• Басты
  • «Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды

«Арыстан» мамандандырылған лицейіне 10 жыл толды

1 Шілде, 2021 15:56

Он жыл бұрын «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» Қоғамдық қорының қамқорлығы аясында ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Динара Құлыбаеваның басшылығымен бүгінде еліміздегі алдыңғы қатарлы, инновациялық және үлгілі мектептің біріне айналған ерекше мектеп дүниеге келді. Биыл «Арыстан» мамандандырылған лицей өзінің алғашқы мерейтойын атап өтуде.

Мерейтойға және лицейдің тоғызыншы түлек ұшыруына арналған мерекелік іс-шараға Қамқорлық кеңес төрағасы Тимур Құлыбаев, Қоғамдық қор директорының бірінші орынбасары Светлана Мурзабекова, генерал-майор Владимир Тузиков және тағы басқалар қатысты.

Бүгінгі таңда «Арыстан» мамандандырылған лицейі әскери бағытқа ие білім беру мекемесі және көптеген дарынды жасөспірімдердің арманы болып табылады. Онда 9-11-сыныптар бойынша Қазақстанның барлық өңірінен келген 240 бозбала білім алуда. Үздіктердің үздігі ғана оқуға қабылданады, бір орынға 10-12 адам сайысқа түседі.

Бірнеше жыл бұрын ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Арыстан» лицейін еліміздегі әскери бейіндегі орта оқу орындарының үздігінің бірі ретінде атап, жоғары баға берді: «Бұл лицей мемлекеттік емес, жеке қаражат есебінен құрылғандығын ескерсек, ерекше оқу орны. Лицейге оқуға түсу үшін аз қамтылған және көп балалы отбасылардан келген балаларға басымдық беріледі. Лицейге конкурстан өту арқылы үздік оқушылар түседі, кейін олар еліміз бен әлемнің жетекші унисерситеттерінде оқып білім алады. Мұндай оқу орындарында келешек көшбасшылар тәрбиеленді».

Білім беру кешені Іле Алатауының көрікті баурайында орналасқан, онда арыстандықтар қайырымдылық негізде тұрып, білім алады. Лицей Қамқорлық кеңесінің демеушілік қаржысы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры қаражатымен қаржыландырылады.

«Арыстан» лицейінің бастығы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәбит Тауланов өз тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтанышпен атап көрсетеді: «Біздің басты міндетіміз – лицейліктер бойында табанды мінез, жоғары мәдениет, шынайы елжандылық пен азаматтық борыш сезімін қалыптастыру. Арыстандық түлектер Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, АҚШ, Түркия, Қытай жоғары әскери оқу орындарында оқуларын жалғастырады. Алғашқы жылдар түлектері бүгінгі таңда Қазақстанның әлеуетті құрылымдары бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызметтер атқаруда. Және олардың барлығы да лицей абыройын жоғары ұстауда. Лицейдің оқу қызметіндегі табыстары халықаралық деңгейде де өз бағасын алуда». 

Арасында педагогика ғылымдарының докторы және PhD доктор, ғылым кандидаттары, шебер-педагогтар мен зерттеуші-педагогтар, халықаралық олимпиадалар мен республикалық конкурстарға қатысушылар, сондай-ақ запастағы жиырма жеті офицер бар жоғары білікті оқытушылар мен тәрбиеленушілердің жолға қойылған жұмысының арқасында лицейде білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіліп отыр. Олардың барлығы өз білімдері, өмірлік және әскери тәжірибелерімен бөлісе отырып, балаларға көмегін аямайды.

«Егер түлектеріміздің ғылыми жобаларымен танысқан болсаңыздар, сүйсіне қайран қалар едіңіздер. Кейде тіпті бар-жоғы 15-17 жасар лицейліктің қалай қызықты, сауатты, келешекке ие мазмұнды ой тұжырымына таңданбасқа шараң қалмайды. Олардың ғылыми жобалары кішігірім ғылыми еңбекке татиды. Бұл ойшыл да сауатты педагог пен танып-білуге ұмтылған лицейлік тандемі арқасында мүмкін болған нәрсе. Ал жалпы алғанда бұл «Арыстан» қолтаңбасы, – деп әңгімелейді Сәбит Тауланов.

Оқу семестрлер бойынша жүреді, жылына екі мәрте каникул беріледі. Лицейліктер күні минуттар бойынша жазылып қойылған: күннің бірінші жартысында – оқу, ал екінші жартысында – өзін-өзі дамыту. Лицейдің түйінді міндеттерінің бірі - шығармашылық ойлау тұрғысындағы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту болғандықтан, мұнда 13 қосымша білім беру бағдарламасы, 27 шығармашылық үйірме, қызығушылықтар бойынша әуесқойлық бірлестіктер мен клубтар қызмет етеді. Бастапқы әскери және технологиялық дайындықтар шеңберінде практикалық міндеттер ҚР ӘК Құрлық әскерлері әскери институтының оқу орталығы базасында шешіледі. Мұның бәрі көшбасшылық қасиеттерді, сенімділікті, тәртіптілік пен ұйымшылдықты тәрбиелеуге көмектеседі.

Спорттық дайындық үшін лицейде қажеттінің бәрі бар: спорттың барлық түріне арналған көпфункциялы спорт залы, бокс, күреспен айналысу залдары, жаттығу залдары, 25-метрлік бассейн. Жазғы спорттық база футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңшаларын, керемет гинастикалық қалашықты, әскери кедергілер алабын қамтиды.

Заманауи аппаратураға, толық үрмелі оркестр мен вокалды-аспапты ансамбль құрамына ие 215 орындық көрермендер залы, 20 мыңнан аса кітаптар данасынан тұратын ерекше кітапханалық қор бар. Лицей аумағында дербес медициналық орталық жұмыс істейді.

«Арыстан» лицейінде оқығаннан бері менің ұлым қатты өзгерді. Оқуға түскенге дейін одан үйде қарпайым қоқысты шығаруды сұрасаң, тіл ала қоймайтыны есімде. Әлі де болса естияр жасқа жетпегені көрініп тұратын. Ал мұнда бар-жоғы бір жыл оқығаннан кейін каникулға келгенде өзгергенін байқадым. Жинақылық, есейгендік, дербестік пайда болыпты. Қазір бұрынғыдай көмектесейін десем, «Мама, мен өзім!» дегенін ғана естимін»,- дейді 10-сыныптағы лицейлік Кәкімжан Айдардың анасы Салтанат.

Алуан түрлі елдердің білім беру, әскери саласы өкілдері, іскер азаматтар, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері – лицейге қонақ ретінде шақырылады. Лицейде әлемдік әскери элита: ОДКБ, ВВС Ресей Федерациясы ӘҚК, АҚШ әскери академиясы (West Point) және Үндістан әскери колледж делегациялары, таяу және алыс шетелдер әскери атташелер де болды. Мұндай кездеулер мен қызықты бас қосулар есте ұзақ сақталып, болашақ офицерлердің ой-өрісін кеңейтеді әрі ынталандырады.

«Лицейдегі алуан түрлі оқиғаларға толы спорттық өмір саламатты өмір салтын қалыптастырып, жеңіске ерік-жігерді шыңдайды, әскери жоғары оқу орындарына түсу барысында дене дайындығы бойынша нормативтерді сәтті тапсыруға көмектеседі. Ал әлем чемпиондарымен, батырларымыз – ұлы спортшылар: Үшкемпіров, Сапиев, Тұрлыхановтармен кездесулеріміздің өзі неге тұрады... Олардан күш-қуат алып, дәл солар сияқты болғымыз келді. Кез келген мақсатымызға жете алатынымызға сенім туғызды. Қазір де мақсаттарға қол жеткізуде көмегін тигізуде»,- деп бөлісті 2021 жылғы лицей түлегі Шахмұрат Атбакиев.

Осы 10 жыл ішінде лицей қабырғасында 717 жас жігіт оқудан өтті. ҰБТ бойынша орташа ұпай 90 және одан да жоғары. Жыл сайын лицей білім алушылары алуан түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына қатысады және әрдайым жүлделі орындарды иеленеді. Тоғыз рет ұшырылған түлектер ішінде отыз бесі ерекше үлгідегі аттестат алды, он алты адам «Алтын белгі» өңірбелгісімен бітірді, оның жетеуі бұл құрметті белгіге мерейтой жылында лайық деп танылды.

Лицейдің өзіндік дәстүрлері мен салт-жоралғылары бар. Ант, Ар-намыс кодексі, әнұран – оқу мен лицейліктер өмірінің моральдық-адамгершілік мазмұнын анықтайтын атрибуттар. Әскери бөлімдердегі сияқты, эмблемаға ие, «БОРЫШ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК!» деп жазылған өзіндік туы да бар.   Бұл сөздерде лицейліктердің негізгі ұстанымдары мен өмірлік кредосы тұжырымдалған.

Қамқорлық кеңесінің төрағасы Тимур Құлыбаев арыстандықтардың туған лицей дәстүрін қызғыштай қорғап, достық, әскери бауырластық және өзара көмек идеалдарын құрмет тұтатындарын атап көрсетті.

«Бұл жерде жалпыға ортақ жолдастық рух, ұрпақтар сабақтастығы, Отан тарихына қамқор қатынас орын тепкен. Осы жоғары ұстанымдар, оқытудың қайталанбас әдістері мен әскери дағдылар арқасында «Арыстан» тәрбиеленушілері тамаша білімдері мен үздік дайындықтарын паш етеді. Түлектер Қазақстанға абыроймен қызмет етеді, мемлекет пен қоғам игілігіне табысты еңбек етеді, өз ұшқан ұясына шынайы сүйіспеншілігін, тамаша оқытушылары мен командирлеріне құрметін сақтайды, арыстандықтар атағын абыроймен алып жүреді», – деді Тимур Құлыбаев.

Биыл Қамқорлық кеңесі мен Түлектер ассоциациясының бастамасы бойынша Қазақстанның әлеуетті құрылымдарында қызмет етіп жатқан үздік түлектер марапаттар алды. ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Ұлан, Шекара қызметі, ҚР ТЖ бойынша министрлігі және ҰҚК-ның он сегіз офицері ассоциацияның құрмет белгілерін, алғыс хаттарын, материалдық көтермелеулерін иеленді. Лицейге оның құрылтайшылары автомобиль мен жайлы автобус сыйлады.

Лицеймен қоштасу күні әрбір арыстандық үшін қымбат күн. Алаңдағы салтанатты сап түзеу кезінде түлектер аттестаттар мен өңірлік белгілер алды. Бұл ұмытылмас күні түлектер дәстүр бойынша ағаш отырғызып, келешек ұрпаққа тілек жазылған уақыт капсуласын орнатты.

Барлық жаңалықтар