• Басты
  • Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит

Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит

15 Маусым, 2021 12:08

Бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлары туралы халық алдында есеп берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Министрлiк құрылымы

Министрлiктiң мәлiметiнше, Қаржы министрлiгiнiң штат саны 16 247 бiрлiктi құрайды. Соңғы екi жылда Министрлiк үлкен оңтайландыру жұмыстары жүргiзiлiп, 1 965 бiрлiк қысқартылды. Қазiргi таңда министрлiктiң құрылымы орталық аппараттан,
4 ведомстводан және 3 ведомстволық бағынысты ұйымнан тұрады. 

Оның айтуынша, министрлiк тарапынан жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтiң 50 түрi көрсетiледi, оның iшiнде 46 немесе 92%-ы электрондық түрде.

«2020 жылы барлығы 22,9 млн мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде 22,2 млн немесе 97%-ы электрондық түрде. Болашақта барлық қызмет түрiн электронды форматқа көшiру жоспарымызда бар», - деп толықтырды министр.

Оның сөзiнше, министрлiктiң мақсаттары мен мiндеттерi экономиканы тұрақты дамытуға, қазақстандықтардың нақты әл-ауқатын арттыруға және жүктелген барлық тапсырмаларды iске асыруға бағытталған. 

«Бiздiң басымдықтарымыз бюджет шығыстарын жоспарлау тиiмдiлiгiн арттыру және бюджеттiк рәсiмдердi жақсарту, салықтық-кедендiк әкiмшiлендiру мен аудиттi жетiлдiру және цифрландыру», - дедi Ерұлан Жамаубаев.

Кiрiстер бойынша

Министрлiктiң мәлiметiнше, өткен жылы мемлекеттiк бюджетке 9 трлн 751 млрд теңге кiрiс түскен немесе жоспар 102,7%-ға атқарылған. 2019 жылмен салыстырғанда 62,7 млрд. теңгеге өсiп, яғни жоспар 100,6%-ды құраған. 

«Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi бойынша жоспар 108%-ға атқарылды немесе жоспарланған 2 трлн. 955 млрд. теңгенiң орнына 3 трлн. 191 млрд. теңге түстi», - дедi министр.

Ал, былтыр республикалық бюджетке 6 трлн. 561 млрд. теңге кiрiс түстi немесе жоспар 100,3%-ке атқарылған. Кiрiстер бойынша жоспар 22 млрд. теңгеге, оның iшiнде салықтар – 16 млрд. теңгеге асыра орындалған.

«Салықтар бойынша асыра орындаудың негiзгi сомасы корпоративтiк табыс салығына, пайдалы қазбаларды өндiру салығына және шикi мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына тиесiлi болды», - дедi Ерұлан Жамаубаев.

Бюджет шығыстарына қатысты

Оның дерегiнше, мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджеттiң шығыстары 98,3%-ға, жергiлiктi бюджеттердiң шығыстары 99,1%-ке атқарылған. Республикалық бюджет бойынша 14 трлн. 234 млрд. теңге сомаға шығыстар жүргiзiлген.

«Атқарылмау 241 млрд. теңгенi құрады. Оның iшiнде 224 млрд. теңге Үкiмет резервi бойынша үнемделген ақша және өзге де үнемдеу. Игерiлмегенi - 15,8 млрд. теңге. Оның негiзгi себептерi қатарына өнiм берушiлердiң шарт талаптарын бұзуы, төлем жөнiндегi құжаттарды ұзақ келiсу, орындалған жұмыстар актiлерiн ұсынбау жатады», - дедi министр.

Мемлекеттiк активтердi басқаруға қатысты

Министрдiң мәлiметiнше, 2020 жылы Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кешендi жоспары аяқталып, былтыр 101,1 млрд. теңгеге 12 объект сатылған. Нәтижесiнде мемлекеттiң экономикадағы үлесi 2015-2020 жылдар арасында жалпы iшкi өнiмге қатысты 19,1%-тен 15%-ға дейiн қысқарды. Жекешелендiру рәсiмдерiн оңайлату және жеделдету мақсатында тиiстi заңнамалық актiлер қабылданған.

Оның айтуынша, бюджеттi атқарудың маңызды құрамдас бөлiктерiнiң бiрi - мемлекеттiк сатып алу. Бүгiнде оның бүкiл процесi автоматтандырылған. Веб-порталда 109 мыңнан астам өнiм берушi мен 24 мың тапсырыс берушi тiркелген. Мемлекеттiк сатып алу көлемi 2019 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсiп, 5,9 трлн. теңгеден астам соманы құраған. Өткен жылы мемлекеттiк сатып алу кезiнде шартты үнемделген қаражат 448 млрд. теңгенi құраса, жалпы соңғы 3 жылда үнемдеу 1 трлн. теңгеден асқан.

Мемлекеттiк аудит бойынша 

2020 жылы 10,4 трлн теңгеге 1,4 млн-нан астам мемлекеттiк сатып алу рәсiмi камералдық бақылаумен қамтылған. Қорытындысы бойынша 983 млрд.теңгеге бұзушылықтар ескерiлген.

251 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 74%-ы бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктi жүргiзу кезiнде бұзушылықтарға келедi. Тауарларды жеткiзудi, қызметтердi көрсетудi және жұмыстарды орындауды қалпына келтiру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 237 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылған.

«251 материал құқық қорғау органдарына жiберiлдi, ал бұзушылықтарға жол бергенi үшiн 2 349 лауазымды тұлға жауапкершiлiкке тартылды. Аудит объектiлерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 1 950 ұсыным берiлдi», - дедi Ерұлан Жамаубаев.

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ-ның қызметi

«Электрондық қаржы орталығы мемлекеттiк сатып алу және квазимемлекеттiк сектордың сатып алу бойынша Бiрыңғай операторы және бюджет процесiнiң интеграторы болып табылады», - дедi министр.

Есептi кезеңде Электрондық қаржы орталығы мынадай iс-шараларды орындады:

- мемлекеттiк сатып алудың бүкiл процесi автоматтандырылды;

- бюджеттiк жоспарлау мерзiмi 2 есеге қысқартылды;

- салық төлеушi кабинетi жұмысының жылдамдығы 8 есеге артты;

- Байланыс орталығы тәулiк бойына, 24/7 режимiне ауыстырылды.

Нәтижесiнде 2020 жылы 915 млн. теңге таза пайда алынды, оның 700 млн. теңгесi дивиденд ретiнде республикалық бюджетке аударылды.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ қызметi

Оның негiзгi функциялары:

- мемлекеттiк меншiктi есепке алу;

- жекешелендiру нәтижелерiн ұйымдастыру;

- бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет көрсету;

- қаржылық есептiлiк депозитарийiн жүргiзу;

- астық қолхаттарын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу болып табылады.

«Орталықтың цифрлық платформаларының 400 мыңдай пайдаланушылары бар. 2020 жылдан бастап көмiрсутектерге жер қойнауын пайдалану құқықтарын iске асыру бойынша аукциондар үшiн электрондық сервис енгiзiлдi», - дедi ол.

Оның сөзiнше, былтыр 23 желтоқсанда жер қойнауының жетi учаскесi бойынша алғашқы электрондық сауда-саттық өткiзiлдi. Ашықтық пен бәсекелестiк нәтижесiнде ондағы бастапқы баға 263 млн теңгеден 61 млрд теңгеге дейiн өскен. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзiрленген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалануға цифрлық мониторинг пен бақылауды енгiзу жөнiндегi IT-жоба Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық байқауында 150 қатысушының iшiнен 2-орынды иеленiп, үздiктердiң бiрi болып танылды. Бұның барлығы бiз үшiн үлкен жетiстiк», - дедi министр.

Проблемалық кредиттер қорының қызметi

Министрдiң айтуынша, қордың екi стратегиялық бағыты бар. Бұл банк секторын сауықтыру және сатып алынған активтердi экономикалық айналымға тарту. Проблемалық активтердi сауықтыру және борышкер компанияларды экономикалық айналымға тарту үшiн 43 борышкер компанияның берешегi қайта құрылған.

«Сондай-ақ, 2019-2020 жылдары Қор өмiрлiк қиын жағдайға тап болған азаматтардың борыш жүктемесiн азайту бойынша қаржы операторы болып табылды. Екiншi деңгейдегi банктер мен микроқаржы ұйымдарының шоттарына 700 мыңнан астам адамның қарыздары өтелдi», - деп толықтырды министр.

Барлық жаңалықтар