• Басты
  • Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды

Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды

6 Тамыз, 2021 16:26

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері, қосымша жазалау шаралары және өңірлердегі қызметтік тәртіп туралы баяндады. Оның мәліметінше, жыл басынан бері 921 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Сыбайлас жемқорлық: қылмыстық істер

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаровтың мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылдың 7 айында 921 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оның 725-і сотқа жіберілген.   Аталған қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталып, 101 адамға қатысты "күзетпен ұстау" және 26 адамға қатысты "үйқамақ" бұлтартпау шарасы қолданылған.

Тергеуші аталған кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша барлығы 520 адам сотталғанын жеткізді. Соның ішінде, 131 адам пара алғаны үшін, 222 адам пара бергені үшін, 12 адам делдалдық үшін 71 адам алаяқтық үшін, 35 адам ұрлық үшін, 35 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 9 адам билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін және т. б. сотталған.

«Бас бостандығынан айыруға – 151 адам, бас бостандығын шектеуге – 50 адам еселік айыппұлдарға – 308, еселік айыппұлдардың жалпы сомасына – 1,6 млрд.теңгеден астам (1 671 211 683 теңге) сотталды», - деді Данияр Бекайдаров.

Қосымша жазалау шаралары

Сонымен қатар, қосымша жазалау шаралары 597 адамға қатысты қолданылған. Оның айтуынша, бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін. Оның дерегінше, 492 адам - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, 99 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, мемлекеттік наградаларынан айырылған. Сондай-ақ, 6 адамның мүлкі тәркіленіп сотталған.

Тергеуші маусым айының өткен кезеңінде келесі үкімдермен таныстырып өтті.

Оның дерегінше, Өскемен қаласының № 2 сотының үкімі бойынша "Еңбек-Өскемен" РМК бас директоры Сұлтанбековке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуда. Сұлтанбеков шарттарға, орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойған және ақша қаражатын аударғаны үшін бірқатар кәсіпкерлерден шағын және орта бизнес субъектілерінен жалпы сомасы 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Әкімдік қызметкерлері карантин кезінде кәсіпкерлерден пара алған

Сондай-ақ, Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ізбасаровқа мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 млн. теңге сомасында айыппұл салынуда. Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Сүйінбековке ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы бойынша мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1,5 млн. теңге айыппұл салынады. "KIDS Park" балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Шілдебаев ҚК 367-бабы 2-бөлігі ойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 млн. теңге айыппұл салады.

Оның айтуынша, Ізбасаров пен Сүйінбеков "Kids Park" ойын-сауық орталығының әкімшісі Шілдебаевтың жалпы сомасы 200 мың теңге болатын алдау және сенімге қиянат жасау жолымен алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның ақшасын иемденген.

«Карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін Шилдебаева Тараз қаласы әкімдігінің аталған лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді. Алайда, Үкім заңды күшіне енбеді», - деді Данияр Бекайдаров.

Данияр Бекайдаровдың дерегінше, жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 567 ұсыныс енгізілген.

Тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке 429 адам тартылған

«429 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сөгіс – 151, қатаң сөгіс – 78, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 58, ескерту – 54, жұмыстан босату – 46, атқаратын лауазымынан босату – 33, лауазымын төмендету – 4, әкімшілік. жауапкершілік – 5 адам тартылды», - деді тергеуші.

Бақылаудың жоқтығы және заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін қарамағындағылармен тәртіптік жауапкершілікке әртүрлі буындағы 184 басшы соның ішінде, сөгіс – 67, қатаң сөгіс – 40, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 31, атқаратын лауазымынан босату – 18, ескерту – 17, жұмыстан босату – 8, лауазымын төмендету – 3 адам татрылған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен қызметкерлері еңбек ұжымдарымен 238 кездесу өткізіліп, онда 273 ұсыныс қаралған.

Атырау облысында қызметтік тәртіпті өрескел бұзғандар анықталған

Тергеуші соңғы уақытта орын алған агенттік қараған істерден мысал келтірді. Оның сөзінше, Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Атырау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен:

- қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты И. Керешов құқық қорғау органынан шығарылған;

- қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін Жылыой АІІБ жедел уәкілі полиция капитаны А. Алшынов құқық қорғау органынан шығарылған;

- қарамағындағы қызметкерлердің жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Жылыой АІІБ криминалдық полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ж. Таумұрынов атқарып жүрген қызметінен босатылған;

- Жылыой АІІБ бастығы полиция полковнигі Е. Досмағұлов қарамағындағылардың жұмысына тиісті ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту тәртіптік жазаға тартылған;

- Жылыой АІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Бимуханов қарамағындағылардың жұмысын тиісті ведомстволық бақыламағаны үшін қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылған.

Жиында Данияр Бекайдаров Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша атқарылған істерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының бұйрығымен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін бұзғаны үшін Ақтау қаласы бойынша МКБ басшысы А. Н. Ахметқалиев тәртіптік жауапкершілікке тартылып «қатаң сөгіс» алған.

Сондай-ақ ол ҚР ҚПК 200-б.тәртібінде енгізілген Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Ақмола облысы ПД бастығының міндетін уақытша атқарушы бұйрығымен атқарылған жұмыс түрлерін атап өтті.

- Көкшетау қ. ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Ч. А. Манатов тәртіптік жауапкершілікке тартылды – «сөгіс»;

- Көкшетау қ. ПБ бастығының орынбасары полиция капитаны Е. Е. Жұмажан тәртіптік жауапкершілікке тартылды – «ескерту»;

Әскери институттың жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық

ҚР ҚПК 200-б. тәртібінде жіберілген СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша Әскери институттың жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмыстағы елеулі олқылықтар үшін бірнеше шаралар қабылданған. Әскери институттың бастығы генерал-майор Б. С. Әбжановқа «сөгіс» жарияланған.

Институт бастығының, штаб бастығы- Әскери институт бастығының бірінші орынбасары міндетін атқару кезеңінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруда әскери институтқа нашар басшылық еткені үшін полковник И.Н. Сағандықовқа «қатаң сөгіс» жарияланған

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әскери институт офицерлерімен алдын алу жұмыстарын сапасыз жүргізгені және олардың әскери тәртіпті қатаң сақтауына төмен талап қойғаны үшін әскери полиция бастығы полковник Н.Қ. Жанболовқа «қатаң сөгіс» жарияланғанын атап өтті.

Барлық жаңалықтар