал бөлімі қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту және қаржылық мониторинг органдары қызметтерінің қызметіне жаңа технологияларды енгізу бойынша тренингтер мен семинарлар өткізеді», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, семинарлардың тақырыптары қажетті талдау дағдыларын дамытуға, тиімді коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ қызметкерлердің азаматтармен өзара іс-қимылын жақсартуға, оның ішінде тергеу мен жобаларды басқарудың заманауи әдістерін енгізуге қатысты мәліметтерді қамтиды. Осы жылдың басынан бері 450-ден астам қызметкерді қамтыған 40-қа жуық тренингтер мен семинарлар өткізілген.

«ҚМА жас мамандар пулы» жобасы

Сонымен бірге, Нұрлан Адалиев сапаны таңдауды жақсарту үшін қолға алынған «ҚМА жас мамандар пулы» жобасына тоқталды. Жобаның мақсаты - құқық қорғау органдарында жұмыс істегісі келетін және елдің экономикалық қауіпсіздігіне үлес қосқысы келетін ең білімді, талантты және шығармашыл жастарды іріктеу арқылы ҚР ҚМА-ның кадрлық әлеуетін нығайту және жаңарту.

«Мақсатты аудитория - жоғары оқу орындарының түлектері, олимпиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, үздік дипломдардың иелері. Біз қызыл диплом негізгі көрсеткіш емес екенін түсінеміз, сондықтан бізді белсенді өмірлік ұстанымы бар, қарым-қатынас, шығармашылық және стандартты емес ойлау қабілеті бар сияқты кәсіби құзыреттіліктер жиынтығы бар шығармашыл жастар қызықтырады», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, дәстүрлі іріктеу жүйесінде үміткерлер құжаттарын тапсырып, әңгімелесуге келеді. Бұл тәсіл, оның пікірінше, әлеуетті үміткерлерді жақсырақ білуге ​​толық мүмкіндік бермейді. Сондықтан ол сарапшылар тобымен бірге кандидаттардың моральдық және іскерлік қасиеттерін алдын-ала зерттеу кезеңін енгізудің орынды екенін алға тартып отыр.

«Осы іріктеудің нәтижелері Агенттіктің басшылығы мен мүдделі қызметтерінің қатысуымен өтетін әңгімелесуде қарастырылады, онда үміткерлерге келесі кезеңнен өтуге - Құқық қорғау органдары академиясында емтихан тапсыру және оқудан өтуге жолдама беріледі», - деді ол.

Осы орайда, департамент оқу процедуралары мен кезеңдерін жасақтаған. Осы жылдың маусым айында департаменттің ресми сайтта экономикалық тергеу қызметін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған.

«Мәселен, бірінші кезең ағымдағы жылдың 15 маусымы мен 30 шілдесі аралығында. Әлеуетті үміткерлер веб-сайтта, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, электронды форматта өтініш бере алады. Бүгінгі күні 150-ден астам өтінім берілді», - деді департамент басшысы.

Қазіргі таңда күнтізбелік жоспар құрып, таңдау процедурасы жүргізіліп жатыр. Сұхбатқа шақырылатындардың мәліметтер ресми сайттың парақшаларында және әлеуметтік желілердің парақшаларында орналастырылады. Персонал қызметкерлері келесі кезеңнің өтетін күні туралы бәріне дереу хабарлайтын болады.

«Мен біздің кандидаттардан белгілі бір себептермен белгіленген күні келе алмайтын жағдайда бізге хабарлауларын сұраймын. ҚМА бұған дейін Instagram-да 3 хабар таратқан, онда біз өзімізді қызықтыратын мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірмелер бердік, соның ішінде адамдар түсініктемеде сұрақтар қалдырады, олар бойынша біз кері байланыс жасаймыз», - деп толықтырды ол.

Оның мәліметінше, белгіленген күні үміткерлер интелектуалды қабілеттері мен құзыреттіліктерін анықтауға арналған тест тапсырады. Мұнда оның зеректігінің деңгейін ғана емес, сонымен қатар анализ жасау, техник, жедел уәкіл немесе тергеуші ретінде жұмыс істеуге бейімділігі бағаланады. Келесі кезекте үміткерлердің өз ойларын дұрыс, қисынды және дәйекті түрде жеткізе алатындығын көрсететін эссе жазу кезеңі жүзеге асырылады.

«Ал соңғы кезең - ұзақтығы 1,5 минуттан аспайтын мотивациялық бейнефильм дайындау. Өтініш берушілерге дайындалуға уақыт беріледі, содан кейін олар ұялы телефон камерасында бірнеше сұрақтарға жауап беруі керек», - деді департамент басшысы.

Бұл үміткердің шығармашылық және стандартты емес қабілетін бағалауға, сондай-ақ оның ойларын қорытындылауға, оның коммуникативтік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.

«Біз барлық үміткерлерге осы кезеңде біреуді тізімнен шығармаймыз. Өйткені түпкілікті шешім Агенттік басшылығының және мүдделі қызметтер өкілдерінің қатысуымен сұхбаттасу кезінде қабылданады. Біздің жоба Агенттікке жүктелген міндеттерді тиімді орындауға қабілетті қызметке ең талантты үміткерлерді ашық түрде таңдауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», - деді Нұрлан Адалиев.

Қаржылық мониторинг департаментiнiң жұмысы

Бұдан бөлек, Қаржылық мониторинг департаментiнiң басшысы Мақсат Ноғайбаев қылмыстық кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы қаржылық барлау бөлiмшелерiнiң қызметiне тоқталды.

«Ережеге сәйкес, Агенттiк екi негiзгi функцияны жүзеге асырады: қылмыстық кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы қаржылық мониторинг және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу (экономикалық тергеп-тексеру қызметi) – деді ол.

Оның сөзінше, қылмыстық кiрiстердi жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға қарсы күрес жөнiндегi халықаралық стандарттардың жаһандық таралуында әлемнiң әртүрлi аймақтарында ФАТФ үлгiсi бойынша құрылған топтар маңызды рөл атқарады.

Сонымен біррге, ол Қазақстан Республикасы ФАТФ үлгiсi бойынша өңiрлiк топ – Қылмыстық кiрiстердi заңдастыру және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөнiндегi Еуразиялық топтың (ЕАТ) қатысушысы болып табылатынын еске салып өтті.

Оның сөзінше, ЕАТ-қа қатысу Қазақстанға ФАТФ стандарттарына сәйкес келетiн ақшаны жылыстатуға және терроризмдi қаржыландыруға (АЖ/ТҚҚ) қарсы iс-қимылдың тиiстi құқықтық және институционалдық негiздерiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. 

«Осы қызмет шеңберiнде ЕАТ өз мемлекеттерiнiң КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiне өзара бағалауды жүргiзедi, еуразиялық өңiрдiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қылмыстық кiрiстердi заңдастыру және терроризмдi қаржыландыру саласындағы типологияларға талдау жасайды, сондай-ақ кадрларды оқытуды қоса алғанда, топқа мүше-мемлекеттерге техникалық жәрдемдесу бағдарламаларын iске асырады», - деді ол.

Осылайша, ЕАТ мiндеттерiнiң бiрi – АЖ/ТҚҚ және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласында ФАТФ-тың 40 Ұсынымын енгiзуге жәрдемдесу. Бұл Ұсынымдар «жылыстатуға қарсы» жүйелердiң тиiмдiлiгiн арттыруға әсер етедi және елдегi инвестициялық ахуалды жақсартады. Басқаша айтқанда, АЖ/ТҚҚ саласындағы осы стандарттардың сәйкес келмеуi ұлттық экономикаға үлкен зиян келтiруi мүмкiн: ел кез-келген ашық халықаралық қолдаудан айрылып, қоғамдық қарым-қатынастардан аластатылады.

«Бұл елдердiң тұрғындары халықаралық сауданы тоыққанды жүргiзе алмайды, шетелдiк банктерде және төлем жүйелерiнде шоттар ашу езiнде айтарлықтай қиындықтарға тап болады (көпшiлiгi мұндай клиенттермен жұмыс жасаудан бас тартады) және бұл елдерге жолданатын төлемдер автоматты түрде күдiктi болып саналып, бұғатталуы мүмкiн», - деді ол.

Барлық жаңалықтар