• Басты
  • Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды
24 Қыркүйек, 2019 11:54

Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды


Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Арменияның Ұлттық жиынының төрағасы Мирзоян Арарат Самвеловичпен кездесуі өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz.
Армения Қазақстанның ұлттық саясатын жоғары бағалайды | Strategy2050.kz

Армения Республикасының делегациясының құрамында Ұлттық жиын депутаттары, Қазақстандағы Армения Елшілігінің өкілдері болды. Екіжақты ынтымақтастық кездесу барысында Жансейіт Түймебаев мәртебелі меймандарды Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымымен, қызметінің мақсатымен таныстырды.

Сондай-ақ, этностар мен ұлттардың мәдени құндылықтарын дамытуға, тілін, тұрмыс салтын сақтауға барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті. Жансейіт Қансейітұлы Ассамблея тарапынан екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты дамытып, нығайта түсуге үлес қосуға әзірлік танытты.

Өз кезегінде Армения Ұлттық Жиынының төрағасы Арарат Мирзоян мұндағы Армения қауымдастығының жұмысымен танысқанын және Қазақстан тарапынан аз ұлттардың дамуына жасалып отырған мүмкіндікті жоғары бағалайтындықтарын айтты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды