- Басты
- Жаңалықтар
- Арандатуға ермей, барынша сабырлы бола білейік - Г.Шиповских
Арандатуға ермей, барынша сабырлы бола білейік - Г.Шиповских
10 Ақпан, 2020 15:22
Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жәйт өзекті өртейдi. Сол келеңсіздікте қаза болған жандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық қазақстандықтарды сабырлыққа шақырғым келеді. Бұл туралы Қордайдағы жағдайға қатысты пікірінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповских мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлiмдеме жасағанын білесіздер. Бұл оқиғаға қатысты кінәлі тұлғалар анықталып, заңға байланысты өз жазаларын алатын болады. Арнайы комиссия құрылып, бұл жайсыздықты толық бақылауда ұстап, өз шешімдерін шығармақ. Еліміздің басты байлығы – ұлттар бiрлігі екенін ұмытпайық, Елбасының бейбітшілік пен татулықты ту еткен саясатының арқасында осындай бейбiт күнді кешіп келеміз емес пе?! Ел бірлігінің сақталуына, дәріптелуіне Қазақстан халқы Ассамблеясының да қосып жатқан үлесі бар. Осы секілді оқиғаларды тудыратын арандатушыларға жол бермеуіміз керек. Еліміздің айрандай ұйыған ауызбiршілігін бұзуға мүмкіндік бермеуіміз қажет», - деді депутат.
Сондай-ақ, Г.Шиповских барлық қазақстандықтарды сабырлы болуға шақырды.
«Осы жағдайды ескере отырып, қайта орын алмауының барлық амалдарын жасауға тиіспіз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда, бірлігімізді, бейбітшілігімізді бұзушылардың, ел iшіне іріткі салушылардың арам пиғылын кесе көлденең кесіп отырған абзал. Тәуелсіз Қазақстан шаңырағының астында қазақ, өзбек, орыс секілді жүзден аса ұлт-ұлыстар баянды ғұмыр кешіп келеді.Ол біздің бiрлігіміздің, ынтымағымыздың арқасы! Сол себепті арандатуға ермей, барынша сабырлы бола білейiк», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Тоқаев: Болашақ – технология мен инновацияның еншісінде -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы