• Басты
  • Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі
23 Маусым, 2020 10:19

Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі

ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы, ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы «Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу туралы» мәлімет берді.

Қарапайым санитарлық шараларды сақтау – вирусты азайтуға көмектеседі

23 маусымға келіп түскен мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 28 856-ға жетті. Оның ішінде 18 231-сі коронавирустың симптомды түрін жұқтырған, ал, 10 625-сі COVID-19-дың симптомсыз түрін жұқтырды.

ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Серікбайқызының мәліметінше өткен аптада 7 840 қазақстандықтың COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 2 921 адамда, яғни, 37 пайызында симптом бар. 4 917-сінде симптомсыз, бұл осы аптадағы барлық жұқтырғандардың 63 пайызы. Көрсеткіш алдыңғы аптамен салыстырғанда 4 есеге өскен. Өткен аптада Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, СҚО, БҚО, Жамбыл облыстарында COVID-19 жұқтырғандар саны 2 еседен 6 есеге дейін өсті. Сондай-ақ, Алматы, Атырау, ШҚО, Маңғыстау облысы және Нұрсұлтан қалаларында вирус жұқтырғандар саны 20%-дан 50%-ға дейін өсті.

Бас санитарлық дәрігер Алматы, Шымкент қалалары Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аурудың өсуі байқалмағанын айтты. Жалпы ауру жұқтырғандардың 37 пайызы науқастармен байланыста болған. Ал, 38 пайызынан профилактикалыө тексеру кезінде вирус анықталды. 25 пайызы ЖТ респираторлық инфекциямен ауыратын пациенттерден табылды. COVID-19 вирусын жұқтырғандардың 127-сі қайтыс болып, 11 158 адам емеделіп шықты.

«Анықтауымыз бойынша, вирус жұқтырғандардың басым бөлігі науқастармен байланыста болғандар. Бір ескертетінінім, вирус ауа-тамшылары және науқаспен байланыста болу арқылы жұғады. Құрметті, отандастар аурудың санын азайту үшін белгілі бір ережелерді сақтауымыз керек. Сондықтан, сақтанатын қарапайым қағидалар бірнешеу. Адамдармен араласқанда бір метр арақашықтық болуы керек. Кез-келген жабық ғимаратта маска тағуға тиіспіз. Қазір көбісі масканы дұрыс тақпайтынын байқаймыз. Көпшілік халықтан масканы иегіне тағып алғанын байқаумыз. Сіздердің иектеріңізге таққан маска – ешқандай вирустан қорғамайды. Маска мұрын мен бетті жауып тұруы керек. Масканы таққаннан кейін қолмен ұстауға болмайды және үнемі қолдарыңызды жуып жүріңіздер », - деді Серікбайқызы.

Сондай-ақ, ол наурыз айында Қазақстанда коронавирусты анықтайтын 34 зертхана болған айтып өтті. Ал, қазір олардың саны 56-ға жеткен. Наурыз айынан бері қазақстандықтардан 1,4 миллион ПТР тесті алыныпты.

Коронавирустың өзіне тән клиникалық белгісі: мұрын иіс сезбей, тіл дәм сезбей қалады

Коронавирустың клиникалық көрінісіне келетін болсақ, вирус адам ағзасына кіргеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады. Ол дегеніміз ауру адам ағзасына еніп, молая бастайды. Бұл процесс әдетте 14 күнге созылады. Сол себепті ауырған адам 14 күнге шейін оқшаулануы керек деген нұсқаулығымыз шыққан. Аурудың қай күні басталатыны адам ағзасына, оның иммундық жүйесіне байланысты. Ауру адам ағзасына толық бес күнде таралады. Оның басқа ауруға тән клиникалық белгілері бар. Алайда коронавирустың өзінің жеке клиникалық белгісі, ол: мұрын иіс сезбей, тіл дәм сезбей қалады. Осындай көрсеткіштер вирусқа тән.

«Кейбір адамдарда жөтел аз, дене қызбасы болмауы мүмкін. Аурудың жеңіл, ауыр, орташа түрі де бар. Сау тасымалдаушылар да жиі кездеседі. Жалпы зерттеу науқастардың 80 пайызында аурудың жеңіл түрі кездесетінін анықтады. Олар көбіне сау тасымалдаушылар болып келеді. Сондықтан да аурудың орташа я жеңіл түрін жұқтырғандар үйінде емделгені дұрыс. Өйткені қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Коронавирус диагнозы қойылғанды шошымаңыздар. Қорқатын ештеңесі жоқ. Ол қазір тұмау сияқты тарап кетті», - деді ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы.

COVID-19 анықталғаннан кейін не істеу керек?

ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы диагноз қойылғанда қобалжымай, ең алдымен науқас оқшаулану керектігін айтты.

«Басқа адамдармен араласпай, санитарлық  нормаларды ұстану керек. Күнде хлормен үйді жуып, тазалаған жөн. Антисептик қолданып не болмаса, сабынды судың өзі вирусты жоюға жақсы көмектеседі. Дене қызуыңыз көтерілсе, ол аурумен күресіп жатыр деген сөз. Организм аурумен күресіп, үш күндей температура болуы мүмкін. Организміңіз шыдап көтере алатын болса, дене қызуында тұрған ештеңе жоқ. Тек, көп мөлшерде жылы су ішіп, күш болуы үшін дұрыс тамақтануға тиіссіз. Тамақ күш беретін, дұрыс тамақтану, шомылмай, басқа жерге қыдырмай, үйде қалып, вируспен күресетін жағдайды ойлауыңыз керек. Ештеңе етпейді деп елемей ауруды асқындырып алмау керек. Күтінсеңіз аурудығ беті қайтып. Аман-есен емделіп шығасыз», - деді ол.

Коронавирус 60 жастан асқан адамдар үшін қауіпті

Динагүл Аяпбекқызы қазіргі таңда вирус тұмау сияқты жаппай таралып кеткенін айтып, созылмалы ауруы жоқ адамдар үшін қорқатын ештеңесі жоқ екендігін ескертті. Санитарлық нормаларды сақтап, өзінің тіркелген поликлиникасындағы дәрігерінің нұсқауы бойынша жүйелі ем-шараларды жасап, вирусты жеңіп шығуға болады. Алайда бұл вирус адамдардың кейбір топтары үшін өте қауіпті. Мәселен,  алпыс жастан  асқан, созылмалы ауруы бар, оның ішінде жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек сырқатымен ауыратындар үшін вирус өте қауіпті. Семіздігі бар адамдарда да вирустығ ауыр өтетіні анықталды. Сонымен қатар қант диабетімен ауыратындарды да вирус белгілі бір тіуекелге әкеліп соқтырады.  

Коронавирусқа қарсы жапон дәрісі Қазақстанға әкелінеді ме?

ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Баешева Динагүл Аяпбекқызы вирусқа қарсы хиналин тобы дәрілері, антиретра тобы дәрілері және ауру мен ағзаның ерекшелігіне сәйкес потогенетикалық дәрілермен емделетінін айтты. Сонымен қатар ол, ҚР ДСМ протоколы бойынша дүниежүзілік сақтау ұйымының нұсқаулығына, еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып емдеу жүргізілетінін жеткізді. Жақында Жапония өздері шығарған Вапипиравир дәрісін клиникалық тексерістен өткізіп жатқан көрінеді. Біз де өз елімізде ол дәріні клиникалық тексерістен өткізгеннен кейін қолдану жоспарда бар. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды