• Басты
  • Қарағанды облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
22 Қараша, 2019 11:30

Қарағанды облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Қарағанды облысының әкімдігінде азаматтарды қабылдау күні өтті. Облыс басшысына өңірдің тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Тілек білдіруші азаматтардың барлығы Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

Тұрғындардың басым бөлігі өңірдің бірінші басшысынан жұмысқа орналастыру, үй алу және жеке сипаттағы мәселелерін шеуге көмектесуін сұрады. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу секілді тақырыптар қозғалды.

Мәселен, Фин кентінің тұрғыны Нина Лапушкина Жеңіс Қасымбектен аудандағы жолдардың жағдайына назар аударуды сұрады.

"Кенттің бас көшесі болып табылатын Шаумян көшесінде асфальт жоқ. Онда жүру өте қиын, ал көктемде және күзде балшықтан өту тіптен мүмкін емес. Жарық жоқ, кенттегі көшелер қараңғы",- деді ол өз сөзінде.

Облыс әкімі кенттің бас көшесін абаттандыру үшін қаржыландыру көздерін табуға уәде берді. Сондай-ақ ол 2020 жылы Қарағандыда көше шамдарын орнату және қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Алдын ала есептеу бойынша, қазір қалада 600-ден астам қараңғы көше бар.

"Көгілдір тоғандар" шағын ауданының тұрғыны да өңір басшысына абаттандыру мәселесі жөнінде өтініш білдірді. Ол облыс әкімінен орамішілік жолдарды асфальттау және "жасырын полицейлер" орнатуға қатысты көмек көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы облыс орталығындағы аулалар 2018 жылдан 2020 жылға дейін үш жылға бекітілген кесте бойынша жөнделетінін мәлімдеді. Тек биылғы жылдың өзінде "Көгілдір тоғандар" шағын ауданында № 4, 6, 11, 12, 13 жіне 14-ші үйлердің аумағы жөнделді, "Инсар" дүкенінен Восток-5 шағын ауданына дейін баратын, және "Толағай" балабақшасының жанынан өтетін орамаралық жол жөнделді.

Сондай-ақ азаматтардың көбісін тұрғын үй алу мәселесі толғандырды. Аймақ басшысы қазіргі таңда жоспар жасалып, бекітілгенін, және де соған сәйкес 2020 жылы облыста 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін, оның 400 мыңы Қарағандыда орналасатынын мәлімдеді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 578 көп балалы отбасы мен 1339 адамды жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республика бойынша өтті. Сұрақтарға облыс, қала және аудан әкімдері, ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, басқармалардың, департаменттердің, бөлімдердің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жауап берді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды