• Басты
  • Қарағанды облысында МӘМС қалай енгізіліп жатыр
18 Қараша, 2019 11:42

Қарағанды облысында МӘМС қалай енгізіліп жатыр

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын және Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет екендігін және қателесуге құқық жоқ екенін атап өтті. Осыған орай, Үкімет отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қарағанды облысында МӘМС қалай енгізіліп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 1 қыркүйектен бастап Қарағанды облысында медициналық сақтандыру пилоттық түрде іске қосылғанын айты.

«Бюджеттен қосымша 2,3 млрд теңге бөлінді: консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін жоғарылатуға 1,7 млрд теңге, медициналық оңалтуды кеңейтуге 600 млн. теңге, 2,1 млн. астам адам өзектендірілді. 600 мыңға жуық адамның мәртебесін сәйкес келтіру қажет.Болжамды халықтың 88,1% сақтандырылған: 10,0 млн. адам жеңілдікті санатқа жатады,5,4 млн. жалдамалы қызметкер,0,7 млн жеке кәсіпкер,0,2 млн бірыңғай жиынтық төлем төлеуші,қалған азаматтар 12% - дербес төлеуші ретінде жүйегеқатыса алады», - деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ, ТМК жаңа моделі мен МӘМС пакеті медициналық көмектің үш деңгейлі жүйесін енгізуді көздейді. 

«МӘМС пакетінде сақтандырылған тұрғындары ТМК КК қоса, қосымша медициналық көмек ала алады.Медициналық сақтандыру енгізілген уақыттан бастап әр сақтандырылған тұрғынға жұмсалатын шығындардың көлемі 57,5%-ға ұлғайып 87,3 мың теңгені құрайды», - деді министр.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, 2020 жылға МӘМС төлемдерінің мөлшері   дербес төлеушілерге – айына 2 125 немесе жылына 25 500 теңге, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге: қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2 651 теңге) немесе жылына 31 812 теңге, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1 326 теңге) немесе жылына 15 912 теңге болады. 

«Жеңілдікті 3 санат бойынша – Білім, Әділет және Еңбек министрліктерінің ақпараттық жүйелері арасындағы интеграцияны 1 желтоқсанға дейін аяқтау қажет (балалар – 5,9 млн.адам, студенттер – 340 мың адам, 3 жасқа дейінгі баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған адамдар - 216 адам, мәліметтер толық берілмейді).Тарифтердің өсуі медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Келесі жылы дәрігерлердің еңбекақысы 30%-ға және орта медицина персоналының еңбекақысы 20%-ға, ал 2025 жылға қарай қазіргі еңбекақымен салыстырғанда 2 есеге ұлғаяды», - деді Е.Біртанов.  

Сонымен қатар, медициналық қызмет тарифтерінің көлемі 2025 жылға дейін 65% пайызға ұлғайтылатын болады. 

МӘМС енгізу ағымдағы «қалта» шығындарын 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге төмендетуге мүмкіндік береді. 

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыста қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді.

«Барлық медициналық ұйымдар бірыңғай ақпараттық кеңістікке тіркелген және республикалық жүйелермен интеграцияланған. Емханаларға тіркелген әрбір тұрғынға электрондық паспорттар жасалды. МЖӘ шарты шеңберінде спутник, интернетке 37 нысан қосылды. Жылдың соңына дейін тағы 45 нысан спутник арқылы қосылатын болады. Біз МЖӘ-ні барынша пайдалана отырып, тығыз аудандарда жаңа емханалар аштық. 4 емхана ашылды, жыл соңына дейін тағы 7 емхана ашылады», - деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар, аймақ басшысы айтып өткендей, МӘМС пилоттық нәтижелері облыс халқының өмір сүруіне қолайлылық туғызып жатқанын айтты.

Ал Премьер-Министр Асқар Мамин медициналық мекемелер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылуы керек екенін атап өтті.

«Елбасы Н. Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшуге толық дайындықты қамтамасыз ету міндетін қойды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін ескертті. Онымен барлық қазақстандық қамтылуы тиіс. Ол үшін барлық деңгейдегі медициналық мекемелер қажетті ақпараттық жүйелерге қосылуы керек. Әрбір азаматтың деректері жаңартылуы тиіс», — деді А. Мамин. 

Премьер-Министр МӘМС енгізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесін оң бағалап, Қарағанды облысының бұл тәжірибесін басқа өңірлер де ескеруі қажет екенін айтты.

Үкімет басшысы осы жылдың соңына дейін медициналық ұйымдардың МӘМС іске қосуға толық дайындығын қамтамасыз етуді, тұрғындар туралы деректердің толық жаңартылуын аяқтауды және балалар, студенттер мен үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған, жұмыссыз азаматтар бойынша ақпараттық жүйелердегі деректердің дәлдігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды