• Басты
  • Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма
21 Тамыз, 2020 16:12

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма

Бүгін астанада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу үшін қандай құжаттар қажет, талаптары қандай, тіркеу мерзімінің ұзартылуы жөнінде баяндады. Оның сөзінше, тіркеу шарты қарапайым, сонымен бірге тіркеу уақыты ұзартылуы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма

Қазіргі уақытта Қазақстанда Армениядан 11 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Мемлекет басшысының Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ел үкіметі Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеудің тетіктерін әзірлеген болатын. 20 мамырда үкіметтің қаулысы қабылданып, онда аталған көлік құралдарын тіркеудің нақты тәртібі белгіленді. Серік Түсіповтың айтуынша, тіркеу шарты қиын емес. Еске салайық, тіркеу 1 маусымда басталды.

«Бүгінде тіркеу шарттарына сәйкес келетін 14 мың көліктің 11 мыңға жуығы тіркелген. Күн сайын 400-ден астам автомобиль тіркеледі», - деді комитет төрағасының орынбасары.

 

Көліктердерді тіркеу шарттары қандай

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, автокөлікті тіркеу үшін тіркеу жарнасын төлеу керек. Тіркеу жарнасы - 12 мың теңге. Оның ішінде тіркеу алымы үшін – 695 теңге, техникалық паспорт үшін – 3 473 теңге және мемлекеттің нөмір 7 778 теңге тұрады.

«Жеке басын куәландыратын құжаттар мен нотариалды куәландырылған көлік құжатын аудармасымен бірге тапсыру қажет. Сонымен бірге Арменияда автомобильге берілген тіркеу куәлігі мен мемлекеттік нөмірді белгісіз мерзімсіз сақтауға тапсыру керек», - деді Серік Түсіпов.


Құжаттарды қайда тапсырады

Дайын құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына апарып тапсырады. Төраға орынбасараныңы айтуынша, азаматтарға ыңғайлы болу үшін ХҚКО жұмысы алдын-ала броньдаусыз және демалыс күндері де ұйымдастырылады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мқрағатында Арменияда берілген техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер сақталуда. Сақтау мерзімі шектеусіз, азаматтар бұл құжаттар мен нөмірлік белгілерді алғашқы өтініш бергеннен кейін алуға мүмкіндігі бар.

«Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының пайдалану мерзімі шектеусіз.Бұл көлік иелерінің қалауына байланысты. Егер азамат өз көлігін тіркеуден шығарғысы келсе, ол көлік салығын төлеп, қазақстандық нөмір мен тіркеу куәлігін тапсыруы керек. Кейін мұрағаттағы Арменияның тіркеу куәлігі мен нөмірән ала алады», - деп толықтырды ол.


Көліктерді тіркеу мерзімі ұзартыла ма

Комитет төрағасының сөзйіне сүйенсек, Армениядан келген көліктерді тіркеу мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Еске салайық, негізнен биыл 1 қыркүйекке дейін тіркелуі керек болған. Алайда қазіргі таңда қазақстандықтардан түскен өтініштер мен Техникалық реттеу және метрология комитетімен қайта жабдықталған көліктерді тіркеу үшін әстеліп жатқан жұмыстарды ескеріп, автомобильдерді тіркеу мерзімі ұзартылуы мүмкін.

 

Рөлі оң жақтағы көліктерді тіркеу

Серік Түсіповтың сөзінше, 2009 жылдан бастап Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді тіркеуге тыйым салынғандықтан, Армениядан әкелінген көліктер де тіркелмейді. Бұл тыйым «Жол қозғалысы туралы» заңда мен Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде көрсетілген.

«Бұл Армениядан да, басқа елдерден де жаңадан әкелінген барлық автомобильдерге қатысты», - деді комитет төрағасының орынбасары.
Барлық жаңалықтар