• Басты
  • Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы

Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы

21 Мамыр, 2021 18:21

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтты, деп хабарлады, Strategy2050.kz тілшісі.


Коронавирустық пандемия кезінде қабылданған шаралар

Жеңіс Қасымбек мәлім еткендей, 21 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 28 222 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта 4899 инфекциялық төсек орын пайдаланылуда. Олардың толымдылығы 36% - дан аспайды.

«Облыстың стационарлары мен емханаларында дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының үш айлық көлемі қамтамасыз етілген. 5 897 медицина қызметкері жұмылдырылған. Облысымызда барлық қажетті медициналық жабдықтар бар. 26 компьютерлік томография бар», - деді ол.

Әкім берген есепке сәйкес, қазіргі уақытта облыста вакцинациялау белсенді жүргізіліп жатыр. Бірінші компонентпен 150 525 адам вакцина салдырса, екінші компонентпен 84 472 адам салдырыпты. Вакцинациялау науқаны басталысымен дәрігерлер, мұғалімдер, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері екпе алған.

«Қабылданып жатқан шаралар таяу уақытта жағдайды тұрақтандырады деп санаймыз.Жалпы, медицинаны дамытуға көп көңіл бөлінуде. Биылғы жылы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр», - деп айтты әкім.

Қарағанды әкімі хабарлағандай, жақын арада екі жаңа қосалқы жедел жәрдем станциясы жұмысқа кіріседі. Маусым айында операциялық-реанимациялық блоктың және облыстық онкологиялық диспансердің жанынан Ядролық медицина орталығын (ПЭТ/КТ) при областном онкологическом диспансере ашу үшін ғимараттың құрылысы басталады. Сондай-ақ, облыстық балалар клиникалық ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

«Ауылдық жерлерде 32 фельдшерлік акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды. Олар үш жыл ішінде салынады», - деді ол.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Әкімнің айтуынша, облыстағы экономикалық жағдай тұрақты. Барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім байқалады.

«Өңдеу өнеркәсібінде өсім 3,6% - ға қамтамасыз етілді. Қара металлургияда өндіріс 15,7% – ға және түсті металлургияда 3,2% - ға ұлғайды», - деді ол.

«Арселор Миталл Теміртау» өнеркәсібіндегі өндіріс деңгейі 20,4 пайызға ұлғайды. Немесе 1171,3 мың тоннаға дейін өсті.

«Қазақмыс Корпорациясында» мыс өндірісі 138 мың тоннаға жетті. Әкімнің айтуынша, 2021 жылға қойылған жоспар 344,6 мың тонна.

Жеңіл өнеркәсіптегі өсім 61,5 пайызға өскен. 27,3 пайыз резеңке мен пастмассалық заттарға тиесілі. Химия өндірісі 4,1 пайызды құрайды. Ал вармацевтика биыл 2,7 есе өсті.

«Қазіргі уақытта өңірге инвестиция тарту жолдары қарастырылып жатыр. Жыл қорытындысы бойынша кемінде 810 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз, оның 80% - дан астамы жеке инвестициялар. Өңірде бір мезгілде 2 трлн теңгеге 40 жоба іске асырылуда», - деді әкім.

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы

Ауыл шаруашылығының тұрақты өсімі 4,5 пайызды құраған. Әкім айтқандай, ауыл шаруашылығы саласына 29,1 млрд теңге бөліну жоспарда бар.

«Көктемгі егін егу жұмыстары басталды. Дәнді дақылдар, техникалармен толық қамтамасыз етілді. Дән егу жұмыстары 29 мамырда аяқталады. 2021 жылы жаздық егіс 1057,7 гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 мың гектарға көп», - деді ол.

Биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерін мемлекеттік қолдауға 16,1 млрд теңге жұмсалады деп күтілуде. Ал жеңілдікпен несие беру мөлшері 19,7 млрд теңгені құрауы тиіс.

Шағын және орта бизнестің дамуы

Жеңіс Қасымбек пандемия жағдайына байланысты шағын және орта бизнес саласы дағдарысқа тап болғанын айтты. Әсіресе сауда, қызмет көрсету саласы мен қоғамдық көлік көптеген табыстан қағылды.

Соған қарамастан, мемлекеттік қолдаудың арқасында шағын және орта бизнес саласындағы өнім шығару көлемі 7,1 пайызға өскен.

«Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде бұл сектордағы жұмыс орындарын сақтап қалдық. Ал облыста шағын және орта бизнесте тұрғындардың 35 пайызы жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5% - ға өсті», - деді ол.

Әкім айтқандай, «Ашық» жобасының көмегімен облыстағы 547 кәсіпорын жұмыстарын қайта бастап кетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

«Бизнестің жол картасы», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «ШОБ несие беру» сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясында 1016 бизнес жобасы іске асырылыпты. Бұл өңірдің экономикасы 67 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласының дамуы

4 айдың қорытындысы бойынша ірі өнеркәсіптік объектілердің құрылысы және тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің ұлғаюы есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 2,8% - ға өсті.

«Желтоқсан айында тағы да 662 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 пайызға көп. Алдағы 1 жылдың ішінде жыл сайын 1 млн шаршы метр деген көрсеткішке жетуді мақсат еттік»               

Әкім сондай-ақ жыл соңына дейін кезекте тұрған 2866 отбасын, оның ішінде кемінде 600 көпбалалы отбасын бюджеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланғанын да айтты.

Биыл жалпы қолданыстағы 1 335 шақырым автожол жөндеумен қамтылады. 5 мың жұмыс орны құрылып, 3 мыңнан астам мамандандырылған техника жұмылдырылады.

Ал өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5% - ды құрайды.

«Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады. Биыл жұмыспен қамту шараларымен кемінде 76 мың адам қамтылады», - деді ол.

Оның айтуынша, құрылыс саласынағы негізгі жоба «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізі. Осы жылдың соңына дейін Индустрия және инфрақұрылыстық даму министрлігі «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» автожолының төрт жолағын да салып бітіруді жопарлауда.  

Білім беру саласындағы даму

Пандемия кезінде білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде. Облыстың 505 мектебінде 204 мыңнан астам бала оқиды. Олардың 36%-ы штаттық форматта, 64%-ы қашықтан оқиды.

«Барлық оқу орындарында санитарлық тәртіп   барынша күшейтілді. Өткен жылы уәде еткендей, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап 1-2 сыныптардың барлық оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз еттік, қыркүйектен бастап тағы 3-ші және 4-ші сыныптарды қамтитын боламыз», - деді ол.

Өткен жылы мектептердің компьютерлік паркін толығымен жаңарттық. 56 мың дана компьютермен қамтамасыз етілді. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға 6 мыңға жуық роутер берілді.

Үш ауысымды оқыту және апатты мектептер мәселесін шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүргізілуде. Жазғы кезеңде 127 білім беру нысанына жөндеу жүргізіледі.

Экология саласының дамуы

Мемлекет басшысы өткен жылдың 23 қарашасында біздің өңірге сапары барысында Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларының экологиясы мәселелеріне назар аударды.

«Өткен жылы Экология министрлігімен бірлесіп Жол картасы бекітілді. Оны іске асыру таяу үш жылда шығарындыларды 30%- ға төмендетуге мүмкіндік береді. Облыстағы бірқатар ірі кәсіпорындарды газдандыру тиімді шешімдердің бірі болып табылады», - деді ол.

Жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштер

Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрайды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 0,4% - ға төмен (РК – 4,9% за 1 квартал 2021 г).

«Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін мемлекеттік бағдарламалардың барлық әлеуеті пайдаланылады. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2020 жылы 5,6 млрд. теңге бөлінді», - деп айтты Жеңіс Қасымбек.

Жыл басынан бері Жұмыспен қамту органдарына шамамен 14 мың адам (13 900) жүгінген. Оның ішінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды (10725).

Жұмыспен қамту шараларымен кемінде 76 мың адам қамтылатын болады. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады.

Барлық жаңалықтар