• Басты
  • Қаржы министрлігі 1 150 млн еурода еурооблигациялар шығарылымын табысты жүзеге асырды
27 Қыркүйек, 2019 15:59

Қаржы министрлігі 1 150 млн еурода еурооблигациялар шығарылымын табысты жүзеге асырды

Шығарылым айналым мерзімі 7 жыл және 0,6 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 500 млн. еуро сомасында және айналым мерзімі 15 жыл және 1,5 пайыз купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 650 млн еуро сомасында  екі транштан болды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Қаржы министрлігі 1 150 млн еурода еурооблигациялар шығарылымын табысты жүзеге асырды

Қазақстанның еурооблигациялар бойынша қарыз алу құны республика үшін, сондай-ақ жалпы ТМД аймағында рекордтық төмен деңгейде қалыптасты. Мысалы, 7-жылдық еурооблигация бойынша купон 0,6 пайыз деңгейінде болып, BBB рейтингі категориясындағы дамушы елдер ішіндегі мемлекеттермен бұрын қалыптастырылған тарихи төмен купондық мөлшерлеме болып табылады.

Сонымен қатар, екі транштың кірістілігі Қазақстан Республикасының еуро валютасындағы ағымдағы қисық сызығына теріс сыйақыны білдіріп, кредиттік рейтингі жоғары дамыған бірқатар басқа дамушы елдердің қатарына кіреді, бұл Қазақстанда халықаралық инвесторлардың жоғары сенімі мен қызығушылығының бар екендігін растайды.

ҚР Қаржы министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлағандай, 15-жылдық айналым мерзімімен транш ТМД аймағында бұрын эмитенттермен шығарылған еурода деноминацияланған ең ұзақ шығарылым болды.

Бұл мәміле Қазақстан Республикасына дәстүрлі түрде еуроға бағытталған инвесторларды тарту арқылы инвесторлық базасын диверсификациялауға мүмкіндік берді. 15-жылдық айналым мерзімімен транш шығарылымы арқылы Қазақстан еурода табыстылық қисығын ұзартып, халықаралық капитал нарығында өз беделін нығайтуға қол жеткізді.

Шығарылымның алдында Лондонда қаржы, ұлттық экономика министрліктері, Ұлттық Банкі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдерінен тұратын делегациясының 2-күндік роуд-шоуы болды.

 25 қыркүйекте прайсинг болып, оның нәтижесінде 110 сапалы инвесторлардың қатысуымен 2,8 млрд.еуроны құрайтын өтінімдер кітабы қалыптасты.

Еурооблигациялар Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған.

Бұл ретте, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасында еурооблигацияларды орналастырудың жалпы сомасынан 17 пайызды құрайтын  192 млн.еуро жалпы сомадағы екі транш орналасқан.

Мәміленің халықаралық ұйымдастырушылары, бірлескен лид-менеджерлер мен букраннерлер ретінде Citi және Societe Generale, бірлескен лид-менеджерлер ретінде - UBS және қазақстандық ұйымдастырушы  – «First Heartland Securities» (FHS) болды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды