- Басты
- Жаңалықтар
- Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
Қарулы Күштерде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрілігінде өткен аппарат кеңесінде алдағы кезеңге тапсырмалар белгіленді.
Қорғаныс ведомствосының басшысы мереке күндерінің қорытындылары туралы лауазымды адамдардың баяндамаларын тыңдады. Қорытынды барысында жауынгерлік даярлық, әскери объектілердің диверсияға қарсы қауіпсіздігі, сондай-ақ әскери тәртібтің қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.
"Бас қолбасшылар 2020 жылдың желтоқсан айының соңында біткен мамандық жөніндегі даярлық нәтижелері және бөлімдердің үйлесімділігі басталғаны жөнінде айтты. Бас штабқа сабақтарды өткізу сапасын, жеке құрамның білімді толық меңгеруін және қажетті дағдыларды қалыптастыруды бақылауын ұйымдастыру тапсырылды. Әскерлерді даярлау кезінде формализм мен немқұрайлылыққа жол бермеуге назар аударылды", делінген хабарламада.
Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына әскери қызметшілердің қатысуы туралы мәселе жеке қаралды. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев бұл ел тағдыры үшін жауапты және маңызды іс-шара екенін атап өтті. Сондықтан әркімге өзінің азаматтық ұстанымын танытуға, дауыс беруге қатысуға мүмкіндік беру керектігін айтты.
Қарулы Күштердің офицерлері, келісім шарт бойынша әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдары сайлауға тұрғылықты мекенжайы бойынша қатыса алады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери оқу орындарының курсанттары үшін Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде 19 сайлау учаскесі құрылған.
Қорғаныс ведомствосының басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескере отырып, бұл учаскелерге сенім білдірген тұлғалар мен байқаушылар жіберілуі мүмкін. Қорғаныс ведомствосының басшысы дауыс беру барысында «Сайлау туралы» заңды қатаң қадағалау, сонымен қатар жеке құрам арасында құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті сақтау қажеттігін атап өтті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер