• Басты
  • AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды

AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды

25 Наурыз, 2021 17:33

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «AntikorLive» жобасының эфирінде Азия Даму банкінің өкілі Чолпон Мамбетовамен онлайн  сұхбат өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекші халықаралық ұйымдардың бірімен диалогының негізгі тақырыбы АДБ қабылдаған парасаттылықты қалыптастыру шаралары болды. Спикер Шотландияның Эдинбург қаласынан байланысқа шықты.

Соңғы 26 жыл ішінде АДБ Қазақстанға көлік және қаржы секторларына, ауыл шаруашылығына және жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау арқылы қаржыландыруға, техникалық жәрдемдесуге және білімді қолдауға көмектескенін атап өткен жөн.

Осылайша, АДБ Қазақстанға жаһандық көлік желілеріне интеграциялануға, инвестициялар тартуға және жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі.

Сұхбат барысында Ч.Мамбетова іскерлік этика мен парасаттылық қағидаттарын бұзатын серіктестерге қатысты АДБ қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Осылайша, АДБ-ның «адал емес» серіктестеріне халықаралық компанияның «қара тізіміне» ену қаупі төнеді.

Сонымен қатар, спикер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету жөніндегі қызметіне қатысты пікір білдірді.

«Біз Қазақстанның атынан Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды халықаралық сахнада белсенді және табысты түрде насихаттайтынын жиі көріп отырмыз. Шын мәнінде, Орталық Азияның барлық елдері арасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде өте белсенді және жылдам алға басуда. Осы тұрғыдан алғанда, басқа елдер сіздердің тәжірибелеріңізден үйрене алады», - деп атап өтті спикер.

Барлық жаңалықтар